+1 дауыс
8.1k көрілді
жқтб деген не екен? ЖҚТБ

3 жауап

0 дауыс
Бәрін толық мына жерден көре аласыз  http://yandex.kz/yandsearch?text=%D0%96%D2%9A%D0%A2%D0%91+&clid=1570628&tld=kz&lr=10291
0 дауыс
Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы ашылған уақыттан бастап шамамен 30 жыл өтті (1981 ж.). Осы уақыт ішінде ЖҚТБ бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясының тек қана медициналық мәселе болудан қалғанына біраз болды. Ол адам өмірінің барлық қырларын жанап өтті: саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және білім.
Қазіргі уақытта АҚТҚ-инфекциясы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тіркелген. Бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған.
ЖҚТБ-ны ағзаның иммундық (қорғаныс) жүйесінің өмірлік маңызы бар жасушаларды жоятын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ)тудырады.
АҚТҚ жұқтырған адамда аурудың белгілері бірнеше жыл бойы дамиды. Осы жылдар бойы ол кәдімгідей өмір сүруі мүмкін. АҚТҚ вирусы адамды аурулардан қорғайтын маңыздыбөлшек болып табылатын қанның ақ жасушаларын зақымдайды. Олар зақымдалғанкезде адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті бірден әлсіреп кетеді. Әдетте, сау иммундық жүйе оңай жеңетін «жеңіл» аурулар бұл жағдайда ауыр асқынулар тудыруы мүмкін.
Негізінен, инфекция жынысына қарамастан, көбіне жастар арасында көп таралады. АҚТҚ ауруды жұқтырған адамнан немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамнан жыныстық қатынас кезінде, «ауру жұқтырылған» ине, шприцтер арқылы есірткіні инъекциялық енгізу кезінде, сондай-ақ бөгде біреудің ұстарасын, татуировка жасайтын құралдарын қолданған кезде беріледі. Ауру жұқтырған адам өз баласын жүктілік, босану немесе емізу кезінде жұқтыруы ықтимал.
Қарсы тұру тапшылығы қоздырғышы ешкімді де аямайды. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастарға төнетін қауіп жоғары, өйткені олар көп жайттардан бейхабар болады және қауіпті әрекеттерге жиі барады. Көптеген жастар кәмелетке толмай жатып, жыныстық қатынасқа түседі. Оның үстіне, көбіне жасөспірімдер мен жастар ішімдік, есірткіні татып көруге әуес болады, ал бұл олардың өзін-өзі қадағалау қабілетін төмендетеді.
Есірткіні тамыр ішінен қолданатын адамдар мен бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін тұлғалар осы ауруға жиірек шалдығады. Олардың венерологиялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғары болады. Сілемейлі қабықшада пайда болатын ойық жаралар, жарылған жерлер, қабынулар АҚТҚ енуіне қолайлы жағдай тудырады. Нашақорлар көбіне бір шприцтіқолданады, осылайша ауру адамнан АҚТҚ-инфекциясы жұғады.
САНАЛЫ ІС-ӘРЕКЕТ ЖАСА ЖӘНЕ ӨЗ ІСІҢЕ ЖАУАПТЫ БОЛ
Негізінде бір жыныстық серігіңіз болсын. Кездейсоқ жыныстық қарым-қатынастарға бармаңыз. Жыныстық қатынасқа ерте түсу, жыныстық серіктердің көп болуы ЖҚТБ жұқтыру қаупін күшейтеді.
Серіктесіңізбен өзара сенімдеріңізді сақтаңыз.
Мүшеқапты дұрыс пайдаланыңыз. Бұл жұқтыру қаупін төмендетеді. Мүшеқапты кез келген дәріханада сатып алуға болады.
Ортақ ұстара, теріні және сілемейлі қабықшаны зақымдайтын басқа да құралдарды қолданбаңыз.
0 дауыс
АҚТҚ/ЖҚТБ – бүкіл әлемді толғандыратын мәселе
Мақалалар

Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы ашылған уақыттан бастап шамамен 30 жыл өтті (1981 ж.). Осы уақыт ішінде ЖҚТБ бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиясының тек қана медициналық мәселе болудан қалғанына біраз болды. Ол адам өмірінің барлық қырларын жанап өтті: саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және білім.

Қазіргі уақытта АҚТҚ-инфекциясы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде тіркелген. Бұл қауіпті вирусты жұқтырудан ешкім де сақтандырылмаған.

ЖҚТБ-ны ағзаның иммундық (қорғаныс) жүйесінің өмірлік маңызы бар жасушаларды жоятын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы (АҚТҚ) тудырады.

АҚТҚ жұқтырған адамда аурудың белгілері бірнеше жыл бойы дамиды. Осы жылдар бойы ол кәдімгідей өмір сүруі мүмкін. АҚТҚ вирусы адамды аурулардан қорғайтын маңызды бөлшек болып табылатын қанның ақ жасушаларын зақымдайды. Олар зақымдалған кезде адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті бірден әлсіреп кетеді. Әдетте, сау иммундық жүйе оңай жеңетін «жеңіл» аурулар бұл жағдайда ауыр асқынулар тудыруы мүмкін.

Негізінен, инфекция жынысына қарамастан, көбіне жастар арасында көп таралады. АҚТҚ ауруды жұқтырған адамнан немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамнан жыныстық қатынас кезінде, «ауру жұқтырылған» ине, шприцтер арқылы есірткіні инъекциялық енгізу кезінде, сондай-ақ бөгде біреудің ұстарасын, татуировка жасайтын құралдарын қолданған кезде беріледі. Ауру жұқтырған адам өз баласын жүктілік, босану немесе емізу кезінде жұқтыруы ықтимал.

Қарсы тұру тапшылығы қоздырғышы ешкімді де аямайды. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастарға төнетін қауіп жоғары, өйткені олар көп жайттардан бейхабар болады және қауіпті әрекеттерге жиі барады. Көптеген жастар кәмелетке толмай жатып, жыныстық қатынасқа түседі. Оның үстіне, көбіне жасөспірімдер мен жастар ішімдік, есірткіні татып көруге әуес болады, ал бұл олардың өзін-өзі қадағалау қабілетін төмендетеді.

Есірткіні тамыр ішінен қолданатын адамдар мен бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін тұлғалар осы ауруға жиірек шалдығады. Олардың венерологиялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғары болады. Сілемейлі қабықшада пайда болатын ойық жаралар, жарылған жерлер, қабынулар АҚТҚ енуіне қолайлы жағдай тудырады. Нашақорлар көбіне бір шприцті қолданады, осылайша ауру адамнан АҚТҚ-инфекциясы жұғады.

САНАЛЫ ІС-ӘРЕКЕТ ЖАСА ЖӘНЕ ӨЗ ІСІҢЕ ЖАУАПТЫ БОЛ

    Негізінде бір жыныстық серігіңіз болсын. Кездейсоқ жыныстық қарым-қатынастарға бармаңыз. Жыныстық қатынасқа ерте түсу, жыныстық серіктердің көп болуы ЖҚТБ жұқтыру қаупін күшейтеді.
    Серіктесіңізбен өзара сенімдеріңізді сақтаңыз.
    Мүшеқапты дұрыс пайдаланыңыз. Бұл жұқтыру қаупін төмендетеді. Мүшеқапты кез келген дәріханада сатып алуға болады.
    Ортақ ұстара, теріні және сілемейлі қабықшаны зақымдайтын басқа да құралдарды қолданбаңыз.

АҚТҚ тұрмыстық жолмен берілмейді. Ортақ дәретхана, моншаны пайдаланғанда, хауызда бірге шомылғанда, шыбын-шіркей шаққанда, үй жануарлары тістеп алғанда, төсек жабдықтары, ыдыс, тамақ немесе сусындар арқылы ауру берілмейді.

Инфекция мына жағдайларда берілмейді: қол алысу, сүю, құшақтау, тері, көз жасы, түкірік арқылы, жөтелгенде және түшкіргенде, сондай-ақ:

    донорлық қан тапсырғанда, өйткені бұл шара кезінде барлық кезде бір рет қолданылатын құралдар пайдаланылады.
    ауруханалар мен емханалардағы медициналық манипуляциялар кезінде, мұнда медициналық персонал барлық емшаралар кезінде пациентке қолданылатын құралдар мен шприцтердің залалсыздандырылғанын растап, бір реттік қолғап қолдануы тиіс.

ӨМІР АДАМҒА БІР-АҚ РЕТ БЕРІЛЕДІ!

ӨЗІҢІЗДІ НАДАНДЫҚ ШЫРМАУЫНАН БОСАТЫҢЫЗ – ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ БАСҚАЛАРДЫ ҚОРҒАҢЫЗ.
...