+2 дауыс
2.2k көрілді
Осы шашлыктын, агзамызга зиянды жане пайдалы жактары жайлы акпарат берiп кетсенiздер алдымен. Кауап дейдi гой бiр жерлерде муны. Пайдасы не? Зияны кандай? Коршiлес туратын бiр агайга брсулез деген диогноз койыпты. Кошеден коп тамактанатын едiм, сол кауап коп жегеннен жуктырып алдын деп отыр врач дейдi. Шашлык жегеннен сондай ауру бола ма?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бір атаулы күндерде болмаса өзім кәуәпті мүлдем жемеймін. Зияны өте көп, Жахар айтқандай рак ауруын туғызады, себебі ол атқа күйіп піскеннен кейін онда концероген болады, күйдіріп жасалатындардың барлығы да концероген ғой (көз бояулары да күйдіріп жасалады), ол қанға түсіп жинақталып қалса катерлі/қатерсіз рак болуы әбден мүмкін.

Бруциллез ауруының да ең негізгі жұғу жолы дұрыс піспеген малдың етінен жұғады. Кейде друзялармен или там родовиктермен шашлык жасайтын кезде алдымен етті қайналып пісіріп алып жасаса ет бір жағынан жұмсақ,сочный болады, ошлык жасағанда пісуі де тез болады, ең жақсысы аурудың алдын алады.

Көшедегі тамақ фаст-фуд тез дайындалған тамақ деген ғой қазақшасы, тез дайындалған тамақ асқазан рагін тудырады, қазір көп ғой асқазанымен проблемасы барлар, жастайынан майлы тамақ жей алмай... Адам жас кезде тасқа дейін қорытып жібере беретіндей болу керек ғой, қазіргілердің иммунитеті иммунитет емес ғой, сөзден сөз шығып кетті, иммунитетті бір витамин С деп ойлаймыз, ал жақында ғалымдардың дәлелдеуінше витамин С вирусқа жақсы қарсы тұрғанымен, адамның иммуниетін әлсіретеді екен, мен таң қалдым мысалы, өзім әлсіздік сезсем өз өзіме аскарбиновая кислота салып алатынмын 1 курсын қабыллдап. Сөйтсем қайта өз өзіме зиян жасап жүр екенмін... Иммуниетіміз әлсіз болмай қайтсін бәлі жасанды тамақ, ситетика кигеніміз, жегеніміз.. Өзімізше күнде сүт айран ішсем мықты болам деген қайдан, ол сиырлар да жасанды удобрениемен өсірілген шөп жеп, жайлауға шықпаған, бір орнында тұрып пайда болған сүттен жасалады. Ұрпақтарымыз қалай өмір сүреді екен бара бара... қазіргі бактерия вирустар диахлрында қоректік зат ретінде көреді, оларға уже әер етпейді де, дихлор шықты енді, сөйтіп сөйтіп процедурныйда таза химикатпен залалсыздардыратын болатын шығар, мдааа деп қоясын ғо)
+3 дауыс
Ия толық мүмкін! Себебі шашлык тек қызуға піседі! Ал ол қызу ондағы бактерияларды өлтіре қоймайды! Абзалы сол кауапқа кеткен ақшаға ет алып асып жеген қой!
зияны рак дертін пайда

қылуы мүмкін. Мысалы, бір тал кәуаптың құрамында 60 тал темекінің уы болады. бұл бүйрек және бауырдың жүгін ауырлатады.
Белгісіз
Ия сумдык кой,60 тал темекi уы ма?! Онда тiптi жоламау керек екен да
Әрине тек мерекелерде болмаса! Кәуәптің дәмі ерекше ғой!
Белгісіз
+3 дауыс
Бруцеллез ауруы  ауру малдың сүтін ,етін  асқа пайдалану кезінде жұғатын жұқпалы  ауру. Бір кездері бұл аурумен тек ауылды жердегі мал шаруашылығының жұмыскерлері , қызметкертелі :малшылар, мал дәрігерлері, ет комбинатының қасапшылары  ауыратын кәсіптік ауру болатын. Ауру қой ,ешкі,сиыр малынан төлдеу кезінде ветеринарлық көмекті еш қорғаныссыз көрсеткенде ,терідегі майда жарылған жерден ауру қоздырғыш бактериялар ағзаға ену арқылы жұғады. Бұл кезде адам ағзасындағы үлкен буындар қабынып ауырады. Малдың сүтін шикілей,немесе аз қайнатып пайдаланғанда, етін шала пісіргенде де тез жұғады.   Бұдан басқа осындай аурулары бар мал фермаларында, малдың нәжісінің шаңы арқылы тыныс жолдарына түсу арқылы да жұғуы мүмкін бірақ, бұл жағжайда бруцеллез ауруына тыныс жолдары шалдығады.Соңғы кезде малдан өндірілетін тамақ өнімдеріне ветеринарлық бақылаудың нашарлығынан бұл аурумен басқа еңбек саласындағы адамдар мен ет өнімдерін тұтынушылар да жиі ауыратын болып кетті. . Маринадта аз ұстап дұрыс қуырылмаған қой етінен бруцеллез ауруын оп оңай жұқтырып алуға болады.Сондықтан, көшеде кәуап жеген өте қауіпті. Кәуапты қатты ұнататын адам тек сенімді жерден алып жегені дұрыс.Ешкінің шикі сүтінің  пайдалы екені рас , бірақ ол ешкінің бруцеллезбен ауырмайды деген ветеринарлық анықтамасы болса ғана  ішуге болады.Жалпы , біздің елде ветеринарлық шаралар дұрыс жүргізілмейді,әсіресе жекеменшіктегі малдарда ветеринарлық бақылау мүлдем жоқ, сондықтан мал өнімдерін пайдаланғанда аса сақ болған дұрыс Мал өнімдері арқылы бруцеллезден басқа да көптеген аурулар жұғуы мүмкін.Дені сау деген малдың етінің өзін үйде асқа пайдаланғанда  қолға резинка қолғап киіп кесіп, жуып, және етті ұзақ бұқтырып пісірген дұрыс.
+3 дауыс

Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.

Ақпарат!

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
0 жауап
...