+2 дауыс
577 көрілді

Қазақстан ұлттық телеарнасының кемшіл тұстары қандай?

жақсы орынды сұрақ +1
Белгісіз

5 жауап

+1 дауыс
Өзіміздің қазақы киноларды берсе.Көбінесе қызық емес шетел киноларын беріп жатады.
Сол қызық емес шетел киноларын бермесе , көретін ешқандай кино қалмайды. Соғанда шүкіршілік ету керек. Қазақтың болып кеткен киноларын да беріп жатырғо қайталап, қайта қазақтың кинолары қызық емес. Тек "Шал" болар жақсысы. Түрік сериалдары мен корей сериалдарын бермесе теледидарға теледидардан не қараймыз? Қазақстанда кинолар түрік кинолары  сияқты күнде түсірілі жатқан жоққо.
+3 дауыс
Ең басты кемшіл тұсы - пайдасыз ұятсыз жарнамалар! Құдды бір сол жарнама беруші компаниялар ұлттық арнаға ақша бермесе арнасы жабылып кетердей! Үкімет сол арналардың санын көбейткенше сапасын арттыру керек қой! Ұлттық арнаға мол ақша берсін! Жарнаманы мүлдем берместей етіп!

Ал екіншісі кемшіл тұсы ол тәрбиелік мәні жоқ сериалдар! Түрік пен кәрістер мезімді шығарды! Түнде беретін киноларының мүлдем қажеті жоқ! Ұлттық арна мәртебесіне лайықты емес!
0 дауыс

Қазақстан ұлттық телеарнасында қазақи кинолар,бағдарламалар берсе жақсы болар еді.Келін сияқты киноларды көп беретіні болмаса.Біз Үндділердің киносын көп береміз,Ал үнділер Қазақ киносын көзінеде ілмейді.

0 дауыс

Кемшілігі  шындықты  көп  айтпайды

+1 дауыс

Бұрын футбол көрсететін еді, қазір көрсетпейді. Яғни спорттық трансляциялар көбейтсе жақсы болар еді.

иа ЧЛ-сын көрсететін еді....
...