+1 дауыс
33.2k көрілді

Осыдан 5 жыл бурын агайын кокемiздiн, баласы уйлендi. Олар ауылдагы оте бакуатты отбасылардын, катарында едi сол жылдары. Алган келiндерi кожанын, кызы болып шыкты. Жаксы пысык, акылды келiн деп барi мактайтын. Бiрак онда кандай да бiр такаппарлыкты байкайтын едiм, тек оз айтканымен журедi ,абысындарымен араласпайды, караган козкарасында бiр менсiнбеушiлiк бар сиякты. Казiрде балалары бар , бакытты отбасы. Ал сол уйдегi улкен апа(енесi) жакында уйiне барганда : -Осы келiн келгелi берi жолымыз болмай ак койды, малдын, барi курыды, балалар табыс тауып отыр ,бiрак сол табыстарынын, берекесi жок. Кожалар карамен кыз алыспайды деп жатушы едi, кателiк жасадык па басында ,- деп кояды апама. Кожа деген руга жатпайма? Олар кiмдермен кыз алысады? Кожалар туралы толык акпарат жазын,ыздаршы

21 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ал Көркем мен саған ол руды түсіндіре кетейін:

Олар ежелден ақсүйектер деп саналған. Ол ру негізінен біздің Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданында тығыз орналасқан. Олардың ақсүйек аталатын себебі осы кезге дейін тек өз руы ішінен ғана яғни қожа қожаға үйленген. Ал уақыт өте олар бізбен құдандалы болды. Олар бар румен қыз алысады-қыз беріседі.Ата-бабалары арабтар болған дейді. Менің әжемде қожа.Татем қожаға тұрмысқа шығып сол ауылдарында қаза болған. Сенікі менікі деп бөлінбейді.Олар өте ұйымшыл тату!Жаңақорған қаласына барсаң көресің!
Қожалар арғы аталар Араб минды кісілер болған деп әжем айтқан еді?
ол рас Атлах шайқасынан кейн дін таратуға қалған
Белгісіз
Жахар сен Қожасынба
жоқ,,,,,,,,,,,,,,,,,
Белгісіз
0 дауыс
кожа руы Шыңғысхан тұқымы деп естігем негізі, бұрынғы заманда ру арасында келіспеушілік ата-бабалар арасында болған болу керек...
Олар араб тұқымдары, Шыңғыс тұқымы төрелер.
Шыңғысханның ұрпақтары қожалар емес төрелер!
+2 дауыс
Олар тек қана қожамен қыз алысады. Өздерінше қарамен қыз алыссақ қан бұзылып кетеді деп қояды.
қайдам өзіміз қыз алысып қыз беріскенбіз
Белгісіз
+5 дауыс
Бір қожа (бақсайыс) отбасымен жақсы араласамыз. Шиелі деген жерден. Сол үйдің жалғыз бір баласы менің жолдасыммен бірге оқыған, досы.қазір жасы елуге жақындап қалды. Соның бес қарындастары біреуінің куйеуі адай, екіншісінің күйеуі қыпшақ, үшіншісінің күйеуі қоңырат, төртіншісінің күйеуі алаша деген рудан. Ал бесінші қарындасы әлі күйеуге шыққан жоқ. Олардың ақ сүйек екені тарихтан белгілі. Қазақтың билігі төрелерде болса, иманын, яғни дінін қожалар ұстаған. Коркем, тарихты көбірек оқы. Ал қазір олар да  сен сияқты қазақтар . Егер анау көкеңннің уйінде береке жоқ болса, ол енесінің теріс ойынан шығар.Абысындардың ортасында ,қожадан келін болмаса да " енеме мен жасы көрінейін" деген бәсеке болады.
+1 дауыс
Қожа руы - Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ұрпақтары болып саналатыны рас. Алайда, шариғатта Қожа руы қара қазаққа қыз бермеуі немесе алмауы керек деген заң жоқ шығар. Меніңше бұл Қожа руының менмендігі және тәкаппарлығы сияқты, ал бұл (тәкаппарлық - өзін басқалардан жоғары санау) болса ислам дініндегі ең үлкен күнәлардан екені белгілі. Ал енді солай бола тұра, кең даладағы қара қазаққа - қасиетті ислам дінін тарата отырып, неге өздері оның заңдарын өрескел бұзады??? Мейірімі шексіз - Аллах (т.ғ.), егер қате ойласам кешіре гөр !!!
+1 дауыс
Қожа руынан шыққандар расында Пайғамбарымыз(с.ғ.с) ұрпағы алайда олардаң менмендігі мен тәкәппарлығы жоқ. Олар қарапайым болуға тырысады егер олар тәкәппар болса ондай жағдайда ислам дінін насиқаттап өзге адамдарды дінге үйрете алмас еді. Дін жолында олар қаншама қиындықты бастан өткізді. Арине ол қожа руынан шыққанымен қандай тәрбие алғанын білмеймізғой сондықтан бір келінді көрдім деп басқаларын қаралауға болмайды.
0 дауыс
Қожа руының тек өз ішінде ғана қыз алысуын Тәқаппарлық пен менмеңдікке балау барып тұрған сауатсыздық. Қожа руы арабтардың орта азияға келіп тұрақтаған ұрпақтары. Қожалар өздерінің тегін қанын сақтап қалу үшін қызын қожаға беріп, қожадан қыз алып отырған. Қожалар Түркі тайпаларына жатпайды. Себебі Арабтар мен Еврейлер Нух пайғамбардың Сам атты ұлынан тарайды. Ал Түркі халықтары Яфестен тарайды. Қожалар алғашында қыз алысу берісу мәселесіне өте берік болған(яғни қызды тек қожаға беріп, қожадан ғана қыз алған). Алшыннан шыққан Жалантөс Бахадүр қожаның қызын сұрап барғанда Қожалар сен қарадан шыққансың саған қызымызды бермеймiз дейдi. Coнда Жалантөс өзiнiң Наймандардың басшысы болған Төлек атайдан қай жерiнiң кем екендiгiн айтып ренжiген екен.Төлек атай Найманнан шыққан, қожаның қызын алған. Найманнан шыққан Ер Қаптағайдың атасы. Бірақ уақыт өте келе қожалар қыздарын жергiлiктi түркi тайпаларының беделдi тектi өкiлдерiне бере бастайды. Кейiн Моңғол-Татар шапқыншылығынан кейiн Шыңғыс тұқымдары Төрелермен құдандалы болады. Қожалар қожадан қыз алмаған күнде, қазақтың тектi деген жерiнен қыз алған. Айта кетсек Төле бидiң шешесi Қожаның қызы. Қожаларда мынадай заң бар. Яғни бip ұрпақты қарадан алуға болады. Бұл былай болады. Әкесi де шешесi де қожадан болған ұл қарадан қыз ала алады. Бipaқ оның қарадан туылған баласы қарадан қыз алалмайды. Егер қарадан қыз алатын болса онда оны қожалар шежipeciнен алып, қожа деп атамай "Сиық" деп атап кетедi.
0 дауыс
олар  ак суйек болса, ак суйек екенин кайдан далелдеп береди, не тили жок не мемлекети жок лагып журген бир  дуаналар, оздеринше биз кожамыз казакка кызымды  бергенимше итке бергеним  артык деп  журеди, кайсы ханнын?, кайсы  султаннын урпагы сонша  кокректенетиндей.? казактарды  адам емес мал ретинде санап  журеди  гой
0 дауыс
олар  ак суйек болса, ак суйек екенин кайдан далелдеп береди, не тили жок не мемлекети жок лагып журген бир  дуаналар, оздеринше биз кожамыз казакка кызымды  бергенимше итке бергеним  артык деп  журеди, кайсы ханнын?, кайсы  султаннын урпагы сонша  кокректенетиндей.? казактарды  адам емес мал ретинде санап  журеди  го
Сіз сәл артық кеттіңіз ! Пайғамбарымыздың ұрпақтары деп тұр ғой төбеде жазылып. Үмбетім , үмбетім  деп артында қалған күллі мұсылманды ойлап жан тапсырған  , адамзаттың ардақтысы асыл пайғамбарымыздың ұрпақтарына құрметпен қараған дұрыс ау! Группамда қожаның қыздары бар , сондай сыпайы әдепті алтын қыздар.  Бірге оқыған осы жылдар ішінде бір жаман қылықтарын байқамадым, тәкаппарлық , менсінбеушілік деген атымен жоқ.  Осы сұрағымды өшіре салса дұрыс болар еді.
0 дауыс
Қожалар ең алғаш Орта Азияға ислам дінін тарату мақсатында келген.Жоғарыда көптеген пікірлерді естідім.Қазақта өсек қалған ба?!Үйінің берекесі кетсе келінінен көріп,шаңырағы қуанышқа толса қашанда ұлының арқасы деген гой.Жүзге бөлінбей тыныш жүргенге не жетсін.Мен өзім қожамын.Бірақ қожамыз деп менменсініп,тәкәппарлық танытып,өзінше болған кезіміз болған емес.Бізде қарапайым адамдар сияқты өмір сүріп жатырмыз.Қожаны сөз еткенше жүз бен руға бөлініп жатқан өз қазағымызды айтайық та.Жүзге бөлінбей тыныш өмір сүргенге не жетсін?Алланың есімін ауызға ала отырып,кезінде Ислам дінінің есімін берік ұстап, дінге адал болған жандар туралы жаман айтпаңыздар.Тарихты жақсылап оқысаңыздар,мұндай қаңқу сөзді айтпас едіңіздер.Тілі жоқ әйтеуір жүрген біреу деген пікірлер тіпті орынсыз.Сауаттырақ болыңыз...
0 дауыс
Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сəлемі болсын) тіпті болмай бара жатса христиандардан қыз алуға рұқсат еткен. Қожалар да, қазақтар да мұсылмандар! Ал егер ақсүйектің ұрпағымыз, қараның ұрпағысыз деп бөлетін болса - онда олар Пайғамбардың (Алланың игілігі мен сəлем болсын) үмметінен емес!
0 дауыс
Сəлем баршаға! Қызылордалық Қожжан Қожалар барма? Өзім осы рудаын
0 дауыс
Қожалар қарадан яғни қазақтан қыз алған, қожалар қараға қыз бермеу себебі-кезінде Қазақтың ұлы билері қожоларды пір яғни ұстаз етіп, пайгамбарымыз (сас) əулетінен тарағанын біліп, қожадан қыз алмаған. герде қыз алып арада ұрыс жанжал болған жағдайда қара баласы қожа қызын согіп бопсалап қоймасын  деген ниетпен пайғамбарымызға (сас) сөз келтірмеу үшін солай жасаған. Ал қазір барі басқаша. Менің анашым Əлім Қарасақал, əйелімде Əлім Қарасақал.
0 дауыс
Қожалар - бəрімізге белгілі дін жолында жүрген адамдар. Олар Əли (р.а), Əбу Бəкір (р.а) Мұхаммед (с.а.с) немерелері Хасан мен Хусейн ұрпақтары болған. Ал мəселеге тоқталсақ қыз алыспау мəселесі қожалар емес дана қазақ атамыз шығарған. Қазақтар өте дана болған " сіздер бізден қыз алып өсіп көбейіп бізге пайғамбарымыздың (с.а.с) өнегесін хадистерді жеткізіңдер, бірақ біз сіздерден қыз алмаймыз" деген. Себебі " Біз қыз алғасын оған кейін қатты сөйлеп қоямыз, отбасы болғасын ұрыс болмай тұрмайт қызды балағаттап,боқтап қойса тікелей сахабаларға, пайғамбарға тиеді" деген қорқынышпен сый құрметпен алмайтын болған. Қожалар əдемі қызын өздері алады, тəкəппар т.б. əңгімелер бос əңгіме. Мен қожа руынан емеспін. Менде осындай пікірде болатынмын. Имамнан сұрап білдім ақиқатын.
0 дауыс

Мен Қожа руынан шықанмын ақ сақалды аталарымызбен  көненің көзін көрген әжелерімізден неге қожалар өз іштерінде қыз алысып беріседі? оны кім шығарған ?дегеім де- маған айтқаны оны біз шығарған жоқпыз қазақтың  Қазақтың би, сұлтандар мен зиялылары сіздерге қыз берейік бірақ қыз алмайық себебі қанша  дегенмен біздің аузымыздан аңдаусызда қызға жаман сөз айтып қойсақ ең бірінші оны асыраған ата - анасына емес Пағамбар с.а.с тиеді сондықтан  сіздерге қызымызды  береміз бірақ қыз алмамыз деген екен .Сондықтан бәрін қожалардан көрудің қажетті жоқ .Тарихқа көз жүгіртіп сөйлген жөн .Білмесе артық сөздің керегі жоқ. Елі жоқ тілі жоқ дегенің орынсыз себебі Қазақтың ұлы хандары қожалармен әр дайым кеңесіп отырған қандай жағдай болмасын олардың сөзін жерге тастамаған тіпті оларды пір тұтқан сондықтан сөзің тым артық .

...