0 дауыс
75.9k көрілді
Пысықтауыштың мағыналық түрлері және мысалы керек боп тұр?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.

 Еріккен қолданушы оқушыларды шатастырмаңыз.
Рахмет саған,(handshake)
Бұл деген менін кітабымда бар сонда көшіріп алған
+1 дауыс
Саған обшым мынау қажет шығар:

Пысықтауыш [1] деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретінтұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]
Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?

Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз.
Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.

Анықтауыш[1]деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтынтұрлаусыз мүшені атаймыз.[2]
Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.[3]
0 дауыс
Достар маган үйірлі пысықтауыштан мысалдар керек.
...