Полицияның сонша мазақ болуын бұрынғы советтер одағы кезіндегі "түрме культімен" байланыстыру керек.
1917 жылдардан бастап, Сталин өлгенге дейін советтер одағының 4/1 істі болған. Бұл деген кез келген адамның ең болмаса түрмеге отырып келген танысы болды деген сөз. Яғни, жоспармен адамдарды түрмеге отырғызу үйреншікті іс болған. Тіпті аймақтық тергеушілер, қылмыстық істі аз қозғағаны үшін жауапқа тартылатын болған.
Совет соты ЕШҚАШАН, ЕШҚАШАН ЕШКІМДІ КІНӘСІЗ деп танымаған (дереккөз: мәскеу адвокаты Генри Резник). Сенесіз бе, бір рет те адамның ақталып шығу фактісі болмаған! 70 жыл бойы - бір де бір адам сот залынан ақталып шықпаған!!! Міне, осындай жәйттер халықтың сот жүйесіне және оған қатыстының барлығына табиғи жиіркеніш тудырған.
Оның ішінде милиция да кетті. Түрме жүйесі - әділетке балама жүйе болды. Менің бала күнімде анау-мынау дауды милицияға/сотқа жүгініп емес, түрмеде отырған, беделі бар төрешіге жүгініп шешіп жататын.
Мысалы, тап осылай медиктердің де беделі түсіп кетті. Ал олардың беделі совет уақытында жоғары болатын. Олар енді өз дәрежелерін тәуелсіздік тұсында түсірді. Қазірде болмашы қаржысы бар адам көзі кішкене ісіп кетсе де, ең болмаса Түркияға барып көрініп қайтады.
Өкінішке қарай, милиция/полиция сол советтік мұрадан арылуға еш әрекет етпеді. Сондықтан, өкінішімізге қарай, ел арасында сол советтік имиджі әлі қалып отыр. Былайынша, жұмыс әдістері де өзгермей отыр. Олар жауынгер емес, алдымен заңгер ретінде әрекет ете алмайды, оған дайын емес. Баяғыдай мойынға іліп салу, соңғы тиыны қалғанша шыңғырту.
Өзім полицияға екі-үш рет арыз жазғам түрлі жағдайларда. Тез әрі жедел шешіп берді, өте сауатты сөйлесіп, өте сауатты әрекет етті. Тек осындайлардың аздығы қынжылтады. Бір жағынан азамат ретінде біз де диалогқа баруымыз керек. Олардың проблемасымен танысып, оларды қолдап дегендей. Кім болса да замандасымыз, ауылдасымыз, құрдасымыз ғой.