+7 дауыс
686 көрілді
Арақты неге сатылымнан алып тастамаймыз? Қай дүкенге барсақта арақ сатады. Арақтың кесірінен қаншама шаңырақ шайқалып жатыр. Арақты дүкендерде, базарда сатуға тиым салса сіздер бұған қалай қарайсыздар?

10 жауап

+4 дауыс
Жақсы қараймын! Бірақ үкімет әлсіз! Әлді болса осыған дейінгі уақытқа дейін құртып орнына қымызды әсемдеп шығарар еді ғой! Сол Арақтан түскен салыққа аңқау халық 10еселеп ішіп арты орны толаймас қайғыға ұласып отыр! Құрту керек көзін біржолата!Ұлтымыз шіріп бара жатыр!
Иа, арақтың кесірінен жол апаты да жиілеп кетті.
+2 дауыс
Қуана қуана келісемін. Толықтай қосыламын. Мықты ел мықты отбасылардан құрылады. Сол үшін отбасы берекелі болу қажет.  Өкінішке орай көптеген отбасылар  ащы су кесірінен бұзылуда. Арақты сатылымнан алып тастау қажет.
Арақтың кесірінен бірінші айтыс (сөзбен, рен мені сыйлайсың ба деп басталады болмаса ей, деумен)басталады сосың концерт одан кейін боевик болады боевик болғанда 3Д экраннан шығып кетеді, одан кейін ертесіне соттан қағаз келеді ажырасуға ортада бала қалады жәутеңдеп.
дұрыс дұрыс
+1 дауыс
Әрине қосыламын! Бірақ, оның арты үлкен дауға ұласатын еді! Қазіргі кезде осындай зиянды заттарға тәуелді болып қалған адамдар саны өсіп жатыр! Әрі кейбіреулер осындай зиянды заттарды сатып, адамдарды соған тәуелді қылып байып жатыр ғой! Не айтасың бәрі адам қолымен жасалып жатқан дүниелер! Арақтың зиян екенін бәрі біледі, сонда да одан бастартпайды! Тіптен, үйіне келген қонақты да арақпен сыйлап жатса, не дейсің бұл қазаққа?! Арақ ішіп отырып, баласына арақ ішпе дейді! Ұяда нені көрсе ұшқанда соны іледі демейме! Бәрі отбасынан басталады!
бізде тек қана қымыз, қымыранмен өтетін халал тойлар көбейіп жатыр.
Көбейіп жатса, көбейе берсін! Қуаныштымын!
амин Айеке кешегі жазған әзілге ренжімеген шығарсың?
Міне, арақты тастаудың алғашқы қадамдары. Жақында біз жақада келіп қалар)) қуаныштымын!
Жарайды, ештеңе етпейді! Бірақ, көп әзілдеспей-ақ қой! Кейбір әзілдеріңді түсінбей қалып, ренжісіп қалып жүрерміз!
ол әзәлдә түсінсең қалғандарын да көтересің ғо. Айекем
Көтере алмай қалуым да мүмкін! Бұл пікірлердің сұраққа еш қатысы жоқ! Болды, енді пікір жазбай-ақ қой!
–2 дауыс
ол да біреудің бизнесі. Және сол арқылы үкіметке салық түсіп отыр. Бұл жерде үкіметті кінәлаудың  қажеті жоқ. Үкімет бізге іш демиді. Әркім өзі ішеді.
Енді адамдар араққа тәуелді боп қалған ғой, жоғарыда айтқанымдай үй-үйді дәрігерлер аралап емдесе, іс шаралар өткізсе бұның бәріне үкімет қаржы бөледі, үкімет шешім қабылдайды, үкімет арақты сатуға тиым салса, бәрі дұрысталар еді ғой, арақ сатып бизнес жасап, қаржы тапқанша, қаншама отбасының шаңырағын шайқалтып оданда таппаған артық. Қаржыны басқа жолмен де табуға болады ғой.
арақ арқылы қаржы табылып жатыр. Неге түсінбисіз. Бәлкім сіздің әкеңіз алған айлық арақтан жиналған салықтың ақшасы шығар.
Арақтың салығынан жиналған ақша делік айлықты, одан не пайда айлыққа қайттан арақ алса.
арақ алма де онда.. .Аллаһ Тағала барлығына иман берсин
Иа, айтқаның келсін!
Сонымен Арақты ішсің Және Ол адамды емдеуге Дәрігерлерге Ақша бөлінсің Үкіметтен!!!
Қорыта келгенде:Меніңше Арақ сатылымнан кетпейді!!!

Ал  үй-үйді дәрігерлер аралап емдесе, іс шаралар өткізсе бұның бәріне үкімет қаржы бөлсе  жақСы болар еді <---бұл жақсы Идея   Neobiknovenna9

Қаржыны басқа жолмен де табуға болады ғой. <--Бұны Қалай Өзгерпекпіз Егер адамдар араққа тәуелді боп қалған БОЛСА!!

БҰЛ ТОҚТАЛМАЙТЫН ПРОцЕСС тәріздесссс
Белгісіз
Адамдар иа тәуелді боп қалған араққа, емделуге баратын уақыттары да қаржылары да жоқ, сол үшін азанда және кешке дәрігерлер үй аралап емдесе, ал имамдар көшеге шығып иманға шақырып психикалық емдесе бәрі іске асуы мүмкін тек үкімет қаржы бөлсе ақыры жеп жатыр ғой қаржыны, қатал тәртіп керек! Шын кіріссек тоқталатын процесс!
+1 дауыс
Арақты сатылымнан алып тастаса ,жасырын самогон айдап спирт өнімдерін жасырын сату сияқты бизнес қаптап кетеді. Ең жаманы , адамға өте зиянды, сапасыз өнімдерді жасырын сатып,халықтың денсаулығына орасан зор зиян келеді.. Кеңес дәкуірі құлар алында осы араққа тиым "сухой закон" шығып, осындай көлеңкелі бизнестер қаптап кеткен. Соның аяғы кеңес дәуірі құлап, еліміз енді егемендіе алған кездерде Алматыда "Турчатник" деген аудан пайда болып, той томалақ өткізетіндер сол ауданға барып  спирт  немесе жасанды арақ алып қайтатын.Сол кезде қаншама адамдар уланып, көптеген қайғылы жағдайлар болған.Тіпті достарының көңіліне қарап , бір жұтыммен де жап жақсы азаматтар көз жұмған кездер болды. Жалпы тиым салынған нәрсеге адамзат құмар.Сондықтан араққа тиым қоюдың керегі жоқ, тек зиян екенін насихаттаған дұрыс. Қазіргі жастарда менің ойымша араққа  деген құмарлық жоқ десе де болады. Меніңше калян популярный болып кеткуен сияқты.
Сіздікіде дұрыс!
Бір кездері темекіні сатылымнан алады дегенде ауылдағылар жәшік-жәшік темекі алып алған болатын. Жәшіктегі темекі тауысылғанда жылқының тезегін, махоркаларды қағазға орап шегіп отыратын көк түтін болып. Біреуді аяқ киім жылтырататын факсті жепті, спирт ішіп қойыпты, бір қойды бір шөлмек араққа айырбастапты деген әңгімелерді жиі еститінбіз. Қазір арақты сатылымнан шығарып тастауға болады. Себебі қазір жастарымыз құдайға шүкір ондайға көп әуес емес. Жастар ішпегесін ағаларымызға да ес кіріп келе жатыр. Сөйте-сөйте мүлдем ішпей кететінде шығар бәлкім.
+2 дауыс
Тұра берсін сатылымда, қазір арақ ішетін жастар азайып келеді, шүкір! (Өзім мүлдем қойғаныма жақында 1 жыл болады екен ғо)) Аузы күйген үреп ішетін дейтін бе еді, аузым күйген сон қойдым ғой сол))) Былайынша қазір арақ ішу не культурно (бірақ темекі шегетіндер көбейіп кетті)
М.м.м иа
+1 дауыс
Оған негізі арақ ішетін адамдарда келіседі. жоқ болса бізде ішпейтін едік дейді. Дегенмен жақсымен жаман қашанда қатар жүреді емеспе ӨМІРДЕ.Егер арақты саудадан алып тастаса тағы бірдеме шығады зиянды ол сөзсіз. Сол үшін әр адамға ИМАН мен ЫНСАП берсін АЛЛА.
Иа, сол үшін жоғарыда айтқандарды істеп, полициялар халықты көшеге жиып, имамдар келіп араққа Алламыздың қарсы екенімізді айтса, әйтпесе арақ ішетіндер мешітке бара бермейдіде ғой, жастар қойылымдар қойса арақта басқа заттарда болмас еді ғой. Қол қусырып отырғанымыз болмайды ғой(((
пхаахахахахахахаа        БҰЛ МҮМКІН  ДЕП ОЙЛАЙСЫН БА?????   Neobiknovenna9
Белгісіз
Мүмкін, әрине бұл мүмкінбе деп өзімізге сенбесек іс кері кетеді.
+1 дауыс
Арақты қойғызу үшін біздің мемлекет-ҚАЗАҚ ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ болу керек, а так былай бос сөз керек емес
Онсызда дініміз ислам бірақ ішкеніміз арақ. Қазақ ислам республикасы деп атауымызды өзгерткеннен не пайда іс әрекет қылмасақ. Атауымызды өзгертпей-ақ іс әрекет қылсақ болады ғой(((
енді дұрыс айттын  Neobiknovenna9 !!!
Белгісіз
+1 дауыс
Иә дұрыс қойылған сұрақ!Менде  қосыламын!Бірақ қалай алып тастаймыз оны?Осы сұрақ көкейімізді тесіп барады!
0 дауыс

өйткені ақша табудын бір жолы бірақ көп араққа салынып кеткен сондықтан олар котеріліске шығуы мүмкін деп қорқады

...