0 дауыс
1.3k көрілді

Қазіргі уақытта балаларға ертегі айтыла ма? көп айтылмайтын сияқты....

ата-әже болмаса,а так қазір ертегі айтады дегенді әлі естімеппін))
жауапты пікірге жазбаңыз!
мен негізі жауап беру дегенді басқан сияқты едім!!!
байқамай басылып кеткен болар жанындағы пікір.

1 жауап

0 дауыс
Ертегі айтатын ата-ана бар ма,жалпы ертегі айтатын ата-әжелер қалды ма,бұл заманда?Ертегі айтудың орнына DVD диск сатып алып береді.
маша и медведь деген мулть көріп отырады
Осы күні орысты мақтасаң,бізде желке жүнін күдірейтіп шағатындар өте көп,және солардың көпшілігі ауыл  жастары.Кейбіреулерге ұнамаса да өзімнің құдайы көршілерім орыстар жөнінде айтқым келеді.Сол көршілерімнің біреуі ата енесі, келіні ,немерелері бірге бір үйде  тұрады. Балары ұйықтайтын бөлмесінің терезесі менің қорамның ішіне қарап тұр,жазда форточкалары үнемі ашық,не болып жатқанын естімейін десең де естисің. Сонда таң қалғаным, күнде кешкі 9-30дан 10-ға дейін баларына ертегі оқиды,және атасы,әжесі,анасы,әкесі кезектесіп оқиды. Бұрынннан қалыптасқан дәстүр, оған көзім жеткені 20-жылдан бері көршіміз. Маршактың Кошкин дом,Шарль Перроның Красная шапочкасы ,Синяя борода дейді әйтеуір күнде бір етегіні оқып беріп,  ұйықтатқызады.Біздің қазақтардан ондайды кездестіру қиын сияқты, шынымды айтсам кездестірмеппін.Балаларына айтам,немесе оқып берем десе біздің қазақта  да жап жақсы ертегілері бар ғой,бірақ соған уақыт таппаймыз,еріншектігіміз ,шаршағыштығымыз тағы бар. Өкінішті !
пікірге емес жауапқа жазғаныңыз дұрыс болар еді. Жақсы жауапқа тұрарлық.
Жауабым емес пікірім, яғни ойым.  Немерелеріне нағыз ата әже болуға стимул жасайтын ,үлкен ой тастайтын жақсы сұрақ.Үлкен жастағы аталар, әжелер де осы сайтқа кісе ғой шіркін....
рахмет!8 әріптен кем болмасын)
...