+1 дауыс
2.0k көрілді
Мен 14 жастамын. Менің сырласым жоқ, тіпті анаммен де сырласа алмаймын. Достарымда саусақпен санарлық. Негізгі тақырыпқа көшсек, былай:"анам және әкем мені қызы деп санамайтын сияқты, ұрысады, ананың қызы дым жақсы, бізге ондай қыз қайдан бұйырсын" деп, ашуымды келтіреді. Отырып алып мені жамандайды, үй шаруасына қарамайды деп, өткен-кеткеннің бәрін бетке басады. Кейде шыдамай жылап жіберемін, кейде ата-анаммен ұрсып қаламын, немесе қырсығып аламын. ( Торпақтар өте жаман қырсық ) Кейде сені неге тудық, жұмсау үшін тудық, бір пайдаң тимесе сенің түккеде пайдаң жоқ, көзімізге көрінбе дейді. Қолындағы нәрсесін лақтырады, кейде өлтіремін дейді. ЕГЕР ЖАҚСЫ ЖАҒЫН КӨРЕ ТҰРА, ЖАМАН ЖАҒЫМДЫ КӨП АЙТАТЫН, АТА-АНАМ, АНАНЫҢ КЫЗЫ, МЫНАНЫҢ ҚЫЗЫ ДЕП, ҰРСАДЫ. АЙТЫНЫЗДАРШЫ, ЕГЕР СОЛАЙ ӨЗГЕЛЕРДЕН КЕМСІТІП, КЕМІТІП СӨЙЛЕСЕ КІМНІҢ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҚҰЛШЫНЫСЫ АРТАДЫ?
эээхх) менің жанымда снегурочка екенсін гой) менің ата-анамның үйдегі маган корсететіндерін айтсаңшыы(((( қорлық таза(((((:(ос тақырыпты көтерем бе деп жүр едім

8 жауап

+3 дауыс
Не болсада анаңыздың айтқанын тыңдаңыз!Ата ана қадірін балалы болғанда білерсің дейді ғой!Анаңыздың ұрысқанын өзіңізді мақтаған мен теңеңізде жүре беріңіз!Сіз ойлайтын шығарсыз тек менің ғана анам сондай деп!Жоқ бүкіл ата ана сондай!Не болсада ата ана тілін алыңыз!
+4 дауыс
Белгісіз жан жақсы болсаңыз сізге қолында сау деген анықтамасы бар ата-ана олай сізге айтпайды! Атаңа не істесен алдыңа сол келеді дейді. Ұрысатын ата-ана болмайды,ұрыстыратын бала болады! Ата-ана ешқашан баласына жамандық тілемейді! Сұрағыңызға жауабым:

-Менің құлшынысым артады! Маған қандай да айтылған әңгіме болмасын мен оны өзіме айтылған тілек деп ойлап намыстана еңбек етем. АЙтқандарын істеймін. Себебі мен оларға парыздармын.Борыштармын. Құранда да жазылған емес пе , жұмақтың кілтін ананың аяқ астынан іздеңдер деп! Әр ата-ананың тәрбиелеу тактикасы әртүрлі болады. Бір отбасындағы ата-ана сіздікіндей жұрттың баласымен теңестіріп намыстандырып тәрбиелесе , бір отбасындағы ата-аналар мүлдем қарамайды деп айтуға болады. Отбасында ата-анадан сын естіген бала ешқашанда өмірден таяқ жемейді. Ол қайта шындалады. Сіз қайта қуаныңыз! Сізге осыншама көңіл бөлгеніне! Қате өзіңізден де кетуі мүмкін ғой! Мысалға: бас алмай агентке кірерсіз , сабақ үлгеріміңіз нашар болар , айтқанын істемейтін шығарсыз! Адам ең алдымен қатені өз бойынан іздеу керек! Сіздің бұлай алты алашқа аты мәлім СЖ сайтында осылай сұрақ беруіңіздің өзі сіздің таяз ойлайтындығыңыздан хабар беріп тұр! Ойыңыз таяз болмас үшін кітаб оқыңыз! Ата-ана ешқашанда кінәлі болған емес! Болмайды да!
+2 дауыс
Жалғыз сенің анаң сондай емес, меніңде анам маған ұрысқанда, елдің қыздары деп сөзін бастайды да көршілердің, туыстардың мемен жасты қыздарын тізіп мақтайды, ондай сөздерді біз жақсы болсын деп айтады ғой, көңіліңе ала бермесейші, анаң сенің болашағыңды ойлап айтады ғой, Құдай сақтасын бірақ анаң болмағанда не болар еді. Қайта осығанда шүкір деп, қамықпай анаңның көңілінен шығардай үйді жинап мақтауына ие бол, сосың жарайсың дейді, осымен реніш жойылады.
сіздей ойлайтындар көп болса ғой!+1
Белгісіз
+1 дауыс
менда сен сияқты айтатын кезінде кішкентай кезімде тіпті 3 сыныпта оқып жүргенде ақ айтатын неге үй жинау билмейсін өзіңнен үлкен апен истей ма деп, өсе келе ондайлар айтпайды ақыл есін кіреді ғой. мен ол кезде ойын баласы болғандықтан үй жинау ондайларға ман бермедим да ойынап кете беретинмин, бирак ішімнен катты ренжитинмин.. казир есиме туссе кулким келеди ойткени сол кездеги балалык еди мен истеген кылыктарым. ата ана бирак жаман болсын демейди гой ширасын жұмыс істеп үйренсін дейди. сен ондайға коп ренжиме жүйкен жұқарады менің да басымнан откен дал сендей сен сиякты менда кырсыгып отырып алатынмын. осе келе барин умытасын...
+1 дауыс
Алдымен сәлем!Менің ойымша сен жас кезіңнен бастап анаңмен сырласпаған сияқтысың.Жалпы сенің басындағы жағдай қөптеп кездеседі.Ондай жағдайларды деп өмірден түңілудің де керегі жоқ.Сен жай ғана анаңмен сырласуға тырысып көр.Мүмкін сырларыңды ашық айтып жеңілдеп қаларсың...
+1 дауыс
Сенің жасыңда бұл таңқаларлық жағдай емес. Сен де қазір өтпелі кезең. Ата-анаңа қырсықпай, олардың айтқанын орындауға, оларды түсінуге  тырыс. Мүмкін олар мына өмірдің қиыншылықтарынан шаршап жүрген болар. Сен оларға ренжудің орнына қолқанат болуға ұмтыл. Олар сені ешқашан жаман болсын демейді. Егер ата-анаң саған ұрысса, сен керісінше "Маматай, әкетай мен сендерді бәрібір жақсы көремін" деп айт. Бұндай сөздерден кейін ұрыса да алмайды ғой.
0 дауыс
сіз еш қашанда ата анаңызға кінә тақпаңыз,өзіңізден іздеп көріңіз,анаңыздан сұрап көрдіңізбе не істесем көңіліңізден шығалам деп,мүмкін сіз өз міндеттеріңізді дұрыс орындамайтын шығарсыз, мысалы компютердің алдында көп отру,телефонмен агент,немесе достарыңыздың үйіне көп бару сияқты ойланып көріңіз сіздің жасыңыздағы қыз тас қайнату керек,сіздікі еркелік
0 дауыс
Құрдас екенбіз... Ата-анаңды да солай өсірген-ау шамасы... Өз баласын төмендету жаман нәрсе. Болашақта ата-анаңның қателігін қайталамауға тырыс. Мен, дәл қазір осы жазбаны оқып өзімнің асылық іс жасап жүргенімді түсіндім. Негізі ата-анаңмен, әсіресе анаңмен тіл табысып, көп сырласуға тырыс. Кінәні өз бойыңнан іздеп көр, мүмкін ата-анаңды қатты ренжітіп алған шығарсың... Жатар алдында мамаңның аяғын уқала, әкеңнің жейдесін үтікте, үй жинап қой, тамақ жасай сал... Осылай жасасаң ата-анаңның разылығын аласың, сөйтіп-сөйтіп тіл табысып кетесің. Арасында ақша жинап ата-анаңа наски алып берсеңде қуанады олар... Әйтеуір мен сияқты алдап қоюға тырыс. Менде де осындай жағдайлар болып тұрады арасында...

Ұқсас сұрақтар

...