0 дауыс
28.9k көрілді
Казакстанда кыздарга арналган аскери ЖОО бар ма???

11 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қыз балалар оқуға қабылданбайды. Қыздар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Әскери институтына оқуға түсуге мүмкіндік бар немесе ішкі істер министрлігінің төмендегілер:  

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты - Алматы Қаласы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы - Академияда жоғары білімі бар кадрларды даярлау «Құқық қорғау қызметі» (бакалавриат) мамандығы бойынша жедел-тергеу, жедел-криминалистикалық, жедел-іздестіру және әкімшілік-құқықтық мамандандырулар бойынша жүзеге асырылады. Күндізгі оқу нысаны бойынша оқу мерзімі – 4 жыл, сырттай оқу нысаны – 5 жыл, қысқартылған оқу нысаны (техникалық және кәсіптік жоғары білімнен кейін) – 3 жыл. Мекенжайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29. www.academymvd.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ Б.БЕЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯСЫ - Академия 050303 – «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша жоғары білім және 12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология; қылмыстық-атқару құқығы, 12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы; жедел-іздестіру қызметі мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім аясында қызмет ету құқығын беретін мемлекеттік лицензияға ие. Оқыту нысаны – күндізгі және сырттай. мекенжай: 100021, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 124.
0 дауыс
әскери емес, бірақ Ақтөбеде АЮИ бар, (Актюбинский юридический институт) ,милиция бола аласың.
+1 дауыс
Бар, қысқаша ҮШУ(үй шаруашылығы университеті) деп аталады,бірақ қазір оғанда түсу оңай емес,
+2 дауыс
Қазіргі заманда барлық оқу бар ғой, қайсысын оқығын келседе...ақшаң болсан болғаны..
0 дауыс
Қазақстанда негізінен қыздарға арналған оқу орындар бар. Бірақ қыздардың көбі ондай оқу орнына түсуге құмартпайды, сол себепті мықты дамымаған. Мен өзім де әскери оқу орнына түскім келеді, бірақ ақшасы қымбат.
+1 дауыс
Қазақстан республикасы іім б.бейсенов атындағы қарағанды академиясына түсу үшін ұбт-дан қанша балл жинау керек? Грант барма? Осылар жайлы толығырақ айтып жберсеңіздер?
0 дауыс
менде аскери окуға түскім келеді біракқ қай қалада  бар? қалай түсү керектігін білмеймін интернеттен іздедім бірак канағаттырарлықтай жауап таппадым.....
0 дауыс
Қазақстанда қыздарға арналған 26 әскери оқу орны 2015 жылдан бастап ашылды. Оның ішінде Тараз Мемлекеттік Университеті жатады. Қыздарды 2 мамандықта оқытады, метрология және радиобайланыс,әрине грант болмасада, ҚР ҚК қатарында боламыз деген қыздарымыз бар.
Қыздарға арналған әскери ЖОО қазақстанның қай қалаларында бар?таңдау пәндері қандай болмақ?Офицерлік шен алып шыға алама?
0 дауыс
9қыз балаларга арналган кандай арзан немесе грант бар окулар бар
0 дауыс
9сынып бітірген қыз балаларға əскери оқулар барма?
Бар болса қай қалада екен толықтай мəлімет бере аласыздар ма)
0 дауыс
Казыр сол аскери окуга тустынызба?
...