0 дауыс
2.0k көрілді
Баскаларды бiлмедiм, мен сондай екенмiн. Ойланып отырып карасам, озiме колдау бiлдiрiп, мактап, курмет корсетiп журген тiлеулес болып журген адамдарга караганда, ренжiткен адамдарды кобiрек есiмде сактап калыппын. Неге ренжiткенiн ? Не айтканын да умыта алмаймын? Ал маган жанашыр адамдардын, жаксы iстерiнiн, ,создерiнiн, кобiсi есiмде жок. Неге олай? Мен жаман адам болганым ба сонда?! Киналып кеттiм осыны ойлап. Алде озiмдi актап алатын баска психологиялык себептер бар ма???

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Біржақты ғана пікір білдіремін. Таяқтың екі ұша бар ғой, сондықтан менің пікіріме қарама-қайшы да ойлар бар.

Менің ойымша, ренжіткенді еске сақтау қасиеті, ол кішкентай кездегі көңілде қалған жағымсыз оқиғалардың әсері болуы мүмкін.

Адамның барлығы бірдей емес және әркімнің жеке бас қасиетіне түсіністікпен қарау жақсы нәтиже береді. Мәселе мынада, адам адамды тани алмағандықтан, түсінбеушіліктер туындайды. Қарайық, психологияда адамның оншақты темпераменттік қасиеті бар. Ол қаннан қанға, ұрпақтан ұрпаққа берілетін қасиет. Ол ешқашан өзгермейді, тек аздап мінезге сай бейімделуі мүмкін. Міне, маған біздің халықтың болмаса да тек жақсыны көргісі келетіні ұнамайды. Мысалы, әкесі баласының кемшілігін көргісі келмейді. Бұл баланың психологиялық дискомфортқа ұшырауына алып келеді. Өмірде жалғыз ақиқат бар делік. 1+1=2 болуы керек, ал кейбір адамдар 1+1=5 болғанын қалайды, көп бағалап адамды жүктеп тастайды, нәтижесінде ойдағыдай нәтиже шықпай, конфликт болады. Немесе, 1+1=0 етіп тастайды, ол кезде бала шыдамай жарылады) Табиғи құбылыс, табиғи әділі ол 1+1=2 ғой, сондықтан оған түсінушілікпен қарау керек. Жалғыз бала емес, кез-келген адамның басындағы жағдай.

Егер, Сіз адамның қандай темпераментте екенін, қандай характерлі екенін бірнеше рет көргеннен бірден анализдей алсаңыз, ол адамға тиісінше қатынасар едіңіз. Ол екі адамның арасындағы тамаша қатынасқа айналады деген ойдамын. Нәтижесінде, реніш аз болады. Келіспеген жағдайда, конфликт, ренішсіз де шешу жолы бар. Құда да тыныш, құдағи да тыныш. Өмір бір-ақ рет берілетін қысқа ғұмыр. Бүгін бар адам, ертең жоқ. Сондықтан, сіз-біз десіп өткенге не жетсін.
Жазганын,ызды кайта -кайта  окып ,зорга корытып алдым.))  Бiраз тусiндiм рахмет.
тамаша жауап! дегенімен, меніңше Көркемнің басынан өткен жағдай бала кезден бергі болса керек, ал мұны түсіну аздап қиынға соғуы мүмкін. ренжісу арқылы да адам өмірден сабақ алады ғой, қалыпты деп ойлаймын.
+2 дауыс
Бұл өз психалогияңыз.Кейбір адамдар болады ренжіткен адамды бірден ұмытып кетіп қайттан сол адам мен татуласатын,ондай қасиет жақсы,кейбір адамдар болады өзін ренжіткен адамды жек көріп,ол адаммен көпке дейін татуласпайтын,ондай адамдар кекшіл болады.Сондықтан сіздікі жақсы қасиетке жатпайды.Тас пен ұрғанды,аспен ұр деген мақал бар өзіңіз мағынасын түсінетін шығарсыз.Мен білгенімді айттым жақсы жағынан түсініңіз.
Жаксы адамнын, ашуы шай орамал кепкенше...дейтiн бе едi. Кекшiл деу оте ауыр естiледi екен.  Мен бiр адаммен урсып калсам, ертесiне умытып кетем . Мундай ренiштердi айтып турганым жок негiзi. Жан дуниеме ауырлау соккы болып тиген ренiштердi айттым.
А ондай бәрімізде де болады ғой.Ренжімеңіз жауабыма.
+1 дауыс

Бұл мәселеде нақты себепті айтып түсіндіру мүмкін емес.Адам жүрегі өзіне нені жақын алса,адамның санасы соны сақтап қалып отырады.Ренжіген кезде жүректің қиналары сөзсіз.Сондықтан бұл мәселеде өзіңізді жаман адаммын деп ойлауыңыз дұрыс емес.Көп ренжуден аулақ болыңыз.Ренжіткен оқиғаны қағазға жазып,жыртып тастаңыз.Ал жақсылықты сақтап қойыңыз.Осы арқылы одан арылуға болады....

...