+4 дауыс
599 көрілді
Мен бір баланы жақсы көріп қалдым. Бала махаббат-шала махаббат болар, бәлкім. 7шi сынып оқып жүргенімде. Аты-Тұрар. Жүрегімді жаралағаны соншалық, барлық істерді жасадым, біліп жасадым, білмей жасадым. Қарамады. Өзім талай баланы ақыл есінен айырып, ғашық еткенмін. Мақтанғаным емес. Солай жүріп, жүректегі сәуле сөнді. Одан кейін адал махаббатқа жолыққым келді, болмады. Жүрегім қыстағы судай, мұздады. Айлар өте бір жарысқа барғанда, бір бала Махамбеттің "мен, мен едім" деген күйін шырқады, дауысы жақсы, ол жағы ұнады. Киімі де тәп-тәуір, батырлардын киімі. Өзі де жақсы, сұлу. Сол сәттен бастап, жүрегім жылып, ерекше бір сезім баурап алды. Бұл 8шi сынып кездегі оқиға. Мен ғашық болдым. Өнеріне, өзіне. Мінезіне. Бұрынғыдай ғашықтығымды халыққа жаймадым. Бір күні, сезімімді қағазға түсіріп едім, анам сөмкемді қарап отырып, сол қағазды көріп қойған. Мен қатты ұялдым. Ол енді маған өз пікірімен бөлісіп, ақыл айтып жүр. Кейде мазақтап та қояды. Мен бір оқпен екі қоянды аттым. Бір жағынан махаббатым пәк, шыншыл, екіншісі анам маған сырлас болды. Ал сіздін пікірініз қалай? Білгім келеді.

5 жауап

+2 дауыс
Жақсы емес пе?!Анаң саған ақылын айтып отырады.Бәрін ішіңе сақтай берген де жаман.
+2 дауыс
Күшті жазады екенсің, сенің оқиғаң менің таныс бір қыздықінен аумадйы екен. Мамаң ренжімесе болғаны.))
Рахмет, аздап болсада шет жағасын айтайын, мен жас ақындардын бірімін, Иншаллах.
ух ты күштіі, сәттілік.
+2 дауыс
Қыз деген енді анасымен сырлас болуы керек ғой, өзі солай болады да)
+2 дауыс
Анаңның, апаңның ақылына не жетсін?! Жарайсыз.Сіз үшін қуаныштымын!
+2 дауыс
сізге қолдау көрсетседе,қарсы пікір айтсада анаңнан еш нәрсе жасыруға болмайды,енді әкеңізге өз аузыңызбен айтып кеңес сұрап сырласып көрсеңіз алдағы өміріңізде барлық қиындықтарды оп оңай шешетін боласыз,себебі адамға ата ана еш қашанда жамандық ойламайды,ең жақын досың анаңмен әкең,армандаған махабатыңызға жетуіңізге тілектеспін
орынды айтылған ой екен.
...