0 дауыс
16.2k көрілді
Дәмді компот жасаудың рецепті керек еді, көмек керек достар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Компот дайындауға жеміс-жидектің барлық түрі пайдаланылады. Жуылып, тазаланған жеміс-жидектерге қантты шырын құйып дайындалады.[1] Компотты кептірілген, консервіленген және жаңа жиналған жеміс пен жидектең әзірлеуге болады. Жаңа жиналған алма мен алмұрттан -жасалған компот. Тазартылған алманың әрқайсысын 6 —8 бөлікке бөліп, өзегін алып тастау керек. Алма қарайып кетпеуі үшін қайнатқанға дейін аздап лимон қышқылы қосылған салқын суға салып қойған жөн. Ішінде құмшекері бар кастрюльге 2 стакан ыстық су құнды да, оған туралған алманы салып, жұмсарғанша 10 —15 минут ( алма сортына қарай) қайнатады. Егер компот піскен антоновка алмасынан дайындалса, оны қайнауына жеткізсе болады. 500 г алмаға: 3/4 стақан құмшекер қажет. Жаңа жиналған алмұрттан жасалатын компотта осы әдіспен дайындалады, бірақ құмшекерді (алмұрттың төттілігіне қарай) азайтуға болады. Жаңа жиналған еріктен жасалған компот. Өрікті салқын сумен жуып, сүйегінен ажыратады. Кастрюльге құмшекер салып, 2 стакан ыстық су құйып араластырып, үстіне ерікті салып, қайнату керек. 500 г өрікке: 3 л стақан құмшекер қажет. Жаңа жиналған алма мен шиедей жасалған компот. Шиені салқын сумен жуып, сүйегінен ажыратыл, табақшаға салады. Шиенің сүйегіне су құйып қайнатып, елекпен немесе дәкемен сүзеді. Алынған шырынға құмшекер сеуіп араластырып, үстіне тазартылып кесілғен алма салады. Алма жұмсарғанша 10 минут баяу қайнатады да, үстіне шиені қосып, қайта қыздырады. 300 г алма мен 200 г шиеге: 3Д стақан құмшекер қажет. Жаңа жиналған алма мен өріктен жасалған компот . Кастрюльге құмшекер үстіне 2 стакан ыстық су құйып араластырады да, тазартылып, кесілген алма қосып, жұмсарғанша 10 минут баяу қайнатады. Сосын отан сүйегінен тазартылған ерік салып, қайтадан қайнату керек. 300 г алма мен 200 г өрікке: стакан құмшекер қажет. Тоңазытылған жеміс пен жидекті де компот дайындау үшін (алдын ала пісірмей-ақ) пайдалануға болады, құмшекер мен судан өзі нше бәлек сироп жасау керек (500—700 г жеміске 3/4 стакан құмшекер және 2 стақан су құнды), сироп суығаннан кейін үстіне жеміс салады. Жеміс қағынан жасалған компот. Қақты жуып, ұзақ қайнату ды керек ететін неғұрлым қатты алма мен алмұртты іріктеп алып, үстіне салқын су құйын, 15— 20 минутт баяу қайнатады. Сонан соң құмшекер, ваниль немесе лимон ұнтағын, қалған жемісті қосып, тағы да 5—6 минут қайнатады. 200—300 г келтірілген жеміске: 1 стакан құмшекер, 4 стакан су, ваниль мен лимон қабығының үгіндісі дәміне қарай қосылады. Қара өріктен жасалған комнот. Қара ерікті жуып, үстіне ыстық су құйыл, құмшекер салып, 10— 15 минут қайнатады. 200—300 г қара ерікке: 3/ І стақан құмшекер, 3 стақан су керек.
0 дауыс
Менің ойымша, компотты жасаудың соншалықты қиындығы жоқ, ең алдымен кептірілген жеміс , мысалы алма қағы, өріктің қағы  керек, сосын қант керек. Болды!
Егер қақ жоқ болса  орыстың кемпірлерінен сатып алсаң болады. :)
...