0 дауыс
996 көрілді
Менiң өмiрiмде бiр ақ адам болған. Оны шын көңiлiммен суйемiн. 2 жыл бойы ұмыта алмай журмiн. Бiрақ ол жайлы ешқандай хабар жок. қалай ұмытсам болады?

6 жауап

+1 дауыс
DiAnA AnGeL оны ұмыту, мүлдем есінең шығару, бәрі бәрі тек өз қолында ғо. Кішкене кеңес бере кетейін: жалғыз қалғанда онын түрін көзіне елестетпеуге, атын қағаз бетіне жазбауға тырыс, саябаққа, киноларға жиі барып тұр құрбыларымен. Сонда ұмытып кетерсін деп ойлаймын
–2 дауыс
біреуді ұмыту үшін басқа біреуді тауып ал, меніңше одан басқа жауабы жоқ выход жоқ! сәттілік Диана
Салем Димаш! Сенің жауабыңа мүлде қарсымын, себебі олай істеп сүйгеніңді ұмыта алмайсың! Сен онымен сүйгеніңді ұмыту үшін жүресің, ал қасыңдағы адам саған ес-түссіз ғашық болып қалады, сен оны жақсы көрмисің, сонда не істейсің???
уақыт өте бауыр басып, ғашық болып қалуын да мүмкін ғой, олай болмаған жағдайда ұмытуға көмектеседі дегенім еді Тикош
Ал егер ғашық бола алмай, Сүйгеніңді ұмыта алмайтыныңа көзің жетіп, одан бас тартқың келген кезде, ол сенсіз өмірдің мәні жоқ екенін айтып, саған ессіз ғашық болғанын, тіпті басқаны сүйсең де қасында қалуын өтінсе не істер едің??? Оғанда өзіңді ұмыттыру үшін басқа біреумен жүруіне кеңес берер ме едің?? Сонда бұл сүйгеніңді ұмыту ойыны қанша жанның жүрегін жараламақ аа?? Осыған жауап берші...
мен онда эгойст екенмін:))) ең алдымен өзіңі жеңіл болса болды емес пе РС:менің ойм)) біреуді ұмыту үшін жүрдім сенімен деп айтса болды ғой, өзі ақ жек көріп кетеді. ниче, бір қиналар, екі қиналар уақыт бәрін емдейді ғой, ұмытады, .........так строена наша жизнь....
Тек өзіңді ойлап өмір сүрсең көпке бармайсың! Екеуміздің ойымыз бір жерден шыкпайды екен......Өз басыңа келмей-ақ қойсын......
Димаш ойтiп озiмшiл ( эгоисть ) болган адам бiр кунi жалгыз болып, жалгыздыктан омiр суру мумкiн!!! Сондыктан ондай жаман кылыктан (мiнез)  кутылганыз жон...
+1 дауыс
Біреуді ұмыту үшін сол туралы бүкіл мәліметтерді өз көңіленен өшіру керек. Сол кезде оңайырақ болады. Ал басқа біреумен жүрсең ол кезде сен тек екеуін салыстырумен өтесің
0 дауыс
Неге ұмытуың керек,мүмкін олда сені сүйетін шығар,таба алмай жүрген болар,хабарласуға тырыс.Мүмкін бәрі жақсы болар.
0 дауыс
Диана оны сен катты жаксы корген болсан оны умыту оте киын. сен озин умыттим деп ойласан сенин журегин умытпайды сен арким жигитпен журмя кой себеби баска жигиттин де журегин жаралайсын, барине уакыт емши тек сол уакытты кутсен болганы
+1 дауыс
Тургенев былай деген екен- «Емен - ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде - бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады». Бұл сөздерді Әзілхан Нұршайықовтың Махаббат,қызық мол жылдар шығармасын оқығанымда күнделігіме жазып алған едім. Шынында да, басқа бір жанға ғашық болар сәтті күткен дұрысырақ болар,мүмкін. Оны ұмыту үшін ол жайлы барлық мәліметтерді өшіру аз. Нақтырақ айтсам,көмектеспейді. Өйткені, тәтті естеліктер үнемі еске салып тұрады. Оны жек көруге  жеткілікті қаншама себеп болса да, ЖҮРЕК ақылдың ырқына көнбейді. Менде де ұқсас жағдай, оған телефон соқпаймын,агент,мир барлығынан өшірдім, көрмегеніме де біраз болды,тіпті ол екеуміз бүгінде екі қаладамыз. Бұрынғыдай араласпағанымызға екі жылдай уақыт өтіпті. Оның мені сүймейтінін біле тұра,арамыз біраз алыстағанын сезсем де, ҰМЫТУ мәселесі шешілмей тұр. Сезімін білдірген жандарды да жүрегім басқаны іздейтіндіктен қабылдай алмадым.Кейде шынымен басқа жанды сүйе алмаймын ба деп қорқамын. Оның былай қарағанда өзгелерден асып бара жатқан ештеңесі жоқ, керемет сұлу да емес,қазақтың кәдімгі қарапайым  баласы, бірақ,оны ешқандай себепсіз жақсы көремін. Ұмытамын дегенім де бос әурешілік,керісінше әлі күнге дейін "тым болмаса, түсімде көрсем ғой" деп тілеймін. Ол менің алғашқы махаббатым,соңғысы да осы бола ма деп уайымдайтынымды еріксіз мойындаймын.
...