0 дауыс
2.2k көрілді
Коктейл қалай жасалады?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Коктейль — әртүрлі ликер-арақ өнімдері, жүзім шараптары, коньяк, ром, шырындар, жеміс-жидектер, қаймақ, жұмыртқа, бал қоспаларынан әзірленетін ішімдік. [1] Әдетте коктейльдер ашық және әр алуан түсті болып келеді. Қолданылу мақсатына қарай коктейльді ащы (ішімдік орнына) және десертті (десертке береді) етіп әзірлейді. Коктейльді арнайы металл ыдыста араластырады. Оның орнына термосты да пайдалануға болады. Кейбір коктейльдер мұқият араластыруды қажет етпейді, оларды тікелей бокалдарда немесе фужерлерде әзірлейді. Коктейль миксерде өте тез және оңай дайындалады.

ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕРІ

Коктейльдің құрамына кіретін заттардың бір-бірімен араласу деңгейіне байланысты барлық қосындылар төмендегі әдістер бойынша жасалады:
шейкерде араластыру;
блендерде араластыру;
араластыруға арналған стақанда дайындау;
бокалдың өзінде араластыру;
Коктейль құйылған бокалдар әдетте лимон немесе өзгедей цитруспен безендіріледі немесе кішкентай сабан талымен қоса беріледі.

Немесе:

1. Стақанның шамамен ғана 2/3 бөлігінде су бар
2. Кофе
3. Кола
4. Мұз (қақпақта көрінбей қапты)
5. Кеседе сливка

Стақандағы даяр суға, 1,3 шәй қасығымен кофе салып, сливкадан 4 қасық салдым. Артынан кола құйдым, абай болыңыз кола құйғанда көбігі көтеріледі. Мұздар салып араластырып ішу ғана қалып тұр.

Сливканы жасау үшін, екі қасық балмұздақты тәтті (сгущенка) сүтке және 4 шәй қасық сүтпен араластырып жасау керек.

Ақпараттар:

Уикипедиада.

Айтаберде.

...