Күн өту – күннің астында ұзақ уақыт болған кезде және күн сәулесінің басқа тура әсер етуі кезінде қыздырыну. Күн өтудің белгілері:
• Дене температурасының жоғарлауы.
• Терінің қызаруы.
• Тер шығуының ұлғаюы.
• Тамыр соғуы және дем алысы жиілеуі.
• Бас ауруы, әлсіздік.
• Құлақ шулау.
• Жүрек айну, құсық.
• Жылудың ұзақ уақыт әсер етуі кезінде температура 40 С-тан асуы, естен тану, тырысу болуы мүмкін.
• Жиі терінің I және II деңгейлі күйігі болады.
Күн сәулесі түскен кезде көмек:
• Зиян шеккенді басын сәл көтеріп көлеңке немесе салқын жерге жатқызу қажет.
• Зиян шеккеннен киімін шешіп, ылғалды жаймаға немесе орамалға орап жатқызу керек.
• Зиян шеккеннің басына мұз немесе сал-
қын су немесе салқын компресс салу қажет.
• Қызған кезде ең алдымен басты суыт-қан маңызды, өйткені бұл жағдайда орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.
• Зиян шеккенді суық суға түсіруге болмайды, өйткені жүректің рефлекторлық тоқтауы мүмкін.
• Температураның үлкен айырмашылығынан қашып, салқындатуды баппен жасау қажет.
• Есті сақтау кезінде көп мөлшерде суық су беріңіз (су, шай, кофе, шырын).
• Күйген кезде зақымданған жерді вазелинмен жағу қажет, көпіршікті ашпаңыз, құрғақ стерильденген таңбаны салыңыз және емдеу мекемесіне барыңыз.
Алдын алу:
• Ыстық күндері терінің шығуына кедергі жасамайтын жеңіл киім-кешек кию қажет.
• Басты жеңіл, ашық түсті бас киіммен немесе қолшатырмен қорғау қажет. Ыстық ауа райында бас киімді сулау керек.
• Көзді қара көзілдірікпен қорғау ұсыналады.
• Ыстық ауа райында жиі салқын (суық емес) суды ішу қажет. Шөлді тұздатылған су немесе лимонмен су, жасыл шай, шырын арқылы басу қажет.
• Шөлді қандыру үшін кофе, сыра ішуге тыйым салынады.
• Көлденең жатып күн сәулесінің ваннасын қабылдаған кезде бас сәл көтеріліп тұру тиіс, ал бет қалпақпен немесе орамалмен жабық тұруы тиіс.
• Ашық аспанда футбол, волейбол және басқа да қозғалмалы ойындарды ойнауға болмайды. Белсенді қозғалыс кезінде күн өту қаупі ұлғаяды.
• Күн астында ұзақ уақыт жұмыс істеуге немесе болуға болмайды.
Күн түсу
Күн түсу- сыртқы жылу факторларының әсерінен ағзаны жалпы жылдам қызуымен шартталған патологиялық жағдай.
Себептері – қоршаған ортадан артық жылудың түсінен туындаған термореттеушіні бұзу. Ағзаның қызуы жылу беруді қиындату жағдайына әсер етеді:
• Жоғары ылғалдық және ауаның қозғалмауы.
• Дене қозғалысы.
• Көп тамақтану.
• Қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында синтетикалық, тері немесе резеңкеленген матадан киім-кешекті ұзақ кию.
• Аз мөлшерде ішке сұйықтық ішу.
Жүрек-тамыр ауруларымен, семіз, эндокриндік бұзушылықтармен, тамыр-вегетативті дистониялармен ауыратын тұлғалар қыздыруға жиі және тез шалдығады.
Күн түсудің белгілері:
• Дене температурасының жоғарлауы.
• Терінің қызаруы.
• Тер шығуының асқынуы.
• Тамыр соғуы мен тыныс алуының жиілеуі.
• Бас ауруы, бас айналуы, әлсіздік, қалжырау.
• Жүрген кезде шайқалу.
• Ұйқы келу, есінеу.
• Құлақ шулау.
• Жүрек айну, құсық.
• Жылудың ұзақ әсер етуі кезінде температура 40 С-тан асуы, естен тану, тырысу болуы мүмкін.
• Демалыс жиіленген, үстіртін.
• Кейде мұрыннан қан ағады.
• Ауыр жағдайда естен тану.
Күн түскен кездегі көмек
• Зиян шеккенді бірден көлеңке жерге немесе салқын жерге апару қажет.
• Зиян шеккеннің киімін шешіп, зиян шеккенді арқасына жатқызып, басын көтеру қажет (домаланған киімнен бастың астына валик салу қажет), денесін салқын сумен сүртіп немесе ылғалды жайма немесе орамалға орау қажет.
• Зиян шеккеннің басына мұз немесе сал-
қын су немесе салқын компресс салу қажет.
• Қызған кезде ең алдымен басты суыт-қан маңызды, өйткені бұл жағдайда орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.
• Зиян шеккенді суық суға түсіруге болмайды, өйткені жүректің рефлекторлық тоқтауы мүмкін.
• Температураның үлкен айырмашылығынан қашып, салқындатуды баппен жасау қажет.
• Есті сақтау кезінде көп мөлшерде суық су беріңіз (су, шай, кофе, шырын).
• Есі таңған кезде мұсатыр спиртін қолдану қажет.
• Тыныс алу бүлінген және жүрек қызметі әлсіздеген кезде жасанды дем беруді жүрекке тура емес массаж жасау арқылы қажетті медикаментозды емдеу жүргізу қажет.