+1 дауыс
45.5k көрілді
Сел мен су тасқыны кезінде не істеу керек?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Су тасқыны, негізінен жиі немесе ұзақ жауған жаңбырдан, қар мен мұздардың тез еруінен; теңіз суының тез еріп, жағалаулар мен өзен салаларына қалыптағыдан тым көп мөлшерде ағуынан; су қоймалары мен бөгендерді судың бұзып кету жағдайларынан, табиғи және жеке адамдардың кінәсінен де туындап жатады.

Мұз құрсаулары мен тау өзендерінің сағасынан шығуы кезінде ғана су тасқыны бір мезетте өтуі мүмкін. Ал басқа жағдайларда су басу қаупінің алдын алуға немесе дер кезінде қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік бар.

Тұрғылықты жерлердегі су тасқыны қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көбінесе, оның алдын алу шараларына байланысты болады. Жергілікті жер жағдайын, күн райының ерекшеліктерін және тарихын білген жағдайда су басу қаупін, оның қандай жерлерге дейін жететінін дәл тауып болжау қиын емес. Сонымен қатар гидрологиялық болжамдарға даүнемі назар аударып отыру қажет.

Егер сіз өзіңізді жекелеген қаупсіздік шараларымен қамтамасыз еткіңіз келсе:

  • Су толқынының бірінші соққысында-ақ құлап қалмайтын, мықты баспаналар мен жайлар тұрғызуыңыз;
  • Барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйретуіңіз;
  • Жеке қайығыңыздың болуы (дұрысы екеу: біреуі-кәдімгі, ал екіншісі-үрлемелі);
  • Жақын маңдағы ең биік нүктемен таныс болуыңыз;
  • Жақындап келе жатқан апат жөнінде хабар беру жолдары мен тәсілдерін білуіңіз керек.
  • Егер сіз су басу аймағында қалған болсаңыз:
  • Үйдегі газ, электр көздерін және суды өшіру; жанып тұрған пешті сөндіру;
  • Үйдегі қымбат әрі бағалы заттар мен бұйымдарды жоғарғы қабатқа немесе шатырға шығару;
  • Терезелер сынбау үшін және үйге қалқып жүрген қоқыстар кірмеу үшін бірінші қабаттағы терезелер мен есіктерді тақтаймен немесе фанермен мықтап шегелеп жабу;

Үй жануарлары тұрған қоралардың есігіндегі ілгектерді ашып қою керек.

Су тасқыны аяқ астынан болған жағдайда, ең алдымен жылы әрі су өткізбейтін киім, көрпе, тамақ алыңыз және тұрғылықты жердің тарихында ешқашан су алмаған биік жерге шығыңыз. Егер ондай жер жоқ болса, онда қайықты және басқа да жүзіп шығуға болатын нәрселерді дайындаңыз.

Су тасқыны басылған соң үзілген немесе салбырап тұрған электр сымдарынан, бүлінген газ құбырларынан сақтану керек. Үйге кірмес бұрын оның су екпінінен кейін қандай жағдайда екенін білу қажет, құлауға шақ тұрған үйге кіру-қауіпті. Тасқын судан тауып алынған тамақтарды және сол судың өзін де пайдалануға болмайды.

Сел – бұл қысқа мерзімді, лай мен тас араласқан, таулы жерлерде болатын су тасқыны. Олар еріген қар мен мұздың, жауын-шашынның салдарынан тау өзендерінің тасуы негізінде болады. Қазақстанның таулы аймақтарындағы сел тасқындары жылдың жылы мезгілдерінде (мамыр-қыркүйек) болады.

Сел тасқынының биіктігі 10-20 метрге дейін барады. (жекелеген жағдайларда 40-50 метрге дейін жетеді), жылдамдығы тау өзендерінің жылдамдығына жақын (3-5 м/с артық). Сел тасқынынан аман қалу мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алу шараларына үлкен мән беріледі.

Сел қаупінің белгілері:

  • Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы;
  • Ауа температурасының тез әрі ұзақ уақыт жылы болуының салдарынан таудағы көлдердін суға толып, сел қаупі бар өзендердің тасуы;
  • Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бетінде өзен дамбысын бұзатын қуыстың (воронка) пайда болуы.
  • Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі.

Жақын қалған және міндетті түрде болатын сел басу қаупінің белгілері:

  • Теңіз-мұздақты кешендерде су жиналуын дәлелдейтін, сел қаупі бар арналарда судың тоқтап қалуы немесе бірден азаюы;
  • Сел қаупі бар арналардың жоғарғы жағында селге тән дауыс- гуілдің пайда болуы;
  • Селмен бірге төмен құлдилаған тастардың әсерінен жердің дірілдеуі;
  • Селдің алғашқы толқынынан пайда болған лас шаңнан тұратын бұлт пайда болуы;
  • Сел алдында жауатын таза емес, лай жауын.

Сел қаупі бар ауданда өзіңді қалай ұстау керек:

  • бұқаралық ақпарат құралдарының таудағы жағдай туралы хабарламаларын үнемі тыңдап отыру;
  • сел қаупі бар аймақтың жоғарғы бассейнінде үздіксіз нөсер жаңбыр жауса, қауіпті аймақтан кету;
  • жылжып келе жатқан сел ағынына 50-70 м-ден жақын бармау;
  • жартастар мен тік жарлардың жанына жақын тұрмау, сел жүру кезіндегі жердің дірілінен тас немесе жартас құлауы мүмкін;
  • сел қаупі бар арналарда жүргенде адамдардың арасы 20-30 м. аралықтың болуы;
  • сел қаупі бар арналарға жақын жерлерге, өзен дамбыларына немесе олардың астына дем алуға, шатырлық лагерлер орнатуға болмайды;
  • сел басу белгілерін байқаған жағдайда тез арада қауіпті жерден аулаққа, биік тау қатпарларына кету;
  • сел жүріп кеткен соң оның арнасына түспеу, артынан тағы бір сел толқыны болуы мүмкін;
  • сел жүріп өткен арнаға түскенде және онымен жүріп келе жатқанда аса сақ болу, әсіресе сел жырып кеткен жерлер өте қауіпті;
  • теңіз-мұздақты кешендерге сел қаупі жоқ кезде ғана, дұрысы жылдың ең суық кезінде барып, оның үстінде жүрген дұрыс;
  • көлдегі дамбылармен, мұз кесектерімен немесе қар көшкінінің бетімен, келесі бетке өтуге талпынбау.
0 дауыс

Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр.Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері, сондай-ақ халқының жалпы саны 5 миллионға жуық Алматы, Шымкент, Тараз сияқты ірі қалалар мен бірқатар басқа да елді мекендер орналасқан.

Сел қаупінің белгілері:

- сел қаупі күшті аудандарда қатты нөсердің ұзақ жаууы;
- биіктегі сел қаупі бар өзендерде ауа температурасының күрт көтерілуі, бұл морендік өзендердің суға толып, арнасын бұзып шығуын тудырады;
- өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі немесе оның жоғарғы жағында өзен бөгеті бұзылуын көрсететін шұңқырдың пайда болуы;
-өзен бөгетінің бұзылуына алып келетін жер сілкінісі.

Сел тасқынының тікелей және жақын қаупінің белгілері:
- морендік-мұздақ кешендегі судың толғандығын айғақтайтын сел қаупі бар арнадағы ағынның тоқтауы немесе күрт бәсеңдеуі;
- биіктегі сел қаупі бар арнадан күшті гуілдің естілуі;
- сел айдаған тастың соққысынан топырақтың дірілдеуі;
- сел толқындарының соққысынан шаңдақ бұлттың пайда болуы;
- судың қатты лайлануын сипаттайтын сел алдындағы тасқынның пайда болуы;

Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:

1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.
2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.
3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.
4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.
5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.
6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.
7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп, тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.
8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.
9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде, әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз. 
10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады. 
11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.

0 дауыс
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖК ресми сайтында сел кезіндегі тұрғындардың қауіпсіздік ережелері жарияланды.

Сел - бұл таулы аудандарда  тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен үлкен қарқынмен құлай ағауымен сипатталатын құбылыс екені айтылды. Селдің пайда болу себептері де түсіндірілді - ол мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болады. Сел кенеттен пайда болып, жоғары жылдамдықпен (секундына 10 метр және одан да артық) жүреді және он минуттан бірнеше сағатқа дейінгі аралықта бірнеше рет орын алады. Селдің алдыңғы толқынының биіктігі 15 метрге дейін жетуі және одан да асуы мүмкін. Селдің күрілі алыстан естіледі.

Селге қалай дайындалу керек?

"Әдетте сел жүретін жерлер белгілі. Тауға шығар алдында өз жол бағытыңызды зерттеңіз, әрі сел қаупі бар жерлерге, әсіресе қатты нөсерден кейін, бармаңыз. Селге тап болсаңыз, аман қалу мүмкіндігіңіз аз екенін есте сақтаңыз. Селден оған жоламай ғана құтылуға болады. Қауіпсіз жерге кету кезінде үйден шықпас бұрын электр, газ және су желілерін сөндіріңіз. Есіктерді, терезелер мен вентиляциялық саңылауларды мықтап жабыңыз", - делінген ҚР ІІМ ТЖК сайтында.

Сел кезінде не істеу керек?

Сел дауысын естігенде сайдың етегінен өрге қарай кем дегенде 50-100 м биіктікке көтерілген жөн. Селдің қарқынымен адам өміріне қауіп төндіретін үлкен тастар алыс жерлерге ұшуы мүмкін екендігін ескерген абзал.

Селден кейінгі іс әрекет

Селден жапа шеккендерге көмектесіп, сел жолындағы үйінділерді жинауға жәрдемдесіңіз. Егер сіз зардап шексеңіз - өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысыңыз. Жарақаттанған жерлерді сәл биіктеу ұстап. Оған мұз (суланған мата) басып, таңып байлаңыз. Кейін дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Қазақстандағы сел кезіндегі қауіпсіздік ережелері
0 дауыс
Қауіпсіз жерде тұру керек
0 дауыс

су тасқыны болған кезде құжаттарды алып су өтпейтін салафанға салып,көгермейтін,шірімейтін азықтарды алып жоғарыға шығу қажет деп ойлаймын

0 дауыс
Көт қысып үйде сікіспи  үйде отыру крк
...