Құжаттарды қабылдау реті.
3. Зияткерлік мектеп директорының бұйрығымен үміткерлерден құжаттарды қабылдау үшін Зияткерлік мектептің педагогтары мен мамандарынан тұратын арнайы қабылдау комиссиясы құрылады.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны, сонымен қатар байқаудың алғашқы кезеңін өткізу мерзімі ҚР-ң барлық аймақтарына таралатын БАҚ арқылы жарияланады.
5. Зияткерлік мектепке түсуге іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Байқауға қатысу үшін ережеге сәйкес қосымша 1 үлгіде өтініш беру;
2) Ережеге сәйкес қосымша 2 үлгіде сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігі (көшірмесі), жеке бас құжатының көшірмесі (егер бар болса);
4) 086/у медициналық анықтама формасы;
5) Үміткердің тұрғылықты орнынан анықтама;
6) Үміткердің соңғы екі оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар басшының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек.
7) Мақтау қағазы, диплом, сертификат көшірмелері, соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің оқу және қоғамдық өмірдегі жетістіктері туралы құжаттар (үміткердің білім алып жатқан ұйымының жетекшісінің мөрімен расталған);
8) Үміткердің 3х4 фотосы – 2 дана;
3-ші бөлімде көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.
6. Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:
1) Байқауға іріктеуге қатысуға белгіленген мерзімінен өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;
2) Ережеге сәйкес 5 тармақтың 7) бөлімінде көрсетілген құжаттардан басқа құжаттары толық болмаған жағдайда.