+2 дауыс
66.9k көрілді

Дүниеге жаңа келген балаға мемлекет сізге қандай көмек береді? Жаңа туған нәрестеге қандай көмек болады.

ана мен бала

Қазіргі таңда декреттік демалыста отырмын сол аралықта 6 ай болды  маған еңбек демалысына төленеді ме? 6 айға

17 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Егер сіздің отбасыңызда нәресте өмір есігін ашса, сіз мемлекеттік кепілді төлем аласыз. Жәрдемақы мен төлемдердің бірнеше түрі болады.

Біріншіден, Сізге сәби үшін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Ол үшін баланың туу туралы куәлігі мен өзіңіздің жеке куәлігіңізді алып Зейнетақы тағайындау мемлекеттік орталығына барасыз (ЗТМО). Оны туылған баланың анасы сондай-ақ әкесі, болмаса баланың қамқоршысы алуына болады. Бұған Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың құқығы бар (Қазақстан азаматтары, оралмандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқтар).

Назар аударыңыздар! Жәрдемақының көлемі: бірінші, екінші, үшінші балаға – 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК); төртінші балаға және одан жоғары – 50 АЕК.

Екіншіден, 1 жасқа дейін бала күтіміне байланысты жәрдемақы аласыз. Бұл жәрдемақының мөлшері бірінші балаға – 5,5 АЕК; екінші балаға-6,5 АЕК; үшінші балаға – 7,5 АЕК; төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,5 АЕК. Екі және одан көп бала туылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы әр балаға жеке белгіленеді және төленеді. Одан басқа, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге ең төменгі еңбекақы көлемінде (14 952 тг.) жәрдемақы тағайындалады.

Егер Сіз босанғанға дейін жұмыс істеген болсаңыз, онда сізге мынандай жәрдемақы тиесілі:

а) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем;

б) баланың тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы;

в) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлем

Жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем босанғанға дейінгі бір жылдық орташа еңбекақының негізінде есептеледі. Жүктілігі бойынша жәрдемақы бір рет беріледі, бұл ретте одан 10 % міндетті зейнетақы аударымдары сіздің зейнетақы шотыңызға аударылатын болады.

Жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді ай сайын бала бір жасқа толғанға дейін аласыз, ол сіздің соңғы екі жылдық орташа еңбекақыңыздың 40 %-ын құрайды. Бала күтімі бойынша жәрдемақыдан да — 10 % міндетті зейнетақы жарнасы ұсталып, жинақтаушы зейнетақы қорындағы сіздің жеке зейнетақы шотыңызға аударылады.

Әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу үшін мынадай құжаттар жинау қажет болады:

Жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлемді алу үшін: еңбекке жарамсыздық парағы; жеке куәлік; СТН; ӘЖК; үй кітапшасы;  ХҚО-да тіркелген мекен-жайыңыз туралы анықтама (егер тұрақты тіркелмеген болсаңыз, уақытша тіркелгеніңіз туралы анықтама); жеке немесе карточкалық банк есеп шотын; жұмыс орнынан әлеуметтік қатер төнгенге дейінгі соңғы он екі күнтізбелік айдағы кіріс туралы белгіленген үлгідегі анықтама тапсырасыз.

Бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу үшін: жеке куәлік; СТН; ӘЖК; үй кітапшасы немесе мекенжайыңыз туралы анықтама; балалардың туу туралы куәлігі; жанұя мүшелері туралы анықтама (ЗТМО толтырылады); банктің жеке немесе карточкалық есеп шот нөмірі.

Барлық құжаттарды – түпнұсқада және көшірмеде қалалық ЗТМО-ға әкелу қажет.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін мынадай құжаттар жинау қажет болады:

Егер сіз босанғанға дейін жұмыс істемеген болсаңыз, сізге төмендегідей мемлекеттік жәрдемақылар көзделген:

а) баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы;

в) бала күтіміне байланысты бала 1 жасқа толғанға дейін берілетін жәрдемақы (ай сайын төленеді).

Жәрдемақыны ресімдеу үшін мынандай құжаттар жинау қажет болады:

1) жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме);

2) СТН (түпнұсқа және көшірме);

3) ӘЖК (түпнұсқа және көшірме);

4) үй кітапшасы немесе тұрғылықты жерден анықтама (түпнұсқа және көшірме);

5) жеке немесе карточкалық есеп шоттың нөмірі (түпнұсқа және көшірме).

Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ресімдеу үшін мына құжаттар қосылады:

отбасы мүшелері туралы анықтама (ЗТМО толтырылады);

баланың туу туралы куәлігі.

Барлық құжаттарды түпнұсқа және көшірмеде қалалық немесе аудандық ЗТМО-ға әкелу қажет.

Сондай-ақ, ақша аудару үшін банктен есеп шот ашу керек. Есте сақтаңыз, жаңа туған нәрестеге бір рет төленетін және бір жасқа дейін төленетін жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беру уақыты бала туылғаннан бастап 12 айдан аспау керек.

Ескерту. 2011 жылғы 1 қаңтарға арналған айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 1 512 теңгені құрайды.

ана мен бала

ана мен бала

ана мен бала

+1 дауыс
СТН жəне ƏЖК  бұл қандай құжат түсіндіресіздеме өтініш?
РНН и СИК
+1 дауыс
Бир жастан асқан балаларға жәрдемақы толене ма?
0 дауыс
Жұмыссыз үйде отырған аналарға төленедіме? Толығырақ жауап алғым келеді, негізінде жұмыссыз болсада мемлекет әр анаға ақша төлеу міндетті
Мен жакында осындай бир малимет естидим ,уйде бала тарбиесимен отырган аналарга мемдекеттен жардемакы толенеди екен деген осы рас па?
0 дауыс
канша айга дейын дакумет откизуге болады,,,
0 дауыс
Егер анасы орта білім,чғни колледж студенті болса оқу орнынан анықтама алу қажет пе??Егер қажет болса,қай формадағы анықтама???
0 дауыс
Баланы жеті айлық босанғанда, берілген 12күнге больничный төленема анығын білсем.
0 дауыс
Мен жумыс истеп декретке шыктым екинши баламды босандым бирак маган тек кана еки балама гана акша толенип жатыр бирак жумыс жумыс орнымнан ешкандай акша толенбеди елдердин айтуынша толенеди дейди соны билгим келеди казир егерде толенсе соны кайтарып алуыма болама?
Егер 24айдан коп жумыс жасасаныз 1балага косымша жумыстан айлыгыныздын 40пайызы косылу керек
Мен 1 ші бала күтіммен демалыста отырып жұмысқа шықтым. 5 ай жұмыс жасап 2-ші балаға декреттік демалысқа кеттім. Бала ақшасы 14500 түсіп тұр. Дұрыспа. 1-ші Бала да 20000-21000 алдым. Соған түсінбей отырмын. Жауап беріңіздерші.
0 дауыс
Меның 3шы балага аяғым ауыр. Жұмыс ыстемеймын. Әкесы ретінде жұмыс орнынан декреттік демалыс алуына бола ма? Және өкімет аналарға берілетін төлемақы сияқты әкелеріне төлей ме?
0 дауыс
Балам 8 айлык мемлекет беретин акшага кужат тапсырмадык куйип кетпима кай уакытка дин алуга болады
0 дауыс
Кесарево арқылы босанған жағдайда қосымша ақша төленеді ма?
0 дауыс
неге сурактарга жауап жок барлык сурактарга жауап беруинизди сураймын жумысыз айелдерге канша акша толиди
0 дауыс
Менің жалақым 48000тг. Осы зарплатамен екінші балаға ай сайын неше теңгеден алып отырамын? 11 ай жұмыс истедим
0 дауыс
Менің əйелім жұмыссыз жақында босанада Алла қаласа соған өкімет тарапынан б
0 дауыс
Шала тугандар кандай комек ала лады?"д"есепке алынса инвалитстваны кайда тапсырады?кандай кужаттар керек?
...