+2 дауыс
1.0k көрілді
Өзімнің мақсаттарыма жету үшін қандай стимулдар ойлап тапсам болады екен,ә?

Шынын айту керек, қазір ананы бір ойлап, мынаны бір ойлаймын. Ойларым анда мында шауып жүрген соң, істерім де былжырап кеткендей. Өз-өзіме қатаң талаптар қоя алмай жүрмін! Мақсаттарымның күл талқаны шыққанын қаламаймын!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қалай да жетемін деген мақсат бар сенде ең бастысы сол. Енді сол мақсатыңды алға жетелейтіндей жігер,шыдамдылық,қажыр,өз-өзіңе деген сенімділік керек. Міне стимул деген осы.Өмірде бәрі бірден ешнәрсе болмайды. Өзің байқап қарашы оқыдың,оны бітіріп  диплом алдың, жұмысқа тұрдың (дәп ойыңдағыдай болмаса да,Аллаға шүкір де) демек алға жылжу бар ғой, бар.Осылай,осылай бәрі орнына келеді, тек қана өзіңе сенімді бол. Құдайға шүкір сенде ақыл, ертеңгі күнге жоспар бар. Өзің қатарлы көп жастар ертеңін ойламай,бір күнгі қызығына мас болып жүрген жоқ па, міне Құдай осыдан сақтасын. Анда-санда М.Шахановтың "Жігерлендіру"-деген өлеңін оқып қой,ақылымды тыңдасаң.

+4 дауыс

ЖІГЕРЛЕНДІРУ.

 

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдырың неге сыр айтты сараң,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық - деп кім айтты саған?!
Кім айтты саған?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше.

М.Шаханов.

Осы саған СТИМУЛ.

ТАМАША!!! Мұхтар ағамыздың ғұмыры ұзақ болғай!
+1 дауыс
Бастысы сүмелек, ынжық болма! Силаволя болу керек мақсатқа жету үшін
+1 дауыс
Өзіңе сенімді болсаң бәріде болады
...