Ең жақсы колледж Алматыдағы КазНТУ-дің колледжі! Былай депті ресми сайтында:
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжі
9-11 сынып базасында күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша ақылы негізде мектеп түлектері мен арнайы лицей оқушыларын қабылдайды.
Колледж Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады және «Колледж-ЖОО» салалық мамандықтардың оқу кешеніне ие.
ЕБірыңғай материалдық-техникалық базалар, екі жақтық оқу жоспары мен бағдарламалар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжін тәмамдағаннан кейін қысқартылған бағдарлама бойынша университетте оқуды жалғастыру мүмкіндігін береді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжі – бұл:
түлектерді рухани және интеллектуалды дамытудың жаңа сатысы;
бәсекеге қабілетті оқу бағдарламалары;
Колледждің жоғары білікті профессорлық-оқытушылар мен қызметкерлер ұжымы;
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да үш жылдық жеделдете оқу, уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу;
білікті маман болу мүмкіндігі;
университеттің заманауи техникалық жабдықталған оқу және зертханалық кабинеттерде білім алу және практикалық дағдылану;
шетелдік коледждерде оқу және практикадан өту мүмкіндігі;
ағылшын тілін тереңдете оқу;
Интернет желісімен қамтамасыздандыру
11-сынып базасында оқуға түсушілер үшін Жол картасы бойынша кейбір мамандықтарға конкурстық негізде мемлекеттік білім гранты қарастырылған.
Оқу процесінде оқушылардың теориялық білімі зертханаларды, шеберханалар мен компьютерлік кластарды пайдалана отырып, практикалық дағдыланумен ұштастырылады.
Оқушылар университет пен республика көлемінде өткізілетін шараларға, пәндік олимпиадаларға, спорттық жарыстарға және конференцияларға қатыса алады.
Үлкен материалдық-техникалық базаға ие бола отырып, «Колледж-ЖОО» оқу кешені 19 мамандық бойынша терең де мықты білім беру мүмкіндіктеріне ие.
Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Колледжге 25 тамызға дейін тест нәтижесі бойынша қабылданады.
Оқу ақысы жыл сайын университетте белгіленетін есеп негізінде заңды және жеке тұлғалардың келісім-шарты бойынша төленеді.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжінің түлектеріне техникалық орта және кәсіби білімі туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжіне қабылдау жөніндегі азаматтардың өтініші ҰБТ және КТ сертификаттары бойынша ағымдық жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін жүргізіледі.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Колледжіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:
Қабылдау туралы өтініш;
Орта білімі туралы аттестат (немесе күәлік);
Мемлекеттік сертификат (бар болған жағдайда);
6 дана - 3х4 фотосурет ;
Жеке куәлік (көшірмесі);
Медициналық анықтама, 086-У формада және бала денсаулығы паспорты;
Әскери күәлік (көшірмесі);
Келісім-шарт.
Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Ладыгин көшесі 34, тел: 8 (727) 309-73-83, 309-73-85
Мамандықтары:
Колледж мамандықтары
№
Шифр Мамандық атауы Біліктілігі Оқу мерзімі
1 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» техник-бағдарламашы 2 жыл 10 ай
3 жыл 10 ай
2 0801000 «Мұнай және газ уңғымаларын бұрғылау және
бұрғылау жұмыстарының технологиясы» техник-технолог 2 жыл 10 ай;
3 жыл 10 ай
3 0703000 «Гидрогеология және инженерлік геология» техник-гидрогеолог 2 жыл 8 ай;
3 жыл 8 ай
4 0515000 «Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша)» менеджер 1 жыл 10 ай;
2 жыл 10 ай
5 1302000 «Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша)» электр механигі 2 жыл 10 ай;
3 жыл 10 ай
6 0416000 «Сәулет» техник-жобалаушы 2 жыл 6 ай;
3 жыл 6 ай
7 0601000 «Стандарттау, метрология және сертификаттау
(салалар бойынша)» стандарттау
технигі 3 жыл 10 ай;
2 жыл 10 ай;
8 0809000 «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану» техник-технолог 2 жыл 10 ай;
3 жыл 10 ай
9 0903000 «Электроэнергетика (салалар бойынша)» техник-энергетик 2 жыл 6 ай;
3 жыл 6 ай
10 0906000 «Жылу электр станцияларының
жылу энергетикалық қондырғылары» техник-энергетик 2 жыл 10 ай;
3 жыл 10 ай
11 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,
жөндеу және пайдалану» техник-механик 3 жыл 6 ай
12 1401000 «Ғимараттар мен ғимараттарды салу және пайдалану» техник-құрылысшы 2 жыл 6 ай;
3 жыл 6 ай
13 1403000 «Ішкі санитарлық техникалық қондырғыларын,
желдету және инженерлік жүйелерін ,
жинақтау және пайдалану (түрлері бойынша)» техник-сантехник 2 жыл 6 ай;
3 жыл 6 ай
14 1404000 «Су мен қамтамасыздандыру және суды ағызу жүйелері» канализация шаруашылығының
су құбырларын салу
және желілерді пайдалану бойынша техник 2 жыл 6 ай;
3 жыл 6 ай
15 1405000 «Газ жабдықтау жүйесі мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану» газ объектісіндегі
құрылғыларын
пайдалану технигі 2 жыл 10 ай
3 жыл 10 ай
16 1514000 «Экология және табиғи ресурстарды
тиімді пайдалану (сала бойынша)» техник-эколог 2 жыл 6 ай;
3 жыл 6 ай
17 0707000 «Тау-кен электрмеханикалық жабдықтарына
техникалық қызмет көрсету және жөндеу» электромеханик 2 жыл 10 ай
3 жыл 10 ай
18 1014000 «Технология машиностроения (по видам)» техник-технолог 3 года 6 месяцев
19 0907000 «Жылу техникасы жабдықтары және жылумен
қамту жүйелері (түрлері бойынша)» жылу технигі 3 жыл 10 ай;
2 жыл 10 ай