+4 дауыс
8.9k көрілді
Казiргi кезде елiмiзде карттар уйi кобейiп келедi. Бiр кариянын, балалары болмай ,ал косагы омiрден отсе,жалгыздыкка шыдай сол карттар уйiне барады. Ендi бiрiнiн, балалары унатпай акелiп тастайды. Мумкiн картайганда казымыр шал, какпас кемпiр болып кететiндерi бар шыгар. Не болса да ол бiр кездегi аскар тау аке мен ак сут берген аяулы ана емес пе?! Ата ананын, жаманы болмайды. Сол ата анасын карттар уйiне шiмiрiкпестен откiзе салатындарга не жаза бар? Ондай азгындар туралы не айтуга болады?
"Ата-анасын жылату, ренжiту,  оларга карсы келу  деген соз ,бул улкен куналардан саналады."  Хадис.
Өте жақсы сұрақ* +1

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
"Ата-анаң жынды болса байлап ұста" деген сөз бар ғой қазақта, қанша жерден қартайып, нерв клеткалары тозып мазасыз жаман кемпір-шал болса да оларды қарттар күйіне өткізу күнәнің ішіндегі күнәсі болар. Ата-ана боласын қартайғанда өзіме демеу болсын деп өсіріп,  құмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіреді, а некоторое оларды қарттар үйіне өткізеді... Мен 1 курсымда қарттар үйінде 2 аптадай уақыт практикада жүргенмін, ішінде көпшілігі өзге ұлттар бірақ біздің қазекеңде де бар ата-анасын сонда өткізетіні, олар туған туыс біліп қойып ұят болар ма екен деп сыртқа да шыға бермейді, газет апарып берсен бір құмыра алтын апарып бергендей қуанып қалады, өмірде неше түрлі адам болады екен... Сондай мейірімді әже-аталарымызды көрдік, әңгімесін айтып, ақыл айтып, кейбіреулерімен шахмат, шашка ойнап қайтамыз. Еш бөтенсінбеді бізді, өз немерелеріне сағынышынан болар бізге мейірімді қарады көпшілігі. Ал кейбіреулері өмірге налып, ешкіммен тілдеспей қоятындар да болды, сонда жатып о дүниелік болып кеткендерді де сол 2 аптада біраз көрдік... Азғындар деп дұрыс жазыпсыз Көркем, азғынның да азғындары олар, кейін әже-ата қамқорлығын көрмеген немерелері қартайғанда өздерін де өткізіп жібереді, соны көріп өскен сон қалай өткізбесін? Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілмей ма, сұмдық енді... Жазасын өз балаларынан тауып қалар бәлкім, сонда түсінеді, бәрі кеш болғанда...
Дурыс айтыпсыз: Ата анан, жынды болса байлап бак дейдi.
Ата аналарымызды карттар уйыне тапсыргандар аргы дуниеде тозакка киреди...
+4 дауыс
Шынымен де ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндерді адам деп санауға да болмайды... Олардың әрқайсысының жеке себебі де болуы мүмкін. Дегенмен ешқандай себепсіз  ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндерді ешқашан түсіне алмаймын. Кейін өздерінің балалары солай тастап кетсе не істейді екен деп те ойламын.  Мүмкін тағдыр жазалайтын да болар, бірақ адамдар, заң  әзірге жазалай алмайды!
Ия тагдыр жазалап, кейiн оздерi де карттар уйiне тусетiн шыгар.
Тағдырыңа не жазылса соны көресін. Ондай адамдардың өз себебі бар шығар ешкіммен бөлісе алмайтын. Мен олардың жағын алмаймын менде ондайларға қарсымын.
+3 дауыс
Ондайларға мен өлім жазасынын өзін аз көрем! Оларға аштан қатыру деген жаза керек! Сонда біледі ата-ана қадірін! Ал ондай жаза пайда болғанша атаңа не істесен алдыңа сол келеді дегенге сенейік!
Ия, ата ана кадiрiн бiлмейтiндер олар.
+2 дауыс
Меніңше ондай адамдарға салық төлету керек көптеп, бірақ жағдайларынада қарау керек, кейбіреулер болады, ақша жетпей апарып тастайтын, кейбіреулер болады ақша жетседе апарып тастайтын міне осыларға апарып тастағандары үшін салықты аямай төлету керек, сосын ақшаны мемлекетке бергенімше, анама беріп өзім ақ қарағаным артық дейтін шығар, болмаса күн сайын жаңалыққа бүгінгі қарттар айдарын қосып қарттар үйіне өткізуге келген адамдарды (ата әжелерді емес) суретке түсіріп, аты жөнімен жаңағы айдардан көрсететін болса туған-туыс, көрші қолаң деп ұялып қарттар үйіне өткізбейтін шығар.
Айткандарын,ызга косыламын. Салык толету н/е газет теледидарга шыгарган дурыс сиякты
+1 дауыс
Ондай адамдарды Алла жазалайтын болар...
йя ешкім жазасыз қалмайтыны анық қой.
+1 дауыс
Өмірде ешбір адам қателеспей жасамайды. Сол сияқты ата -анасынан безгендер оңбай қателескендер. Дегенмен өмірдің өзі адамды тәрбиелеп жаза қолданады. Осы ата анасын қорлағандар ата-анасынан жәбір көргендер шығыр. Йя оларды ақтап айтатын себеп жоқ.Өткенде мен теледидардан бір сұмдықты естідім бір мүгедек қыздың әкесі өз мүгедек қызын зорлап үйнде қорқытып келген. Әкесі оны алғаш адаспасам 11жасында төсек қатынасына мәжбүрлеген,содан 4-5жыл бойы өз туған қызымен төсектес болған. Қыз қазыр 16-17 жас аралығында 1топтағы мүгедек әкесін сотқа беріпті. Міне бір бұл емес мұндай жағдай өкінішке орай етек жайып келеді.Осыдан кейін кім айта алады баласы аке-шешесіне қатал болмайды деп.Менің айтпақ болғаным Құс ұяда нені көрсе,ұшқанда соны іледі. Менің ойымша қазақи тәрбиені дәріптеп тәрбие жағын мықтап қолға алу керек.Тәрбие болмай ешқандай жетістікке жете алмайсын. Жеткен күндеде оның ғұмыры аз болмақ. Қазыр адамдарда ҰЯТ азайып баражатыр. Осының бәрі адамдарда ұяттың жоғының кесірінен орын алып жатыр. Мынаны істемейін ұят болады деген ой азӨзім білем демократия дейді бірдеме десең. Демократияны басқаша түсініп алған.
Сумдык окига екен. Ия когамымызда ондай азгын акелер де бар. Хайуаннан не айырмасы бар онын,. Кейбiр огей ана, огей акелер де катiгез болып келедi гой.
...