+1 дауыс
24.6k көрілді
Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух.

Остеохондроз ауруынан қалай елделуге болады? Осы аурумен қатты аурып жүрмін, бойым отырып бара жатыр, дәрігерге қаралғым келмейді. Сайтта отырған дәрігерлер көмектеріңіз қажет!

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Дәрігерлерге қаралғын келмейтіні жаман екен, сондада сайттағы дәрігерлерден көмек сұрап тұрсын.

Әлі де жүре тұр, жауап жазғым келмей кетті негізі, қатты ауырып бара жатсан дәрігерге жүгіріп барар едің, әлі де ауырту керек болғаны ма саған?! Радикулитке дейін асқынғана жүре бер онда! Гуглдатып ізде, радикулит остеохондроздың асқынуынан пайда болатын ауру көбіне, оны емделуін де онай болмайды сол кезде!

Остеохондроз омыртқа аралық дисканың қабынуы, себебі физикалық дұрыс қимлдамау. Кекпен шабатын бір шал айтып еді, менің остеохондроз болуым мүмкін емес, күн атысымен қара кешке дейін кекпен шабамын деп, кекпен шапса не болды екен, ол кезде омыртқалардың барлығы бірдей қимылдамайды.

Саған дәрігерге қарал деп айтасам да сен асқынғанша қаралмайтын сияқтысын, ең дұрысы сен ЛФК айналыс, бұны да гуглдан тауып ал, отжимание жаса күнде күнде, сол саған ем болады, отжиманиеде арқаның барлық бұлшық еті қимылдайды екен, обруч айналдыр күнде күнде, бос уақытың болды ма айналдыра бер. Сосын дәрігерге қаралмай қашан радикулитке асқынғаның күтіп жүре тұр!
Дәрігерге көрінсем үйдегілерім ауырып жүргенімді біліп қояма деп қорқам, себебі оларға уайым салғым келмейді, анамды қатты уайымдатқым келмейді, сау адам сияқты болып жүргім келеді. Жалпы сол айтайын дегенім және мен қалалық жерде тұрмаймын, тек 1 аурухана, сондықтан анам жұрттан естп біліп алама деп те қорқам. Дәрігерге қаралмағалы көп болды, Аллаға шүкір көп ауырмаймын, спортен айналысам,ең соңғы рет дәрігерге қаралғанда маған қатты айқайлап ұрсып тастаған, содан бері намыстанып бармаймын ше.
Сіз айтқан отжиманияны күнде жасаймын,жаңағы айтқанымдай спортпен шұғылданам.
Кеңесіңізге рахмет!
Белгісіз
–1 дауыс
Массажға барып массаж жасатып тұру керек сонда кетеді.

Остеохондроз  дегеніміз не? Остеохондроз — сүйек және шеміршектердің қабынуы. Остеохондроз туберкулез ауруынан немесе сүйектер мен буындарға іріңді инфекцияның түсуінен пайда болады. Ауыр дене еңбегі мен шағын жарақаттар және салқын  тиіп ауыру факторлары остеохондрозды асқындыра түседі. Бұндай ауруға шалдыққан адамдардың сүйектері мен буындары сырқырап ауырады. Әсіресе, омыртқааралық дискілерде дистрофикалық процесс жүреді. Науқастың жүріп-тұруы қиындайды. Көбінесе бұндай жағдай бел омыртқа остеохондрозында байқалады. Оны рентгендік диагностика арқылы анықтайды. Сүйектің пішіні өзгермес үшін науқасты қозғалтпай тыныш жатқызу керек. Ауырсынуды азайту үшін ауырған жерге жылу басып, қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер берген жөн. Жалпы, бұндай аурудан айығу үшін курорттарға барып емделіп, қара балшықты пайдаланған тиімді. Негізінде остеохондроз — сүйектердің буын араларына минералды тұздың жиналуы. Оның белгілері сан алуан. Остеохандроз мойын, кеуде бел омыртқалар бөлігін қамтиды.
рахмет!)
Белгісіз
0 дауыс
Остеохондроз ол тұз жиналу емес па?оған массаж жасасаң кетеді ғой.Сонда да дәрігерге көрінгенің дұрыс
тұз жиналу емес! Рахмет!)
Белгісіз
0 дауыс
Сен массаж жасатып қана қоймай, көп қимылдау қажет. Массаж жасатып болғасын жата берудің қажеті жоқ. Сондықтан көп қимылда. Спортпен айналыс.
0 дауыс
Мен массаж алғам, укол да алдым əлі де болса кете койған жок. Кей кездері жүрегім де кысылады. Кетонав, финолгон сиякты жакпамайларды жагамын. Оны коп жаккан зиян келтіреме?
осы ауру асқынған жағдайда журекті қысып ауырады екен мен бүгін білдім сол аурумен ауырғанымды кеуде омырткам ауыргасн ренгенге тустім  маган  спортпен айналысу керектигин айтты сосн жерге мулдем жатпау керектигин ескертти
0 дауыс

"Остеохондроз асқынып кетсе, адам мүгедек болуып қалуы мүмкін. Сол себепті оны уақытылы анықтап, нерв талшықтарының қажалуын тоқтату керек",- дейді невропотолог дәрігер. 

Остеохондроз қандай ауру? Одан қалай емделу керек? Бұл туралы №5 қалалық клиникалық аурухананың невролог дәрігері Асанова Маржан Шеризатқызы сұхбатында айтты. Толық ақпарат мына жерде

0 дауыс
Қазақта бір жақсы сөз бар Ауруын жасырған өлер деген негізі жақсы айтылған
0 дауыс
Остеохондрозды қытай медицинасының жаңа тәсілін Қазақстанға әкелген кісі бар.Сол адам өте жақсы емдейді.Нәтижесі керемет.

Тел. номері 87712659353
...