0 дауыс
7.8k көрілді
Әлемдегі ең бойы ұзын адам кім?

6 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап

Әлемдегі ең ұзын қыз

Әлемдегі ең ұзын адам Султан Косен туралы айтып өттік. Элисан-да-Курус Сильва атты бразилиялық қыз да қазірде әлемдегі ең ұзын адамдардың бірі. 17 жасар қыздың бойы 2 метр 5 сантиметр.

1995 жылы туылған қыздың дені сау, сымбатты болып өскен. Алайда оның бойы әрқашан басқалардан ерекшеленген екен. Ол сыныптастарының арасында ең ұзыны болған, ал 14 жасында ол мектептегі ең ұзын бойлы қыз болды.

Қазір ол небәрі 17 жаста, ал оның бойы 2 метр 5 сантиметр. Жылдар өте, ол әлі де өсуі мүмкін. Әрине ол осы бойымен модель болуды армандайды екен.

Бәрінен ерекшеленетін Элисанға бойы өмір сүруге кедергі емес. Оның 22 жасар жігіті Сильву Карваль Элисанның бойынан еш ұялмайды. Керісінше, ол қызының бойын мақтан тұтады екен

Әлемдегі ең ұзын адам

26 жасар Түркиялық фермер Сұлтан Косенды «Гиннесс рекордттар кітабы» комитеті дүниедегі ең ұзын адам екенін растап отыр. Бұл алыптың бойы 2 метр 46 см, сонымен бірге оның қолы да ең ұзын 27,5 см, ал аяғының өлшемі 36,5 см, сонда оның аяқ киімінің размері 58 болғаны ма))

Сұлтан Косен бойының арқасында түрлі қиындықтарға тап болады екен. Жүру қиын болған соң балдақпен жүреді, оған автомобильге мінген бір азап, жататын орын үшін ол 3 метрлік керует дайындап беруге тапсырыс берген екен, киім мен аяқ киімді арнайы тіктіреді. Ол кіші потолоктарға, өмірін адам төзгісіз еткені үшін, үнемі шағым айтатын көрінеді.

Косен өзінің бойымен қыздарды шошытып алады екен, сол себепті де ол мүлдем қызбен жүрмеген. Гиннесс рекордтар кітабының арқасында абыройлы болып, енді қыздар онымен қуана танысады деген үмітте. Оның басты арманы да осы- отбасын құру, әке болу.

Сонымен қатар ол өз бойының пайдалы жақтары да барын айтады. Айтуынша ол алыстан жақсы көреді, тағы адамдарға перде ілгіштерін іліп беруге және лампочканы бұрап беруге көмектеседі екен.
Өзінің бойымен Косен алдынғы рекорд иесі 50-дегі, бойы 2,36 см болған Монғолия тұрғыны, қойшы Бао Ксишунды базып озған болатын. Бао Ксишун да бойына сай қыз іздеп көрген көрінеді. Бірақ та нәтиже болмаған соң, арнайы конкурс жариялап, оған 20 әйел қызығушылық танытқан, оның ішінде қойшы-гигант әйел де бар екен), бірақ Бао 2007 жылы өзінен екі есе кіші әйелмен бас қосқан.

Шындығында, қазіргі уақытта Сұлтан Косен әлемдегі ең биік адам емес,
Қытайда тұратын 27 жастағы Косеннің бойымен бірдей алып Дзао бар,
бірақ ол Гиннесске ұсыныс бермеген, танымал болғанды қаламайтын көрінеді. 

+2 дауыс
Әлемдегі ең бойы ұзын Адам түрік Сұлтан Косен болды. Бойы - 2 метр 46 сантиметр.
0 дауыс

Ең ұзын адам ол Сұлтан Көсен

Мико...kz сенің бойыңның ұзындығы қанша

0 дауыс

Айтпақшы бүгін 2014 жыл оның ұзындығы 1 м.53см.

0 дауыс
Қаныш Сәтбаев деп жазылып тұрған бір кітапта.
0 дауыс
Осындай ескерiлмеген, гиннес рекордтар кiтабында жарияланбаған, ең ұзын адам бразильдiк баскетболшы Роберто Лопес дегендi оқығанмын. Оның бойының биiктiгi 3м 30см. Баскетбол себетi 3,05 метр биiктiкте орналасқан. Ал бразильдiк баскетболшы одан 25см ұзын. Осы бойына байланысты ол баскетболдан да кеткен екен.
...