Сайтқа кішігірім ұсыныс бар! [жабық]

+8 дауыс
423 қаралым
Мен өзімнің анкетама немесе басқа қолданушының анкетасына кіргенде тұрадығой Барлық сұрақтары, Барлық жауаптары деп, соның қасына Жақсы деп танылған жауаптары немесе Жақсы жауаптары деп қойса жақсы болар еді. Мен өзімнің жақсы деп танылған жауаптарымның санын артқанын көріп, қай жауабымды жақсы етіп таңдағанын білгім келіп іздеп отырмай, соған кіріп біле салар едім және басқа да қолданушыларға жақсы болады деген ойдамын. Қолдайсыздар деген үміттемін.
Сұрақтың жабылу себебі: уақыты өтіп кеткен далбаса
Жалпы сұрақ
Таппайтындарын жок))))))
жақсы ұсыныс екен ,ойыңмен мен де қосыламын))
негізі, дұрыс пікір. Сосын, әр қолданушының осы сайттағы қандай санаттарда ПӘК-і жоғары екенін білу мүмкіндігі болғандығы да, қай санатта өзіңнің көбірек жақсы жауаптарға ие болғандығың туралы  дұрыс болар еді. (ПӘК- пайдалы әрекет коэффициенті, мысалы менің жауаптарым 576, жақсы жауаптарымның саны 82, демек 82-ні 100-ге көбейтеміз, 576-ға бөлеміз, сонда менің ПӘК-ім 14,2% )
Бұл СЖ сайтын дұрыс білмей жүрген кездердегі жазғаным еді. Қазір қарап отырсам бұл ұсыныстың қажеті жоқ екен.

5 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Жақсы ұсыныс екен. +1 Бірақ, бұл жерге жазғаның дұрыс болмады. Алдымен админді құлағдар етуің керек еді. Әйтпесе админ тағы да ашуланады ғой.
"Админ тағы да ашуланады ғой." Неге тағы да??? И вообще жайша ашулана ма???
Кеше ғана бұндай сұрақтар қоймаңдар деп ескертті. Сондықтан айтып жатырмын...
+2 дауыс
Мен қосыламын, керемете ой! Осы іс жүзеге асса күшті болар еді. Сайт одан әрі ыңғайлы бола түсер еді.
+2 дауыс
Сайт біртіндеп дамып келеді ғой олда болып қалар!
Белгісіз
+2 дауыс
Негізі жақсы ғой, бірақ техникалық жағынан өте қиын жұмыс-ау деп ойлаймын
0 дауыс

Қолдаймын жақсы ұсыныс.

127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,705 қолданушы