+1 дауыс
22.0k көрілді
Мұрын қанағанда қанды тоқтату үшін ең алдымен қандай тәсіл қолданамыз?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егерде балаңыздың мұрынынан қан кетсе: (Балаға ғана емес адамғада)

* Бала орындықта отырса, басын сәл еңкейтіңіз. Әйтпесе баланың ауызына қан кетіп, оны жұтып қоюы мүмкін. Бұл қауіпті жағдай.

* Егер бала төсекте жатқан болса, оны бір жақ қырымен жатқызып, басын төмен түсіріңіз.

* Қан кету кезінде сіңбіруге немесе мұрынды орамалмен қысып, жатып алуға болмайды.

*Дәке не матаны шиыршықтап алып, ақырындап мұрын қуысына тығып қойыңыз. Сондай-ақ мұрынды шұқуға болмайды, себебі қан кету одан әрі күшеюі мүмкін.

* Басы мен маңдайына суық суға шыланған орамал қойыңыз. Сондай-ақ желке тұсына да қою қажет. Бұл әрекеттер қан ағуды баяулатады.

* Сондай-ақ мұрынға 1-2 тамшы лимон шырынын тамызу арқылы қан кетуді тоқтатуға болады.

* Егер қан кету 10 минуттан артық жалғасса, дереу жедел жәрдемге хабарласып, дәрігер шақыртқаныңыз жөн.
Былай оқып қарасаң  дұрыс сияқты , бұл деректті қайдан тапқаныңды білмеймін,бірақ қатені түзеу парызым деп білемін! Мұрын қанағанда лимон шырынын тамызуға мүлдем болмайды,жалпы лимон қышқылы қанның ұйығыштығын төмендетеді. Лимон қышқылының әсерінен қайта қан кету үдеуі мүмкін.Егер қан мұрынды қысып ұстағаннан, немесе мақтаны шиыршықтап танауға тыққанан тоқтамаса, онда нафтизин немесе санорин,ксимилин сияқты тамшыларды тамызған дұрыс. Егер 15-20 минуттың ішінде тоқтамаса, онда жедел жәрдем шақыртады. Мұрын қанау адамда ,әсіресе жас балада себепсіз жиі болатын болса, міндетті түрде гематологка текскерткен дұрыс,себебі, көптеген қан аурулары (аққан сияқты) осылай мұрын қанаудан басталады.
0 дауыс
Басты шалкайтып 2-3мин туру керек
...