+2 дауыс
1.8k көрілді
Адам қайтыс болғаннан кейін, өз дене мүшесін, қажет етіп отырған науқасқа берсе шариғат бойынша күнә емес пе? Мен бір бағдарламадан көрген едім, бір бала дүниеден өткен соң денесіндегі бір мүшесін дәрігерлер ап қойып басқа адамды өлімнен құтқарған, көріпкелдер қайтыс болған баланың не бұл дүниеде ме ана дүниеде емес екі ортада жүргенін айтыпты. Біреуге өмір силасаң сауап емес пе? Сіздерше өз дене мүшеңізді беруге қалай қарайсыздар?

4 жауап

+1 дауыс
Алла сақтасын, тым жаспын біреуге дене мүшемді беру туралы ойлайтындай..

Меніңше шариғатқа қарсы емес, бұл қайта сауап болады деп ТВдан да бір үлкен молда кісі де айтқан. Дамыған Батыс елдерінде бұл ертеден қалыптасқан, ал бізде енді енді дамып келеді. (Жақсылық Досқалиев ағамыздың тікелей басшылығымен). Бұл сұрақ алдында да қойылған негізі, біршама жауаптар да болған.

Мысалы мынадай жағдай болуы мүмкін, (бетін аулақ қылсын) біреу аварияға түсіп, басынан қатты соққы алса, оның миы жұмыстемей қалады уже, ал адамның миы жұмыстемесе өздігінен деа ала алмайды, қан айналмайды, ас қорытылмайды (бұлардың барлығынаң орталықтары сопақша мида орналасқан) енді адам болуы мүмкін емес, себебі миды ауыстырып мүмкін емес нәрсе. Ал аурыхананың басқа жағында миы жұмыстейтін бірақ жүрегі өте әлсіз, немесе қайталанған инфарк алып жатқан науқасқа жүрегін берсе сол адамның өмірін құтқарған болар еді. Бұндай жағдайлар көп ғой, ми ең нәзік мүше, 5 минут оттегі бармай қалса қайтымсыз процесс болады, ал жүректі тіпті жарты сағаттан кейін де жұмыстеткізуге болады. Тағы сол сияқты құрлыс кезінде бақытсыз жағдай болып бір қолы үзіліп кетсе де оны таза матаға орап 1 жарым сағаттың ішінде микрохирургиямен қайта жалғауға болатынын да академик Мұхтар Әлиев те өз еңбектерінде жазған.
М.м.м күнә емес болғаны жақсы екен, мен шешім қабылдадым!
Бесіктен белін шықпай жатып ненің шешімін қабылдап жүрсін? Кейбір адамдар мұқтаждықтан бір бүйрегін сатып жатады, ол мүлдем дұрыс емес негізінен. Жаратушы иемі  ешқандай органды артық етіп жаратпаған, барлығы да адамға қажет. Қайбір жылдары соқыр ішшектің құрт тәрізді өзіндісін Жапондықтар артық мүше деп жаңа туылған балаға бірден операция жасап алып тастап отырған, кейін сол балалар өсе келі өте әлсіз, әлжуаз, иммунитеті төмен екені анықталған. Яғни, соқыр ішек те артық орган емес, сол сияқты бір бүйрекпен жүрген адамдар өмірінің соңына дейін ерекше күтім қажет етіледі, және екі бүйректің жұмысын бір бүйрек атқарған сон ол адамның өмірі де ұзақ болуына кепілдік берілмейді..
Жоға, мүшемді қазір біреуге беретін ойым жоқ әзірге
Бәрін әркім өзі шешеді. Бізде әліде болса,осы жөнінде заң тұрғысынан көптеген олқылықтар бар.Өз басым,осы трансплантация саласында заңның осалдығынан коррупция,қылмыс дамиды ма деп қатты сезіктенемін. Өткенде бір жаңалықтардан Ташкенттің жанындағы Шыршықта екі оқушы баланың  бүйректерін кесіп алып мүрдесін мектеп жаныныа тастап кеткенін оқыдым.Әрине, бұл біздің ел емес, бірақ шекаралас көрші мемлекет.Ал шариятты заң етіп ұстайтын, мұсұлман елдерінде трансплантология қандай дәрежеде екенін білмейді екенмін.
+2 дауыс
Жалпы адам өмірге қалай келді солай кету керек дейді емеспе?Адамның дене мүшесі сау болып ана дүниеге жол  тарту керек деп жатады!
Қазір ондай сен айтып отырған мүмкіндік жоқ. Қайтыс болған адамға міндетті түрде патологоанатомиялық тексеру өткізеді, яғни ішкі құрылысты сойып тексеріп өлімнің неден болғаныны анықтап тұжырым жасайды. Бұны жасамай ағайын туыстарына мүрдені бермейді. Біздегі заң осындай.
Тексеріс кезінде кейбіреулер кейбір мүшелерді ап қоят шығар:-/
Біздегі заң осындай болса ғой шынымен Жақсы апай. Бірақ олай болмай жүргенің көріп жүрмін, жас болған сон адамда небір нәрселерге қызығушылықтар болады екен, мен де қызығушылығым болып моргке жиі баратынмын, адамды кесіп ақтарып жатқанды қызық көрдім. Бірақ көөөп жағдайда адамда кесуге скрытия жасауға туыстары келісім бермей (немесе ақша беріп) кестірмей әкетіп жатады. Заңда да ТЕК ана мен бала өлімінде, қылмыстық іс қозғалған (себебі белгісіз) өлімдерде ғана міндетті түрде патологоанатом скрытия жасайды екен. Скрытия жасау сирек болып жүр қазір, сонық КЕСІРІНЕН науқастың неден өлгені нақты білмей, келесіде тағы сол қателіктерден науқастар қайтыс болуды. Шынымен сондай заң керек барлығына скрытия жасау керек деген, сонда дәрігерлердің қателіктері анықталып, келесінде қайталанбайтын болады.
+1 дауыс
Мысалы, мен өз басым қарсы емеспін, алсын, ала берсін (бірақ тек пайдаға асатын мүшем қалса, оған енді күмәнім бар, мына жүріс пен деп қояйын ба) Кішкене болса да осы өмірге не үшін келгенімді ақтар едім деп айта алармын, мүмкін
Сонда бар жасаған күнәңізді біреуге өмір силап кетіргіңіз келе ме, қызық екен. Менде солай ойлап қоям ақыры кетем біреуге пайдамды тигізім кетсем бе екен деп.
+1 дауыс
жоқ мен бұл пікірге  қарсымын қайтыс болған адамның ішкі құрлысын жаңағы қайтыс болған адамның тірі кезінде сұрап қол қойдырту қажет  Ал ол науқас келісімін бермесе оның ішкі мүшесін алудың қажеті жоқ .  Егер бұны тыңдамай ішкі құрлысын алатын болса ол адам күнәға батып жүрген шығар деп ойлаймын   Сондықтан адам дүниеге қалай келсе солай кетуі керек деп ойлаймын!!
Сізбен толықтай келісемін! Алдымен рұқсатын алу керек.
...