0 дауыс
6.3k көрілді
Өзін-өзі қатты жақсы көретін, өзін жоғары бағалайтын адамдарға деген көзқарасыңыз қандай? Ал Сіз қандайсыз?! Пікірлеріңізбен бөлісе отырсаңыздар!

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көзқарасым жоғары! Адам өзін құрметтей де, жақсы көре білуі керек, сыйлай білуі керек. Сіз өзіңізге қандай көзқараспен қарасаңыз өзгелер де тура солай қарайды. Мысалы, сіз өзіңізді сыйламайсыз, түр-әлпетіңізге көңіліңіз толмағандықтан өзіңізді жек көресіз делік. Сырттан қараған жұрт та дәл солай сізді ұсқынсыз деп сыйламайтын болады. Ал керісінше өз-өзіңізді құрметтеп, сыйлата біліп, жақсы көрсеңіз, демек, өзгелерге де дәл солай әсер қалдырасыз. Иә, мен өзімді сыйлаймын, құрметтеймін, жақсы көремі. Өз-өзімді жоғары бағалаймын! Әлемдегі ең бақытты жандардың қатарына қоямын! Расында да солай!
+1 дауыс
өзімді жақсы көрем. жаман қылықтырым есіме түссе мен неге сондаймын дим. жақсы жақтарым есіме түссе мен өзісді жақсы көрем.  бірақ адам өзін қатты жоғары санамаған дұрыс......
+1 дауыс
өзін өзігелерден жоғары ұстау тәкәппарлыққа жатады ал бұл үлкен қателік, өзіңді өзгелермен тең ұстаған дұрыс
+1 дауыс

Әрине ол өте жақсы.Бірақ өте шектен шықпау керек.Өмірін бағаламайтын адамдардың құлағына алтын сырға ӨМІР БІЗГЕ БІР АҚ РЕТ БЕРІЛЕДІ СОНДЫҚТАН ӨМІРДІ БАҒАЛАЙЫҚenlightened

+4 дауыс
"Шалқайғанға шалқай,ол-құдайдың ұлы емес,еңкейгенге еңкей,ол-әкеңнің құлы емес"-деген жақсы сөз бар,қазақта.Тым көкірек көтерудің қажеті жоқ,бірақ өзіңді өзгеден төмен санама
0 дауыс
Эгоист №1-ден сұрау керек))) Мен оның аржағындағы эгоистпін, өзімді жақсы көремін, өзім, өзім өзіііім))) Өз өзімді ешкімге қимаймын)) и жаныыыыым  еріккеніңнен сол Еріккен қолданушы))) Әлемде маған  жететін адам жоқ)) Я самый лучший)) Вот менің пікірім)) Көзімде фиолетовый очки)))
+3 дауыс
Өзін жоғары бағаласа бағаласын тек өзгелерді өзінен төмен санамасын. Алла бәрімізді тең жаратқан, бәріміз пендеміз. Өзімді және басқаларды да қарапайым деп есептеймін, өзімді орташа бағалаймын, өзімді де өзгені де жақсы көремін. Өзін өзі жоғары бағалау менсінбеушілік, тәкаппарлық сияқты мінездерге алып баруы да мүмкін. Өзін өзі жоғары бағалаудан гөрі өзін қарапайым санаған дұрыс қой. Өзін өзі жоғары бағалап, мен ондайға жаралмағанмын деудің қажеті жоқ.
...