+2 дауыс
409 көрілді
Конституциялық құқығынды талап ете отырып, соттың қорғауын қалай пайдалануға болады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер Сіздің жеке құқығыңыз бен бостандығыңызға прокурордың, тергеу және жауап алу органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі кері әсерін тигізіп жатса, Сіз сотқа шағымдануға құқылысыз.

Қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартқанда, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту кезінде заң нормалары бұзылғанда, қылмыстық іс қозғағанда, тоқтатып қойғанда және мүлде тоқтатып тастағанда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымдарға күштеп жатқызу кезінде заң бұзылған жағдайда, тінту немесе қарау кезінде, мүлікті пайдалануға шектеу қою кезінде, кепіл қолдану кезінде, өзге де әрекеттерге немесе әрекетсіздікке бару кезінде, сондай-ақ шешім қабылдау кезінде заң бұзылған жағдайларда, егер осы әрекеттердің және шешімдердің заңдылығын тексеруді сотпен шешу кезеңіне дейін қалдыру адамның және азаматтың құқығына және бостандығына зиянын тигізіп жатса шағым рәсімделеді. Сотқа шағым тиісті шешіммен танысқан соң немесе прокурор шағымды қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда беріледі.

Шағым қылмыстық істі жүргізіп отырған орган орналасқан мекен-жай бойынша аудандық сотқа сіз келіспейтін шешіммен танысқаннан кейін, он бес тәуліктің ішінде немесе прокурордың атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартқаны туралы хабарлама алған күннен бастап немесе прокурорға шағым түсіргеннен кейін он бес тәулік ішінде оған жауап қайтармаса беріледі

Сотқа шағым-талап жазбаша түрде беріледі. Өтініште мыналар көрсетілуі керек:

Сіз өтініш беріп жатқан соттың атауы;

Сіздің толық аты-жөніңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз. Егер ұйым талапкер болса, онда тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы куәлік немесе оның орналасқан жері, СТН және банктік реквизиттері. Егер өтінішті өкілдік беріп отырса, онда оның атауы мен мекен-жайы;

Жауапкердің (ықтимал заң бұзушының) аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, жұмыс орны және СТН (егер сот бұйрығын шығару туралы өтініште көрсетілсе). Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның атауы, іс жүзіндегі тұрған орны немесе егер сізге белгілі болса, бірыңғай мемлекеттік тіркеу мәліметі, СТН және банктік реквизиттері;

Сіздің құқығыңыздың, бостандықтарыңыздың немесе заңды мүдделеріңіздің бұзылуы немесе бұзылу қаупінің мәні және сіздің талап арызыңыз;

Талабыңыз бен дәлелдемелеріңізді растауда негізге алып отырған жағдайлар;

Егер талап бағалануға жататын болса, талап ету құны.

7) өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

Өтініште даудың шешілуіне әсерін тигізетін өзге де мәліметтер көрсетіліп, баяндалуына жол беріледі.

Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді көздейтін прокурор ұсынған өтініште мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге негіз болатын дәлелдер келтіруі, қандай құқық бұзылғаны көрсетілуі, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік-құқықтық актіге сілтеме жасалуы керек. Прокурор жеке азаматтың мүддесі үшін өтініш жасаған жағдайда талап-шағымда азаматтың өзі талап-шағым бере алмауының себебі негізделуі тиіс; өтінішке әрекет етуге қабілеті жоқ тұлғаның мүддесін қорғау үшін өтініш берілген жағдайлардан басқа, сотқа талап-шағым беруге азаматтың келісімін растайтын құжат қоса берілуі тиіс.

      Өтінішке талап етуші немесе талап-шағымға қол қоюға және шағымдануға құқығы бар оның өкілі қол қояды.

Талап-шағымға мынадар қоса беріледі:

1) жауапкер және үшінші тұлғалардың саны бойынша талап арыздың көшірмелері;

2) мемлекеттік салым төлегеніңізді растайтын құжат (мемлекеттік салым талап-шағымның сипатына байланысты есептеледі);

3) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат немесе басқа құжат;

4) Талабыңызды растау жағдайында негізге алатын құжаттар, егер жауапкер және үшінші тұлғаларда болмаса, осы құжаттардың көшірмелері;

5) егер жоққа шығарған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;

6) егер талап арызда көрсетілмеген болса, сот ісін кейінге шегеру, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін төмендету, талапты қамтамасыз ету, дәлелдер және басқаларды талап ету туралы өтініш хаты.
...