Меніңше, жаңғақ ағашының астына отырғызғаннан еш пайда жоқ, тек көлеңкесін саяламаса ! жалпы жаңғақтың дәнінде йод көп екені рас, онда да таза йод емес,( Йод өте белсенді, ұшқыш галоген, табиғатта тек қосылыс түрінде ғана кездеседі) калиймен қосылысы хим формуласы -KJ. Сондықтан йодтың бұл жағдайда ауа арқылы,тіпті тері арқылы адам организміне енуі мүмкін емес.Жаңғақтың жеуге жарамды дәнінде емес , сол дәнін екіге бөліп тұратын,жұқа пердешелерінде көп болады екен. Сондықтан жаңғақ шаққан кезде,пердешелерін жинап алып,кеійн демдеп күнделікті ішіп жүрсе, организмдегі йод жетіспеушулігін тоқтатуға болады.Көптеген халық емшілері осы әдісті қолданады.Кейбіреулері осы жаңғақ пердешесінен настойка (арақтағы немесе этил спиртіндегі тұнбасы) жасап емге пайдаланады. Жалпы жаңғақтың қабығы да( скорлупа) өте пайдалы. Оның кайнатпасымен ауыз уылғанда шаюға, әйелдердің қан кету ауруларына демдеп ішуге де болады.Жалпы қасиеті қанды қойылтады жөне қанның ұйығыштығын арттырады, сондықтан кәрі кісілер байқап пайдаланғаны дұрыс.Егер болашағыңды фармацевтикаға арнасаң, көптеген емдік қасиеті бар,аз зерттелген өсімдіктерді ғылыми жұмысыңа негіз етуіңе болады.