+2 дауыс
21.8k көрілді
Онтогенез дегеніміз не?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Онтогонез(грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.
–1 дауыс
Ондай өтірік сұрақ Қоймайық !
Бұл сұрақтың қай жері өтірік екен, түсінбедім?
Онтогенез деп Гуглге немесе Яндекске іздеп оңай табуға да болады неге сіз осы Сабақтағы әр анықтамаларды сұрай бересіз!!! Кішкене басқаша Күрделі сұрақ қойшы! Ал Онтогонез  Генетика дегеніміз не деген сияқты сұрақтар біртүрлі емес па және сж сайтында орын алып тұрады
Белгісіз
Қандай сұрақ қоятынымды өзім білемін. Сұрақ жауап сайты сұрақ қоятын сайт, ал мен сайттың ережесін бұзбадым, бұл сұрақта күрделі сұрақ басқа қолданушыларға сұрағым ұнады мұны сұрағымның +2 бал алғанынан байқадым. Босқа ақ тер көк тер бола бермеңіз.
жарайды Жай мен үшін Сенің бұндай сұрақтарын кедергі келтіріп тұр!  Оқу туралы сұра, бірақ Ондай  ӨТЕ ҰСАҚ-ТҮЙЕКтерді сұрамашы! өтініш!
Белгісіз
Өтінішіңізді орындауға тырысамын!
0 дауыс
Ұрық болып түзілуінен бастап тіршілігінің соңына дейінгі кезең

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
0 жауап
+2 дауыс
2 жауап
...