+2 дауыс
2.5k көрілді
Менiң велосипедетiм бар. Бiрақ көшеге шығып айдауға ұяламын. Тек аулада ғана әрі берi жүргенiм болмаса. Сол велосипед тебудiң қандай пайдалы жақтары бар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Велосипед тебу бұлшық етті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады. Қала көшелерінде велосипедпен жүру тез әрі ыңғайлы, жол тығындары кезінде велосипедтің көліктер алдындағы артықшылығы қатты байқалады.

Велосипед тебу – артық салмақ тастауға жақсы көмекші бола алады. Ол аяқ бұлшық еттерін жаттықтырып, сізді шымыр қылады.          

Велосипед тебу жүрек-тамыр жүйесін жақсартады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулығыңыз жақсы болады.

Велосипед серуендері кезінде аяқ, сан бұлшық еттері жұмыс жасайды. Сонымен қатар іш, жамбас, балтыр, тобық та жаттығады. Бұндай спорт түрі қимыл-қозғалысында қиындықтары бар, варикозға шалдыққандарға жақсы ем бола алады.  

Сондықтан еш ұялмай велосипед тебіңіз!

+3 дауыс
жалпы велосипед тепкен денсаулыққа пайдалы.бірақ қыз балаға зиянды сияқты.көптеген қыздар велосипед тебемін деп орыны толмас өкінішке ұрынып жатады
...