+1 дауыс
1.2k көрілді
ҰБТ тапсырғандарға! Биылғы ҰБТ сұрақтарының сапасы қандай болды. Келеңсіз сұрақтар кездестіме (яғни екіұшты жауаптар, білімге еш қатысы жоқ сұрақтар.... деген сияқты). Ондай сұрақтар кездессе бөлісе отырсаңыз.
Кешірерсіздір, бұл жерде ҰБТ-ның қандай жағдайда өткенінде емес (қалай өтетінін өзімде білем), жай ғана тест сұрақтары қандай сапада, соны білгім келген
ооой бүгін тапсырдыққо,1 поток жеңіл болып еді,жаңалықтардан шымкентті көрсетті 5-і күні.көөөөп жинап кеткен екен,сондықтан біз тапсырған 2 поток қиын болды айтатыны жоқ!
Белгісіз

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
логика деп еді,логика түгіл шайтанда жоқ! Басқаларда болмаса! Нұсқасы екі жауаптар болды!Білімге еш қатысы жоқ,ақымақ сұрақтар, ондай жоқ!
+1 дауыс
Болмайды,болмауға тиіс!!!ҰБТ жайлы жаман ойестіген жоқпын осы жылы! Барығы керемет!
Ә, онда дұрыс болған екен, былтырғы сұрақтар қатты сынға ұшыраған
Былтыр шынымен сондай сұрақтар болған ба?Оқушыларлың ойдан шығарғаны деп еді ғой.
+1 дауыс
өткен жыл бiздi шешiндiрiп тексердi !!! өзiме бiрдей екi сұрақ тустi физикадан. Ал жауаптары әр турлi...
Канша балл жинадн?
0 дауыс
Бүгін ҰБТ тапсырға мектепке барып келдім. Құжынаған халықтың арасынан өзім оқыған мектеп оқушыларының нәтижесін қарадым, ең көп балл 111 екен, екі оқушы алыпты  бірдей етіп.

Расында да алдыңғы жылы тым қиын болды, Оңтүстік Қазақстан бойынша ҰБТ басталғалы Төлеби ауданы ылғи да бірінші орынға шығатын. Күдіктенген жоғарыдағылар алдыңғы жылы тым қатты қысымға алып еді. Көмектесу, ұялы телефон мүлде қолданылмады. Құлағандар саны әдеттегідей және тағы да Төлеби ауданы ОҚО бойынша бірінші орынға шықты. Сұрақтары сан-қилы, түсініксіз болса да. Биыл олай болмаған секілді. Солай бола тұрса да биыл балл көрсеткіші төмен екен. Білмеймін, тағы да алдыға шығып абыройды көтерер ме деп ем. Есесіне, құлағандар аз)
Көркем ханым, ренжімеңіз (мені дұрыс түсінбей қалдыңыз ғой ойлаймын), менің сұрағым ҰБТ қалай өткенінде емес, жай ғана оның сұрақтары жөнінде (кімнің қандай жағдайда өткенінде шаруам жоқ (мүмкін ақша беріп, мүмкін блатпен). Менің сұрағым келгені ҰБТ сұрақтарының биылғы сапасы жөнінде, былтырғы бір тест тапсырушы: Маған "Абылайдың атының тісі қанша еді" деген сұрақ келді дегенде, сол тест сұрақтарын жасаушылардан түңілгенім бар еді.  
Айтпағым түлектерге обал болып жатырған жоқ па дегенім ғой
Енді айтып отырмын емес пе, биыл олай болған жоқ деп. Алдыңғы жылы күрделі, миға қонбас сұрақтармен қинады, бұл жолы олай емес деп)))
Айтуга онай...
Белгісіз
+1 дауыс
Ондай сұрақтар мүлде кездескен жок
0 дауыс
Бүгін өзім оқып жүрген мектеп түлектері ҰБТ тапсырды. Барлығы керемет! 3-пен әрең оқитын бала 121 балл алды.... Көпшілігі жоғары баллдарға ие болды. Бірақ сыртқа шығара алмай қалғандар жылап шықты, 60-70 алып....
біз тапсырған мектепте барлық аудиторияға еркіндік беріп ең соңғы екі аудиторияға глушительди өшірмей қойған.біздің мектепте де 3пен оқитын бірақ әкесі бай бала 117 аалды алдыңғы пробныйдағы ұпайлары 52мен 49.ҰБТ қандай әділетсіз!!!
Біз жақта ешкім телефонмен звондамайды сыртқа...)
+2 дауыс
ҰБТ сұрақтарында ондай сұрақтар болмады,бірақ логикалық тапсырма болды.9 сиыр 15күнде деген тапсырма және бассейн қанша сағатта толады деген 2 есеп келді менің нұсқамда.ал биология сұрақтары пробныйдағы сұрақтардың бірде біреуі жоқ. қазақ тілі мен орыс тілі сұрақтары қиын емес.бірақ соңғы сұрағы шешендік өнер туралы болды.тарих сұрақтары оқығанға оңай.
+1 дауыс
ҰБТ да ондай сұрақ болған да емес,болмайды да. Былтыр мен де естігем Абылайханның атының қанша тісі бар деген сұрақ келді деп. Алайда жақында ҰТО да істейтін бір кісімен сұхбаттасып едік, ондай сұрақ келмейді, себебі ҰБТ дағы әр сұрақты қанша адам тексереді. Және жай адамдар емес профессорлар ме докторлар. Былтыр сондай миға қонымсыз сұрақ келді деген түлекке, қай нұсқа, қай сұрақ егер келген болса балл қосып берейік деген екен, сөйтсе ол біреуден естіпті, ал ол естіген адам біреуден, ең соңында ойдан шығарылғаны дәлелденген. Шынымеде ондай сұрақ келетін болса министрліктегілер не бітіріп отыр. Олар да білімді кісілер....
...