+1 дауыс
8.9k көрілді
Хофитол дәрісін қай жер ауырғанда ішу керек?

1 жауап

+3 дауыс

Құрамы
5 мл ерітінді құрамында
белсенді зат - тазартылған дала артишогы жапырағының сығындысы  100 мг, 
қосымша зат -  тазартылған су 5 мл-ге дейін
                                                                                           
Сипаттамасы
20 мг/мл көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы
Өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған басқадай препараттар
АТЖ коды А05АХ

Фармакологиялық қасиеттері
Хофитол - жоғары дәрежеде тазартылған дала артишогы жапырағының сығындысы (Cynara scoiumus). Фармакологиялық қасиеттері дала артишогы жапырағының құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар жиынтығына негізделген. Цинарин феноқышқылдарымен бірігіп, өт айдайтын, сондай-ақ гепатопротективтік әсерге ие. Артишоктың құрамындағы аскорбин қышқылы, каротин, В1 және В2  витаминдері, инулин зат алмасу процестерінің қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Хофитол диурезді арттырады және несепнәрдің шығарылуын күшейтеді. Хофитол бауыр жасушасының коферменттерін өндірілуін жоғарлатады және липидтердің, холестирин мен кетондық заттардың метаболизміне әсер етеді. Уытсыздандыратын әсерге ие. Токсиндердің организмнен шығарылуына (сонымен қатар  нитроқосылыстарына, алколоидтарға, ауыр металдар тұзына) себепкер болады.  Жүргізілген зерттеулер Хофитолдың жүктілік кезіндегі патологияда кең мүмкіншіліктері бар екенін көрсетті. Жүктіліктің кеш гестозын және темір тапшылығынан туатын қаназдықта кешенді емге Хофитолды қосқан кезде, салдарлы созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушіліктің

...