Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі. Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды. Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді, халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон, эмиграция, иммиграция) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған. Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді. Халықтың көші-қоны себептеріне қарай жіктеу де аса маңызды. Келесідей себептер анықталады:
экономикалық,
әлеуметтік,
әскери,
демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция),
мәдени,
саяси,
діни және
этникалық.
Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.
экономикалық,
әлеуметтік,
әскери,
демографиялық (отбасы бірлесуі, некелік миграция),
мәдени,
саяси,
діни және
этникалық.
Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.