+2 дауыс
6.8k көрілді

Баяғыда үш данышпан(ақылды) өмір сүріпті. Үшеуі іштеріндегі ең ақылды данышпан кім деген сұраққа жауап таба алмай қызу дауласыпты. Сосын бұл мәселені шешуге ауылдағы биге барған екен. Сосын әлгі би сөмкесінен 5 қалпақ алыпты, екеуі ақ, үшеуі қара. Әлгі үш данышпанның көздерін байлап, көрмей тұрғанында үшеуіне де қара қалпақты кигізген екен де ал қалған екі ақ қалпақты тығып қойыпты. Сосын көздерін шешіп, кім өзінде қандай түсті қалпақ тұрғанын бірінші болып тапса, сол адам ең ақылдысы депті. Содан өздері киген қалпақ өздеріне көрінбейді ғой, тек анау екеуінікін көріп отыр. ішіндегі Бір данышпан менікі қара қалпақ деп айқайлап жіберіпті. Енді сұрақ: Әлгі данышпан өзінде қара қалпақ екенін қалай біліп қойды?

таба алмайтын сияқтымыз, жауабын қашан айтасыз???
достар, сәл ойлансақ табылады. шешілмейтін түйін жоқ.
Жауабы 6-шы маусым күні жарияланады! Ең бірінші дұрыс тапқанға лично өз атымнан кишкуууууууууууунтай гана сыйлыгым бар!
подсказка жасасай сыйлығын керек емес Елеке
Белгісіз
Ай Елеке арманыңа жеттің ау 9 сағатта 223 рет қаралды! Ал бір жылда қанша рет қаралады десеңші!
Белгісіз
ммм мүмкін руы қарақалпақ болған сон солай айта салған шығар
жақсы жауабы табылды. Айболат нағыз данышпан екен! (бәріміз +1 қояйық)

9 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Міне бұны шешу үшін мен оларға ат қойдым міне былай

1-данышпан -Елеке

2-данышпан-Айболат

3-данышпан-Админ

1.Егерде Елеке мен Айболат та ақ қалпақ болса онда Админ өзінде қара қалпақ екенін бірден түсінеді өйткені ақ қалпақ екеу-ақ

2.Ал егерде Елеке де ақ ал Айболат та қара болса,Админ былай ойлайды:егер де мен де ақ болса,онда Айболат өзінде қара екенін бірден түсінеді де бірінші жауап береді демек мен де қара деп ойлайды

3.Енді Елеке де Айболат та қара қалпақ кисе онда Админ:мен де ақ қалпақ болса онда мына екеуінің біреуі ақ қалпақ киген мен қара қалпақ кигенді көреді де,2нұсқадағыдай ойлайды да бірінші жауап беру керек демек мен де қара деп, бірінші жауап береді
Жарайсың! Жауабың дұрыс! ЖЖ+1
ммммммммммммммммммммммм
номеріңді жазсаңшы, өзім айтқандай кішкуууууунтай сыйлығымды жіберейін!
жеке хатқа жіберемін
0 дауыс
қара қалпақ үшеу емес пе?Ол екеуіне қарағанда бастарында қара қалпақ тұрғасын менікі де қара деп ойлаған шығар
тағы екі ақ қалпақ бар емес пе?
+2 дауыс
Бұл дұрыспа,дұрыс емеспа білмеймін бірақ мындайда болуы мүмкүн.Жаңағы адам аналардың көзіне қарап басында қандай қалпақ тұрғанын көріп қалған шығар.Содан ол қара қалпақ дегенғо.
иә солай болуы мүмкін....
Я осылай шығар.
жоқ, бұлай емес!
0 дауыс
Мүмкін көлеңкесіне қарап менкі қара қалпақ дей салған болар.
Көлеңкеге қарағанда барлық нәрсе қара болып көрінбейме?
ақ қалпақ кисең де! көлеңкең қара болып тұра ды ғой! (Қызықх)
Қара қалпақ пен ақ қалпақтың көлемдері әр түрлі шығар, көлеңкесінен көлемін көрген болар деп ойладым)
Сұрақта қара және ақ қалпақтардың көлемдері әртүрлі делінбеген.
шаршамай мен сияқты айна әкеліп бере салсаңдаршы
Белгісіз
))Хехе) білмедім.
+1 дауыс
уш кара калпак кигизген , анау еки данышпанга кигизгенин корген 2 кара калпакты сосын ойлаган 3 шисин маган кигизди деп содан билген болар
+1 дауыс
Ен ақылдысы болғаннан кейін біліп қойдығой))))...... дұрыспа менің жауабым Жахар?
әрине мен таланттарды бағалаймын ғой!!!!
Белгісіз
рахмет... тагы логиканы жибере отыр ынгайына карай жауап берермиз
жоқ                                                                               .
+1 дауыс
Мен 1 данышпан болайын,мен былай ойлаймын:
Менім басымда ақ болса,қасымдағы 2-кі данышпан 1 ақ,1 қара қалпақты көріп былай ойлауы керек:

Егер менде ақ болса,1-інші данышпан 2 ақты көріп шығып кетуі керек еді,ол шықпағасын менде қара.

Бірақ ол шықпағасын,значит менде қара,сосын "Менде қара" деп айкайлап жіберем

Дұрыс па?
негізі үшеуінде де қара қалпақ қой. ешкім ақ кимеген, соны түсінби қалдың ау дим
Мен керісінше(от противного) шығардым.
0 дауыс
басындағы қалпақтың қара түсті екенін былай білген:Адамның иіс сезу,дәм сезу,сипап сезу сияқты сезім мүшелері жақсы дамыған сияқты данышпанның да ішкі ойлау түйсігі (интуициясының  деңгейі) де жақсы дамыған болуы мүмкін.Сондықтан ол басындағы қалпақтың қандай түсте екенін ең қысқа уақытта біліп қойып менікі  қара қалпақ деп айқайлап жіберген.
жауабы бір оп-оңай болып шығайын деп тұр бұның! Сосын күлеміз рахаттанып! Таппағанымыз үшін!!!
Белгісіз
жоқ, бұлай емес
0 дауыс
Менің ойымша ол менікі қара қалпақ емес,менікін қара қалпақ деп айтпақ болған сияқты.Яғни менің басыма қара!Қалпақ деген сияқты.
ойға қонымды жауап екен +1
Белгісіз
Теннисистиканың жауабы дұрыс сияқты менің ойымда солай.
өкінішті, бірақ дұрыс емес
...