+1 дауыс
17.0k көрілді
Сәлеметсізбе. Қай жерде дайын шығармалар алуға болады? Алдымда мемлекеттік емтихан онда 45 шығарма тақырыбы берілген осылардын барлығына шығарма жазып келіндер деді бізге ! міне осы шығармалар:
1. Ұлттық сал-дәстүрлер тағылымы (тұрмыс-салт жырлары туралы).
2. Сөз мәйегі (мақал-мәтелдер бойынша).

3. «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын батырдың образы.
4. «Қыз Жібекті Төлеген ақылменен танып тұр ...» («Қыз Жібек» жырындағы махаббат тақырыбы).
5. «Шешенің судай төгілген...» (қазақ шешендік өнерінің өзіндік ерекшеліктері).
6. «Белгілі қанша жұртқа атым – Сара» («Біржан мен Сара» айтысындағы Сара Тастамбекқызының бейнесі, туғанына 160 жыл).
7. Ежелгі дәуірдің ерен ескерткіштері (Ежелгі дәуір әдебиеті).
8. Жауһар жырлар (ХV – ХVІІІ ғ.ғ. әдебиеті).
9. Бұқар жыраудың толғауларындағы Абылай ханның асыл бейнесі (Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 345 жыл толғауына орай).
10.  Бұғауға бағынбаған жырлар (Дулат Бабатайұлының, Шортанбай Қанайұлының (195 жылдығы), Мұрат Мөңкеұлының (170 жылдығы) шығармашылығы бойынша)
11.  «Аттанып едім көп үшін...» (Махамбет поэзиясындағы асқақ арман, туғанына 210 жыл).
12.  Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы.
13.  Ы.Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні.
14.  «Атымды адам қойған соң...» (ұлы Абайдың рухани мұрасы туралы ой-толғау).
15.  Абайдың «Ескендір» дастанындағы философиялық түйін.
16.  «Адамдық борышың – халқыңа қызмет қыл» (Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына орай).
17.  «Сарыарқа -сайран жерім-ай» (Нарманбет Орманбетұлы ақындығының бастау көздері).
18.  Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы халық бостандығы мәселелері (туғанына 155 жыл).
19.  Қазақтың біртума әнші-ақындар шоғыры (Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Әсет Найманбайұлы, Иман Жүсып, Мәди Бапиұлы, Естай Беркімбайұлы сияқты тума таланттар шығармашылығы).
20.  Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылық еңбегі (туғанына 170 жыл толуына орай).
21.  «Атадан Біржан сал боп тудым артық» (қазақ халқының ардақты әншісі Біржан сал Қожағұлұлының әдеби мұрасы».
22. Замана бұлбұлы (Әсет Найманбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы).
23.  «Менің пірім-Сүйінбай»  (Жамбыл мен Сүйінбай поэзиясындағы үндестік).
24.  «Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам ...»  (Алаш қозғалысының көшбасшысы А.Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл).
25.  М.дулатұлының «Бақытсыз жамал» романының қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны.
26.  С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының әдеби-тарихи тұрғыдағы маңыздылығы туралы (ақынның туғанына 120 жыл толуы қарсаңында).
27.  С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы жастар бейнесі (туғанына 135 жыл).
28.  Сәбит Дөнентаев – сюжеттік шағын өлеңнің, сатираның шебері.
29.  «Сыр сандық» (Сәкеннің сыршыл лирикасы).
30.  М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы (туғанына 120 жыл).
31.  Суреткер (Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы туралы толғаныс).
32. Б.Майлин шығармашылығы -өз дәуірінің көркем шежіресі.
33. І.Жансүгіров -ірі эпик ақын.
34.  М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай образы.
35.  Жазушы және замана (С.Мұқановтың шығармашылығы бойынша).
36. Отан үшін от кешкен (Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош образы).
37.  Ғ.Мұстафин шығармаларындағы дәуір келбеті.
38. «Әдебиет -халықтың санасы, рухани өмірінің бояуы мен жемісі» (1960-1990 жылдар аралығындағы қазақ прозасы: Хамза Есенжанов, Ілияс Есенберлин, Әбдіжәміл Нүрпейісов, Шерхан Мұртаза, Сәкен Жүнісов, Қабдеш Жұмаділов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, және т.б. Жазушылар қатарынан оқушының өзі қалаған қаламгердің шығармашылығы туралы ой-толғанысы).
39.  «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» (қазақ поэзисының інжу-маржаны: Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаев, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза-әлі, Тұманбай Молдағалиев, Мұхтар Шаханов шығармашылықтары қатарынан оқушының сүйікті ақыны туралы ой-толғау).
40.  Тахауи Ахтанов ың «Шырағы» сөнбесінің романындағы өмір сүйгіштік рух (жазушының туғанына 90 жыл).
41. Халықтың қадірлі қаламгерлері (Тайыр Жароковтың туғанына 105 жыл, Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 90 жыл, Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 85 жыл толуы қарсаңында).
42.  «Анамның тілі – Ай, Күнім менің»
43.  Қазақстанның жұлдызды ғасыры («Қазақстан -2050» Стратегиясы).
44.  Халқының қаһарман ұлы (жазушы, әйгілі баһадүр Қасым Қайсеновтің туғанына 95 жыл).
45.  «Сүйемін туған елімді дарқан...»
осы сурактардан келдима универге тусерде
III) Абай ұлы ағартушы ретінде осы туындысында Александр сынды қолбасшының барша тарихын, оған байланысты аңызды өмірдегі зұлымдық пен адамгершілік туралы үлкен ойын айту үшін
пайдаланады. Оның ойы барынша әсерлі, барынша терең. Өмірдегі мақтаншақтық, даңғойлық, нысапсыздық секілді мерезді қасиеттерді Ескендір басына жинақтай көрсетіп, оқырманын сондай қасиеттерден безіндіруге үндейді. Ақын пікірінде, осылардан арылмаған адам – өзін қаншама ақыл, ерліктің, шексіз биліктің иесімен деп түсінсе де, төңірегі солай деп бағаласа да, оның шамасы белгілі, ол «есер» адам. Сондықтан да Абай оқырманына бағыштаған негізгі ойын:
Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас көзің толар деп қайғы жеме, -
деген сөздермен бітіреді.
Бұл сөздер – қазақ ақынының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі адамгершілікке үндейтін насихаттарымен тамырлас. Бірақ, поэма сюжетінің оқырманын «бес асыл іс», «бес дұшпан» туралы өлеңге қарағанда көбірек ойлантары хақ. Абай соны тереңнен ойлап, тап басқан, сондықтан да осындай әрекетке барған. Оған жоғарыда келтірілген бір шумақ дәлел. Онда «тоймас көз» сюжетінің не үшін әңгіме болғанын және оның «өзге сөздің бірі» емес, мағынасы терең әңгіме екенін айқын аңғартады. Сөйтіп, ерте дүние билеушісі Ескендір жайында Абай игерген тарихи материалдар мен фантастикалық сюжет ақынның оқырманына жоғарыда айтқан пікірлерді жеткізу үшін, сол арқылы ғибрат алуға үндеу үшін қызмет еткені анық.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына жерді қарап көріңіз :

Шығармалар жинағы

және http://u.to/BrWHBA
Жарар, логин қалдыршы..
0 дауыс

осы тақырыптарға шығарма керек еди тауып бере аласыздарма 28-30 мамыр аралығында өтінемін!

crying

www.Refik.kz
0 дауыс
оны бұрын осылай бізгеде айтқан біз  апайдың айқайлағанына қарамай жазған жоқпыз бірақ сабак біткенде  басқа мектептердің қалай тапсырғанына байланысты 3 тақырып беріп соған дайындалыңдар деді. Сол 3 шығармаға дайындалғанымыз экзаменде дәл келді!
0 дауыс

!)Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.

Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.

«Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға.
Тоя ма адама көзі мың-мың санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзге қүм қүйылганда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты әділетке жеңгізеді.

Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға өділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады.

Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады.

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?

Македония шаһары - оған мекен.

Филипп патша баласы, ер көңілді,

Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді, Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

...