+1 дауыс
7.6k көрілді
Қарағандыдағы Болашақ университеті туралы ақпарат керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қарағанды "Болашақ" университетінің дербес мекемесі 1995 жылдың қыркүйек айының 25 күні Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 1995жылғы 25 қыркүйектегі №267 бұйрығымен, 1993 жылдың 13 шілдедегі ҚР Министрлер Кабинетінің №597 қаулысымен, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің білім беру мекемелерін лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу Республикалық Кеңесімен бекітілген, Қазақстан Республикасының білім беру қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережесінің негізінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес құрылған.

Университеттің  05.12.2001 ж. бастап №0000063 білім беру қызметін жүргізуге арналған  мерзімсіз уақытқа мемлекеттік лицензиясы мен мемлекеттік грант пен кредитте студенттерді оқытуға құқығы бар. Жылдар бойы мемлекеттік орган жағынан университет көптеген тексерістерден өтті. 2010ж. қараша айында университет білім және  білім беру қызметін жүргізуді лицензиялау ережелері туралы ҚР заңдарын сақтау бойынша  жоспарлы тексерістен

(02.11.2010 жылғы №90 ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің бұйрығы), ҚР денсаулық сақтау министрлігі (2011жылдың 14 бастап 15 шілде айына дейін) Жоғары медициналық ұйымдардың жаңа Мемлекеттік жалпыға міндетті  жоғары медициналық фармацевтикалық білім үлгісін енгізу туралы пәнін оқу даярлығы бойынша тексерістен өтті (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №358, 06.06. 2011ж.).
2011 жылдың 23 қыркүйегінде университет сериасы МК № 001991аккредиттеу куәлігін алды.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес университет  сатылы түрде халықаралық дәрежедегі сапалы білімге ауысуды жүзеге асырды. Университеттің  классикалық бейнесін дамыту бағытын жалғастыру, үздіксіз терең білім берумен қамтамассыз ету, сапаның халықаралық үлгісін қолдану, білім беруде жаңа технологиялар енгізу, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті болу, алға қойылған қоғамдық саясатты  іске асыру ниеті мәлімденген бағдарламаны жүзеге асыруда университеттің міндеті белгіленген.
2004 жылдан бастап университет кредиттық жүйені қолдануда. Бұл оқыту жүйесіне университеттің күндізгі және сырттай оқу бөлімінің барлық мамандықтары ауысты.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті негізінде өткен Қазақстанның Болон процесіне қосылу бағдарламасы шеңберінде университет Қазақстан Республикасының университеттер Меморандумына  қол қоятын 15 жоғары оқу орындар қатарына кіреді.  
Университет құрамында 4 факультет: заң, экономика және информатика, гуманитарлық-педагогикалық, фармация және 10 кафедра: ақпараттық жүйелер, қаржы, экономика және менеджмент, саясаттану және жалпы білім беру пәндер, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілдер және аударма ісі, педагогика және психология, азамат құқық және іс жүргізу, қылмыстық құқық және іс жүргізу, фармацевтикалық білім беру пәндер.
Университетте даярлау күндізгі және сырттай оқу бөлімінде14 бакалавриат мамандықтары бойынша жүреді.
Кафедра қызметі жоғары кәсіби  білім бағдарламасын жүзеге асыратын білім ұйымының  қызмет жасау типтік ережелеріне сәйкес.
Университет білім қызметін жоғары оқу орын білімінен  кейінгі магистратураның 4 мамандықтары, докторантураның 1 мамандығы бойынша жүргізеді.
Университеттің оқу процесі оқытудың инновациялық технологиялары, бүкіл оқу процесін ақпараттандыру және компьютерлендіру, білім және ғылым саласында жаңа тұжырымдамаларды  қолдану, дәстүрлі оқыту әдістерін қолдану, электронды оқыту әдістер фондын үнемі толықтыру және құру негізінде іске асады.
Жоғары және жоғары оқу орын білімінен кейінгі оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру оқыту әдістемесі мен ақпараттандыру ресурстарымен: халықаралық ақпараттық желіге, кітапханалық қор мен дерекқорға,  компьютерлік технологияларға, оқыту-әдістемелік оқу құралдарына және оқытылатын пәндердің әзірлемелеріне еркін қол жеткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда университеттің электрондық оқыту әдістемелік басылымдарын 400 курстық кейстер мен 25видеодәрістер құрайды, қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі электрондық дәрістер курсы негізінде құрылған 2514  оқыту-әдістемелік жинақ (ОӘЖ) өңделіп, шығарылды.
Дүниежүзілік біліми-ақпараттық кеңістікте жетістікті бірлесу, академиялық жинақылықтың жоғарылауы ағылшын тілін меңгеретін сапалы әзірленген мамандарды қажет етеді. Көптеген жылдар бойы университетте Әлем Корпусынан Марк Флинн (США), Томас Майка Монтагью (США), Жан Батист (Франция), Омар Хаят (Пакистан) т.б. сияқты еріктілер жұмыс істеді.
Университетте түрік, француз, қытай, араб тілдерін оқыту курстары  ұйымдастырылған. Факультативтік сабақтар жүргізіледі ("МовиНайт").
Оқу процесінде заманауи және ақпараттық технологиялар: Windows Xp Professional, Windows Xp Home Edition, Ubuntu-2.0.0-i386, Linux сияқты инструменталдық құралдары бар жүйелік бағдарламалар,  Visual Basic 6.0, Visual Basic. Net, Visual C++, Delphi 7.0 инструменталдық бағдарламалар,  Open Office 2.4.0, Microsoft Office 2003, PhotoShop, CorelDraw, Flash-trial нұсқадағы әмбебап офистік қолданбалы бағдарламалар белсенді түрде қолданылады.
Біріңғай оқыту комплексін құрайтын университет құрамында:
- Фармацевтикалық жұмыскерлердің біліктілігін көтеру факультеті;
- Өзекті мәселелер бойынша Орталық Қазақстандық ғылыми-зерттемелік гуманитарлық институт;
- Құқықтық және салыстырмалы зерттемелер бойынша ғылыми-зерттемелік институт;
- Қарағанды "Болашақ"  актуалды білім беру колледжі;
- Академик Акылбаев Ж.С. атындағы Балхаш "Болашақ"  актуалды білім беру колледжі;
- "Лимонад" аймақтық студенттік газетасы (ҚР келісімімен және мәдениет, ақпарат Министрлігімен 24.10.2001ж. №24-5 тіркеу куәлігі) ;
- РББ "Болашақ-Баспа".
Университет "Химия және емдік дәрі-дәрмектер технологиясы" инновациялық-білім беру консорциум құрамына кіреді.
2005-2010жж. арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шенберінде Университетте қазақстандық отансүйгіштікке, төзімділікке тәрбиелеу, үшсатылы кадрлар даярлау моделін құру, мемлекеттік тілді дамыту, құқықты жалпыға міндетті оқыту, салауатты өмір салтына баулу мақсатымен жұмыстар жүргізіледі.
Университеттің қазақ тіліндегі оқыту, оқыту-әдістемелік, ғылыми және анықтама әдебиеттер қоры бар. Университеттің кітапханалық қоры мемлекеттік тілдегі ғылыми-әдістемелік басылымдарды қамтиды, оның ішінде "Парасат", "Тураби", "Қазақстанның ғылым әлемі", "Вестник Академии педагогических наук" т.б. ғылыми журналдар.
2008 ж. бастап университеттің басшылығымен "Сыр мен сымбат", "Изучаем казахский язык" атты журналдар 5000 экз.тиражымен шығарылады.
Университет жедел басқару құқығы негізінде университеттің инфрақұрылымын құрайтын барлық жылжымайтын мүлік объектілерімен  және жер телісімен иелік етеді.  Барлық жылжымайтын мүлік өртке қарсы, санитарлы-эпидимиологиялық, сондай-ақ, мамандармен жүзеге асатын мемлекеттік жалпы білім беретін үлгі талаптарына сәйкес келеді. Жалпы ауданы 8211 кв.м., соның ішінде университеттің алатын ауданы 6389 кв.м.және ол екі ауысымды білім беру процесінде қолданылады.
Университет факультеттерінің оқу-зертханалар базасы 20 мамандырылған кабинеттерді қамтиды, оның ішінде 11 компьютерлік сыныптар,  3 мультимедиялық залдар, 2 тьюторлық сыныптар, "Тарлан-Даулет" киностудиясы мен телестудиясы, электрондық ресурстар залы, зертханалар, 2 спорт және тренажер залдары.  Мамандырылған кабинеттер оқу процесінде тиісінше белгіленген мақсаты бойынша қолданылады. Материалдық-техникалық және қоғамдық база жалпы ауданы 441 кв.м. жатақхананы қамтиды.

+1 дауыс
Қарағанды «Болашақ» университеті
Қарағанды қ., Ерубаев к. 16
Телефон нөмірі: +7 (7212) 42 04 25, факс: +7 (7212) 42 04 21
Электрондық пошта:  [email protected]
Интернет сайт: kubolashak.kz
...