+2 дауыс
1.0k көрілді
Полициялар бізді қорғап, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ал көп жасөспірім оларды мазақ қылады. (ешкі,козел,фараон) деген сияқты көп қой. Неге олай айтады екен. Не кінәсі бар біздің ақкөңіл милиция ағаларымыздың?

Жақсы сұрақ. Бірақ өтініш сұрақты апарып Басқа деген санатқа тыға бермейікші. Осы сұраққа қатысты қоғам деген санат бар ғой. алдағы уақытта сол Басқа деген санатты өшіріп тастамақпын.
Жарайды брат. қайталанбас деген үміттемін.
Санаттың бәрін ашып қараңдар...
Полицияның сонша мазақ болуын бұрынғы советтер одағы кезіндегі "түрме культімен" байланыстыру керек.

1917 жылдардан бастап, Сталин өлгенге дейін советтер одағының 4/1 істі болған. Бұл деген кез келген адамның ең болмаса түрмеге отырып келген танысы болды деген сөз. Яғни, жоспармен адамдарды түрмеге отырғызу үйреншікті іс болған. Тіпті аймақтық тергеушілер, қылмыстық істі аз қозғағаны үшін жауапқа тартылатын болған.
Совет соты ЕШҚАШАН, ЕШҚАШАН ЕШКІМДІ КІНӘСІЗ деп танымаған (дереккөз: мәскеу адвокаты Генри Резник). Сенесіз бе, бір рет те адамның ақталып шығу фактісі болмаған! 70 жыл бойы - бір де бір адам сот залынан ақталып шықпаған!!! Міне, осындай жәйттер халықтың сот жүйесіне және оған қатыстының барлығына табиғи жиіркеніш тудырған.
Оның ішінде милиция да кетті. Түрме жүйесі - әділетке балама жүйе болды. Менің бала күнімде анау-мынау дауды милицияға/сотқа жүгініп емес, түрмеде отырған, беделі бар төрешіге жүгініп шешіп жататын.

Мысалы, тап осылай медиктердің де беделі түсіп кетті. Ал олардың беделі совет уақытында жоғары болатын. Олар енді өз дәрежелерін тәуелсіздік тұсында түсірді. Қазірде болмашы қаржысы бар адам көзі кішкене ісіп кетсе де, ең болмаса Түркияға барып көрініп қайтады.

Өкінішке қарай, милиция/полиция сол советтік мұрадан арылуға еш әрекет етпеді. Сондықтан, өкінішімізге қарай, ел арасында сол советтік имиджі әлі қалып отыр. Былайынша, жұмыс әдістері де өзгермей отыр. Олар жауынгер емес, алдымен заңгер ретінде әрекет ете алмайды, оған дайын емес. Баяғыдай мойынға іліп салу, соңғы тиыны қалғанша шыңғырту.

Өзім полицияға екі-үш рет арыз жазғам түрлі жағдайларда. Тез әрі жедел шешіп берді, өте сауатты сөйлесіп, өте сауатты әрекет етті. Тек осындайлардың аздығы қынжылтады. Бір жағынан азамат ретінде біз де диалогқа баруымыз керек. Олардың проблемасымен танысып, оларды қолдап дегендей. Кім болса да замандасымыз, ауылдасымыз, құрдасымыз ғой.

10 жауап

+1 дауыс
Бұндай сөздерді қылмыс жасап, милициядан қашып жүрген бұзақылар шығарған деп ойлаймын.
қылмыс жасамаса да айтатындар бар ғой. Өз көзіммен көрдім,
Ол жағын білмедім өздері милиция боп көрмегесін айта береді ғой...
Милиция емес Полиция деп айтайық
Белгісіз
Иә енді бұрынғыға үйреніп қалғанбыз ғой Feer.
0 дауыс
Сана сезімдерінің төмендігінен айтады. Ерліктерін елемейді ғой, Ғазиз Байтасов ағамыздың жаны жәннәтта болсын, бізді қорғады, бізді барлық миллиция қызметкерлері қорғап жүр, алғысым шексіз. Иа, шынында пара алатындары да бар, сондықтан солай мазақтайтын болар
+6 дауыс
Сіз айтқандай ақкөңіл  милиция ағаларымызды ешкім олай атамайды. Тек қана пара алғыш, басқаларды менсінбейтін, ешкімді елеп-ескермейтіндерді айтады. AKJOL_96 мен келіспеймін, себебі оларды тек қана бұзақылар олай атамайды. Милиция ағаларымыздың  ішінде  тіпті жас жігітті өлтіріп, ешкімге айтпай, сол жігітті өздері "іздегендері" де бар... Өздері бірінші болып барып, адамдарға тиіседі де, кейін маған қарсы шықты деп шыға келеді. Оны қайтесіз, погонын жұлып алып, мынау менікін жұлып алды деп кінәсә жоқ адамды абақтыға қаматқанын өз көзіммен көргенмін! Сондықтан барлық милиция ағаларымыз сіз айтқандай ақкөңіл емес...  Және оларды солай атаған да дұрыс!
иа .....................................
KUPIDONCHIK* келисем
бизжакта 2 кун бурын тагы да атыс болды
сен қайда тұрасын?
айда.................................
айда туратынымды кайдан блдн
айда ким  атысты НЛО ма? Хд*))))
kazax110  мен бәрін білем ғо)
+2 дауыс
Милиция емес Полиция деп айтайық!!!!!!!!
айырмашылык кандай??????????
бимим:)                                                                   ,.,.,..,.,
Белгісіз
онда САКШЫ дейик
Айырмашылық Ресейде милиция деп атайды. Қазақстанда полиция.
0 дауыс
Біз жақта да осылай айтады .
+1 дауыс
Милиция полиция болған!!!!!!

Негізі жақсы сыйлы полиция болса жастардың оларда несі бар! Өздерінен кінә!!!!!!!!
+1 дауыс
Казак полициясынын барыне бырдей топырак шашуга болмайды айтсе де карангы жагы басымырак болган сон карапайым халык жактыра бермейды. Оз басым суханым суймейды. Араларынызды окып окырган полиция агаларым болса гафу етуын суранамаын айтсе де оздерыныз берыныздер багасын. меным есымнен ЖЕЛТОКСАНДАГЫ полицай агаларымыз ЖАНАОЗЕНДЕГЫ полицай агаларымыз МАЙ-шник агаларымыз барын татпыштеп айтып жатпасак та тусыныкты сол ушын де УНАТПАЙТЫНЫМЫЗ.
Қазақ әріптерімен жазамыз!!!!!
+1 дауыс
Достар! белгілі бір пікір қалдырмастан бұрын олардың өміріне көз жүгертейік те?! олардың өміріне біреулеріңіз қызығып көрдіңіздер ме?! мүмкін сіздердің ойларыңызша олар дәулеті тасқан, астында көлік, басында 5-6 үйлі адам шығар... бірақ олай емес... рұхсат болса мен сіздерге олардың өмірдерін баяндап берейін.

Олар азанымен ерте тұрып, таңғы асты кейде ішпей де жұмыстарына шығып кетеді. Олар көшеде жүргенде бүкіл көшедегі жағдайға жауап береді, тіпті біздердің бір қалт басқан қадамымыз үшін де оларды жұмыстан шығарулары мүмкін... Кейбір адамдар ренжиді, олардың айтуынша сақшы азаматтар келіп, өздерінен-өздері құжай сұрайды. Достар, олар кімдер? олар неге сұрайды? олар бізге жауап беретіндіктен, олар біз туралы, бізден құжат сұрауға құқылы. біздер оларды бұл құқықтан айыра алмаймыз достар!

Оларда тапа тал түсте үстеріне ауыр болса да, ыстық болса да бронежилет киіп жүретіндері де бар, олар сол арқылы өздерінің жанын беріп, біздерді қорғау үшін емес пе?! Олар кешке үйлерінде болмайды, тек түнгі 2-3 те келеді, кейде төенше жағдайларда келесі күні ғана келулері мүмкін... міне осылай олардың әрбір күні минуттай өте шығады...

Олар біздер сияқты концерт немесе мейрам күндері, жексенбі күндері демалмайды, оларда мұндай ұғым қалыптаспаған. олар тіпті өзінің балаларының неше жаста екенін, нешенші сынып оқитынын да білмейді... достар, енді оларды мазақ  етпестен бұрын осының бәрін ойланғанымыз дұрыс болар?!...
+1 дауыс
Барлығы бірдей ақкөңіл емес олардың. Көпке топырақ шашқаным ағаттық болар. Олар дың басым көпшілігі өздерінің қызметтерін асыра пайдаланады.

Жаңаөзендегі оқиғаны халық ұмытпайды, осы кісілердің іс әрекеттері ол. Жарайды, бұйрық келді делік, неге өз қандастарына, бауырларына қарсы оқ отады, жазықтары болмаса да. Бұйрықтан бас тартуға болмайтынын білем. Неге олар бейкүнә жандарға оқ атқанша отставкаға кетпейді ақкөңіл, иманжүзді болса.  Кешірерсіздер!
Zhansulya, сен ең бірінші менің пікірімді қайталап оқып шық. Мен бадырайтып тұрып оларға имансыздар дегенім жоқ.

Сосын, сен айтқандай, бұйрық келді екен, онда қырррсын бейкүнә жандарды. Осы имансыздардың әрекеті емей немене?
жұмыс істейтін әрбір адам да бір тұлғалардың бұйрығын орындайды емес пе?! онда бұл адамзат баласын имансыз дейміз бе қалай?! Достым, тыңда! Жаңаөзенде бір жағдай болды екен деп, бір қасқырдың аузына қарамайтын шығармыз. Айтшы, желтоқсан оқиғасына біздер кім кінәлі дейміз?! әрине, жоғарыда отырған жандарды. Бірақ ол кезде де қаншама адам үсіп, қаншасы қырылып, өлген жоқ па?! ол кездегі полиция қызметкерлеріне ештене де айтпаймыз ғой! сондықтан, бұл жерде орыстардың қатысы жоқ болғансын, полиция қызметкерлерінен көре берме! бір үлкен ақ парақтан, кішкене нүкте тапқандай болып отырсың ағатай!
Сен не оларды қорғағыштап қалдың?
Сен түсінбейсің Жаңаөзендегі жағдайды, түсінгіңде келмейді. Бұл оқиға менің қаламның әрбір тұрғындарының жүрегінде өшпес дақ боп қалады. Қаламыз аза тұтты, жоқтау айтты жазықсыз қыршын кеткен балапандарының бұндай қасіретке ұшырап, төбелеріне қою қара бұлттың түйілгеніне. Ол аздай өңіріміздің түпкір-түпкірінен келген омон қызметкерлері көшеге шыққан әрбір тұрғындарын, әсіресе, жастарды соққыға жығып, тонап (ұялы тел, ақша, әшекей бұйымдарын) нағыз тәртіпсіздік пен бұзақылықты орнатып, онсыз да осы уақытта кірпік қағым сәтте не боп кеткенін біле алмай, естерін жия алмай отырған Жаңаөзендіктерге  демеу болу орнына уайым үстіне уайым, қайғы үстіне қайғы жамаған да осы иманжүзділер болатын.
Жаңаөзендегі жағдай бір сені ғана емес, бәрімізді де күйзеліске ұшыратты! сондықтан олай айтудың қажеті жоқ! тек өтініш, көпке топырақ шашпа! мен сенің қалаңда қалай екенін, бірақ менің қаламда ондай ешнәрсе орын алған емес! ондай әңгімеңді сол кездегі әкіміңе айт! келіп бізге шағымданба!
Көпке топырақ шашатындай дәрежеде болған тәртіп сақшыларының легі сол кездері.
Оқты шынымен де полициялар атты ма екен? өз көзіңмен көрдің бе? мүмкін, ел арасында іріткі тудырғысы келіп жүрген жауыз адамдар атқан шығар (халықтың ойын өзгерту үшін). Ал егер полициялар бұйрықты орындау үшін атқан болса, олар нағыз өздерінің пікірлері жоқ "роботтар" болғаны ғой. Халықтың не кінәсі бар екен? Бар жазығы өз құқықтарын қорғағаны ма?
Мына видеоны қара.
+1 дауыс
полициялар түнде көшеде жүрсен ұстап алып айыппұл салады ата-анаға! сонысы жаман көшеде адам сияқты қыдыра алмайсың
значит 18ге толмаған екенсің ғой
хули малолеткамыз ғой
...