Мади, мен сені түсіндім. Қыз балалар қанша айтсақта нәзік жанды, жұмсақ жүректі, сезімге берілгіш болып келеді. Сондықтан да кез-келген қыз қасындағы жігіті әулетті, сенімді,өзіне қорған бола алатынын қалайды және ол дұрыс деп ойлаймын. Ал енді сенің сұрамағың "Сондай сенімге жету үшін жігіт қандай дәрежеде болу керек"-дегің келген боларсың. Өте дұрыс сұрақ. Адамда күш - деген тек қана алып,дүлей,қара күш қана емес, ол оған қарағанда ауқымды,кең түсінікке ие құбылыс. Әрине ер жігіттің әулетті,шымыр,шыныққан болғаны өте тамаша. Ал енді өмірде түрлі жағдайларда (денсаулық,тұрмыстық қиыншылық тағы басқа сол сияқтылар)мүмкіншілігі болмай қалған адамдар да болады, бірақ сол адамдардың ішінде де рух күші өте жоғары,білімді,қайсар адамдар толып жатыр емес пе? Күш туралы біздің дана бабаларымыз "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады"-дегенді бос айтпаса керекті. Ал енді ер жігіт болғанан соң ақылды,қайсар,білімді болу әрине жарасымды және бұндай жігітті қызар да ұнатар деп ойлаймын. Ал сенде мұндай қасиеттер бар, тек қана аздаған өзіңе деген сенімсіздік қана бар және оның қайдан шыққанын да түсінемін. Бірақ қазір сен өзің бір үй отбасы, отағасы болатын жастасың, қолыңнан бәрі келеді. үлкендерден кеткен қателіктерді мен қайталамаймын деген қайсарлыққа салуың керек,рухыңды қайраттандыр.