Мәссағанннн. Мен ауылға 1-2 күнге демалысқа кетіп қалсам мұнда сұмдық қырылыс болып жатыр екен ғой. Интернетке кіруге жағдай болмай, қазір кіріп қарасам сұмдық бір-бірлеріңізді жеп қойайын деп отыр екенсіздер.
Құрметті достар не болды бұлай бір-бірімізді күндейтіндей. Бірімізді-біріміз бауыр, дос, құрбы-құрдас санап жүрміз ғой. Бұлай еткеніміз жарамас. Ешкімді де банға жібермеймізміз, ешкімді де сынамаймыз. Сабырлы болайық. Қайта пайдалы іс істегеніміз жарасады. Бұлай ұрыспай қайта бір қалада тұратын құрдастар, сайт қолданушылары қазір қолымыз босап қалды. Қайта интернеттен бөлек офлайнда кездесу ұйымдастырайық. Мысалы: Мен қазіргі таңда алматы қаласындамын. Аламатылық СЖ-ның қолданушылары кездесіп, қыдырайық. Серуендейік. Қайта бір бірмізбен бауырмашыл болайық. Бұлай бір бірімізді банға жіберу, ұрысу жараспайды. Сабырлы болайық достар.