+1 дауыс
8.5k көрілді
Қазақтардың киелі БЕСІГІНЕ қазіргі медиктердің біразы қарсы,баланы қысып бесікке бөлеп тастайсыңдар ол дұрыс емес дейді. Бала еркін домалап өсу керек дейді, АЛ өзіміздің апа-әжелеріміз болса керісінше бесік жақсы бала таза,әрі жылы,қауыпсіз жатады дейді.  Жалпы сіздердің ойларыңызды білгім келеді. СІЗ БЕСІКТЕ жатып өстіңізбе? Ойларыңызбен немесе көрген білгендеріңізбен бөліссеңіздер екен?
Қай медик қарсы шықты? Сұрақ өте қызық екен) Бесікке бөлегенде баланың қай айналымы жақсарады. Оны қазақтар өлгенше қысып байламаған. Бала ұйқтағанда өз қол-аяқтарынан шошымас үшін ьесікке бөлеп ұйқтатқан. Бесікті киелі затқа теңеген. ОНы ешқашан есік алдына аяқ асты қылмаған. Үнемі төрге қоятын болған. Ағашын отқа тасмамай атдан-балаға беріліп отқан. Сенің айтып отқаның қай медик екенің білмедім. Біра бесік бала үшін психология жағынан физиология жағынан өте пайдалыыыы.
Педиатырлардың 2-3 нен естігем бесік зиян бөлеме деген маған.
Жайна-Тима сол педиатрлар сонда бесікке жатпаған ба!
Белгісіз
ОЛ педиатрлар біздің әже-аталарымыздар артық білмес. Баланның болашағы өз қолында
шынымды айтсам мен сұрамаппын олай деп

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Иә,мен бесікке бөленіп өстім..Aяғы түзу болсын деп, анам жаздың ең ыстығында да, бесікке бөлеген)Сондықтан, бесікке бөлегенді дұрыс деп есептеймін..Бесіктің пайдасына келетін болсам;

 

Қазір  баласын  бесікке  бөлейтін  ата-ана  аз.  Тіпті  «бесік  зиян…»  дейтіндер  де  бар.    Бұл  баяғы кеңестен  қалған  көзқарас.  Кешегi  кеңестiк  дәуiрде  мединституттың  оқытушылары  шәкірттеріне  бесікті  жамандап  оқытатын    арнайы  тапсырма  болған.  Ол  заманда жек  көрген  нәрсеңізді  «ескіліктің  қалдығы»  десеңіз жетіп жатыр. Дәлелдің қажеті жоқ.  Сөйтіп,  бесік  қолданыстан  шығып  қалды.  Әйтпегенде,  жүздеген  ғасыр  сынақтан  өткен  бесікті  пайдасыз деп кім айтады? Оның ұрпақ үшін пайдасы  ұшан-теңіз. Айталық:

Біріншіден  –  қол-аяғын  ербеңдетіп  бос  жатқан  сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған  баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден  –  баланың  мазасыздығы  ананың  психологиясына  әсер  етедi.  Бұндай  жайсыздық  сүт  арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған  бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден  –  баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі  күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден  –  сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл,  сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық  кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан  –  бесік  белгілі  бір  ритммен  ғана  тербетіледі.    Баланың  жүйкесі  бір  жүйе,  тәртіпке  түседі.

Жетіншіден  –  бесіктегі  балаға  ана  әлдиі  әбден  сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын  тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік  сәбиді сырттан келетін кері  энергия немесе тiл-көзден сақтайды.

Бұлар  бесіктің  толып  жатқан  пайдасының  бір  парасы  ғана.  Бесікті  пайдаланбау  арқылы  қаншама  ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз.  «Бесікке  салу»,  «Тыштыма»,  т.б.  жоғалды.  Үлкен  жазушы  Мұхтар  Әуезов:  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе!»  дегенді тегін айтпаған шығар.

ДЕРЕККӨЗ: http://www.namys.kz/?p=1641
 

+1 дауыс
Қырқымнан шыққанша әжем өсіріпті ата-анам жас болғандықтан.Сонда жатып жүріппін.Ал әжем кеткен соң ата-анам мені бөлеп тастауға қимай,бесікке  жатқызбапты,сонда да аяқ-қолымыз түзу болып өстік қой.
+2 дауыс
Баяғы заманда завод, фирма дегендер болмаған. Табиғаты таза, ішкен-жегендері табиғи болғандықтан бесікке бөлеу дұрысырақ еді. Ал қазір экология нашар, балалар әлсіз, қысып-қымтап ұстағанға шадай алмайды, зиян екенін сондықтан.
мүмкін сондай шығар,экологияға байланысты ауруларда өршіп кеткен қазыр.
+2 дауыс
Мен бесікте жатқанмын, ол бесікке 93 жылғы туған әпкемде 2007 жылғы інімде жатты, қызық екен өзім жатқан бесікті өзім тербеттім, күшті))) ол бесікке басқа туыстарымның балаларыда жатқан, әлі қолданып жүрміз))) бесікке бөлеп қойған дұрыс қой.
Бір оқиға айтайын, бұрында бір ауылды су шайған екен, сонда бесіктегі сәби аман қалған, себебі бесік ағаштан суға батпаған. Міне, бесіктің құдіреті!
+1 дауыс
Жоқ, бесікке жатқызбапты... Кәдімгі балаларға арналған төсекке. Қысылмай жатқан жақсы сияқты )
+1 дауыс
Бесік деген киелі ұғым. Оған жатқызу жатқызбау деп ойлану меніңше бойында қазақ қаны ағып жатқан осы елдің азаматтарымен азаматшаларына,ұлтымызға сын! Мен өзім бесікте жаттым.Құдайға шүкір бесікте жатқаннан жаман болдым деген адамды көрген емеспін! Бесік той деген ұлттық тойымыз қайда қалады!Қайта бесік таза емес пе!Памперс кигізіп бос төсекке жатқызғаннан! Бірақ қазір арнайы тапсырыс беріп шеберлерге жасатпаса моңғолдардың,қырғыздардың,өзбектердің жасаған бесіктері қаптап кетті! Қытайлық бояудың иісі аңқып тұрады. Ол зиян.Сондықтан жақсы бесікке ақшаны аямаған жөн!
Керісінше өзбектердің бесігі өте мықты болады деп естігем.
+1 дауыс
Бесікке жатқызу керек.Бесік-ол мен үшін, қазақ халқы үшін, қайталанбас ерекше дүние, қазіргі таңда еліктеп жатырмыз (детскии кроват)еркін жатуын қалап қытайдың арзан қоқысын сатып алғанша шеберге істетуміз керек.
0 дауыс
Мына жерде бесік туралы жазғанмын, педиатрлардың пікірталасы өте қызықты болған, мен өз баламды бесікке бөлеткізбеймін)) Еркін өссін. Бірақ өзім бесікке бөленіп өскенмін)))
0 дауыс
Сəлеметсіздер ме? Мен жақында ғана босанған жас анамын.Қызымды бесікке бөлесем тыныш ұйықтайды. Оянғанда есінеп, керіліп созылып тұрады. Бесікке жатқан дұрыс деп ойлаймын. Еркін жатса тыпыршып қол аяғын жыбырлатып шошып оянады.

Ұқсас сұрақтар

...