0 дауыс
1.0k көрілді
Тұрғын үй көмегіне кімнің құқығы бар? Қандай жағдайда тегін тұрғын үй алуға болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша:

  1. жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
  2. тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
  3. байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
  4. жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) өтініш береді және тиісті құжаттарды ұсынады.

Назар аударыңыз! Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды. Сондықтан тұрғын үй көмегін алу үшін қажетті толық құжаттар тізбесі жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалады.

0 дауыс
Сəлеметсізбе 10жылданбері пəтер жалдап келеміз Үйкезегіне 2016ж тұрғанбыз 4балам бар кезекке түрғанда көпбалалығажатпайды бірақ құжаттарыңызды тапсыраберіңіз деген өз кезегімді білдім бірақ біржылда келіп түрасыздеді? Қандай көмек жеңілдіктер болады бізге? 2ден асқан қызым казіргі таңда аяғынан басыпжүре алмайдыды жолдасымның табысы пəтермен, тамақтан ауыспайды біз қандай көмек алаламыз?
...