+2 дауыс
944 көрілді
Кейбір кісілер шай ішпесе басы ауырады дейді сол рас па? Және де шәйдің адам денсаулығына қандай кері әсерлері бар?
Иа,дурыс. Себеби олар абден уйренип калады гой.асиресе улкендер
Белгісіз

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүт қосылған қою шай дәрі-дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда удың бетін қайтарады.
Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы тамызылған қара және көк шай қоспаларының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, конъюктивит кезінде көзді жууға болады.
Жас шай жапырағының шырынымен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау — жүрек айнығанды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Шайды тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Таңертеңгілік және кешкі уақытта тіс тазалар алдында шай тұнбасымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.
Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді. Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады. Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды. Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет-алды іше берсең, шай өңіңді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады. Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды. Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.
Шай тұнбасы қан капиллярын бекітеді, жүйкені жақсартады.
Және де соңына ақпаратты қай жерден алдыңыз сол жайлы жазып кетсеңіз.
http://www.aktobegazeti.kz/?p=16093
0 дауыс
иа менің таңертең басым ауырады шай ішпесем, кері әсерін білмедім шай ішсем рахаттанып қалам әйтеуір )))))))))
0 дауыс
Иә кейбір адамдар шай ішпесе басы ауырады. Ал шәй қанның құрамындағы темірді азайтып жібереді. Зияны осы.

Ұқсас сұрақтар

...