+1 дауыс
1.6k көрілді
Қайталама қос сөздердің семантикалық сипаты

1 жауап

+1 дауыс
Қайталама қос сөздердің семантикалық сипаты 1. Егер зат есімге ешқандай қосымша қосылмай, екі рет қайталанса, жинақтау я бөлу мағынасы түсініледі. 2. Екі сын есім қайталанса, анықтайтын заттардың көптігін, екіден, сол заттардың бір сипатты екенін білдіреді: кең-кең, үлкен-үлкен Қайталама қос сөздердің ішінде арасына – (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) қосалқыланып, айтылатын қос сөздердің орны ерекше сөйлемде олар тек пысықтауыш болады, үнемі адбербиалдық қызметте атқарылады (қарсыма-қарсы, ауызба-ауыз, бетпе-бет, қолма-қол). 3. Ұштас (коррелиятивтес) мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер бір-біріне өз ара қарымдас, ұқсас ұғымдарды білдіретін дара сөздерден құралады. Бұл сөздер де тым жалпыланған, аса жинақталған ұғымдарды білдіреді: аяқ-қол, өкпе-бауыр, ыдыс-аяқ. ә) компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер Компоненттерінің не біреуі, не екеуі де жеке – дара қолданылмайтын, мағынасы түсініксіз немесе некен-саяқтап қолданылатын құрамн жасалғанан қосарлама сөздер екі түрлі болады: бірінші түрі – бір сыңары ғана түсініксіз сөздер, екіншісі – екі сыңары да түсініксіз. Бір сыңары түсініксіз қосарлама сөздер: айқай-сүрең, азын-аулақ, бала-шаға, кедей-кепшік. Екінші сыңарында мағынасы жоқ қосарлама сөздер: оқта-санда, оқта-текте, оқтын-оқтын, анда-санда. [Жүктеу]

http://westudent.kz/load/aza_tili/ajtalama_os_s_zderdi_semantikaly_sipaty/8-1-0-1368
...