0 дауыс
12.8k көрілді
Эйнштейн постулаттары туралы керек

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Эйнштейн постулаттары

Арнайы салыстырмалы теорияның негізін тұжырымдаған Эйнштейн  мынадай екі постулат ұсынды:
І постулат: берілген жүйенің тыныш тұрғандығын немесе тұрақты жылдамдықпен қозғалып бара жатқандығын сол жүйенің ішінде жасалған тәжірибе арқылы біліп болмайды. Басқаша айтқанда, қандай тәсілдер қолданғанымен абсолют қозғалысты анықтау мүмкін емес.
ІІ постулат: жарықтың вакуумдағы жылдамдығы барлық инерциялдық санақ жүйесінде бірдей және тұрақты шама болады. Басқаша айтқанда, жарық жылдамдығы жарық көзі мен бақылаушы қоғалысына тәуелді емес.
Эйнштейннің бірінші постулаты әдетте салыстырмалық принципі, ал екінші постулаты – жарық жылдамдығының тұрақтылық принципі деп аталады. Эйнштейннің осы теоремасы ХХ ғасырда өрбіген ең маңызды физикалық теориялардың бірі болып табылады.
...