Егер шашыңыздың түбі майланып тұрса кішкене тальк жағыңыз да тарап жіберіңіз. Тальк майды сіңіріп алып, бірнеше сағат шашыңыз жайлы уайымдамасаңыз болады. Бұл тез арада шашыңызды жууға мүмкіншілік болмаған жағдайда көмекке келетін жақсы тәсіл.
Егер шашыңызға көлем беру керек болса, бұрыннан белгілі әдісті пайдаланыңыз: тісі майда тарақты алып, шашыңызды түтіп тараңыз. Сөйтіп әдемілеп жатқызыңыз.
Шаштарыңыз әдемі жылтырлап тұрсын десеңіз, жылтырататын спрей қолданыңыз. Бұл сізге сұлулық салонынан шыққандай әсер береді. Мұндай құрылғы сөмкеге оңай сыйып кетеді, сондықтан әрдайым өзіңізбен бірге алып жүруіңізге болады.
Ұшып тұратын, электрленген шаштарды жылы су құйылған спреймен қалпына келтіре аласыз. Шашыңызға сеуіп, жақсылап тарап жіберіңіз. Шашыңыз түзеліп, біраз уақыт мазаңызды алмайды.
Егер шашыңыздың бұйрасы кетіп бара жатса, оны жөндеудің бір амалы бар. Шашты сәндеуге арналған гельді қолыңызға сығып алып, жағыңыз да шашыңызды алып қолыңызбен жоғарырақ көтеріңіз. Бұл сіздің бұрымыңызды түзеп қана қоймай, көлем береді.
Ақпарат мына жерден алынды.