+2 дауыс
3.3k көрілді
Менiн, бiр апкем турмыска шыгып, коп узамай ана болды. Отбасы да куанышты ,бiзде куанып журмiз. Ендi балага бесiк апару керек, анам базарга шыгып бара жатканда ажем :- Уш нарсенi саудаласып алмайды, сонын, бiрi бесiк. Канша деп айтса сол багага алып кел дедi. Саудаласып дегенде былай гой :<<болары канша>>, <<сал тусiрiп бермейсiз бе>> ,деген диалог кетедi сатушы мен алушы арасында. Будан 2 жыл алдын. Откенде сол есiме тусiп ажемнен сол саудаласуга болмайтын 3 нарсенi айтып берiнiз десем бiлмейдi. Сондай заттар бар ма едi деп,озiмнен сурайды. Карт адам гой, кейде менiн, атымды да умытып калады. Сiздер не айтасыздар калган екеуi не болды екен?
Екiншiсi ер-тұрман (ер -тоқым деп те айтады) болса керек дейдi мамам.
мүмкін үшіншісі нан сондай сияқты тағамдар шығар
Кiм бiледi. Қазақ ушiн киелi нарсенiң бiрi шыгар деп ойлаймын. Жауап табылып қалар.

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Жақсы сұрақ екен,ойлантып тастады. Балаға бесік алуда саудаласпайтынын білемін,қалған екеуі туралы ойланып отырмын. Бұрындары бақша егетін адамдар,ұсталар бала-шаға бағу қамымен,сол кезде дайын базар болмағандықтан өнімдерін (қауын,дарбыз,әңгелек, ер-тұрман, пышақ,көсеу  сияқты өздерінің қолынан шыққан өнімдерін) қапқа салып бай-бақуатты адамдардың үйіне тарту тартады екен де, байеке мынаның екі қабы бір тоқты немесе бір пышақ бір серке дегендей баға айтады екен.Міне сол бағаға саудаласпай алып қала беретін салт болған екен. Соған қарағанда екінші саудаласпайтын нәрсе -Тарту болса керек. Орыстарда да" Сыйға берген аттың тісін санамайды"-деген мақал бар емес пе?)) Ал енді үшіншісі өнер болса керек еді... Бұрындары ақын, әнші, балуан т.с.сияқты өнер иелері еш уақытта өнерлеріне баға қойып сатпаған,ешкімде оларға кесіп баға айтып тойға шақырмаған. Бірақ бабаларымыздың бірде-бір тойы әнсіз,айтыссыз,балуан күресінсіз өтпеген және олардың еңбегін жемеген, еш саудаласусыз ақ ат мінгізіп,шапан жауып,алдына мал айдатып еш саудасыз риза қылған. Соған қарағанда үшіншісі өнер ма деймін,десекте казір бұл үрдіс тас-талқан болды ғой,қазір әншілерге саудаласқан ақшасын бермесең тойыңды тастап кететін дәрежеге жеттік.

Орыстардың куштi мақалы бар екен. Жауапқа рахмет.
+2 дауыс
Менің ойымша:

1.Бесік. Тәрбие тал бесіктен

2.Домбыра. Нағыз қазақ - қазақ емес, Нағыз қазақ- домбыра

3.Сандық. Үйдің көркі — сандық.
Құран мен нанды қосып қойыңыз :))
+2 дауыс
Біреуі бесік екенін білемін.Онда кішкентай нәресте жатады,киелі болып саналады,бесікті түсіріп алмайды.Ал екіншісі ол әмиян(кошелек),әмиян алған кезде де бағасын түсіріп алуға болмайды,түсіріп сатып алсаң,ақша келмейді деген ырым бар,яғни құтсыз болып қалады,кейбіеулер тіпті осыным құтты деп ескі әмиянын ауыстырмайтындар да бар.Ал үшіншісін есіме түсіре алмай отырмын,не де болса ол тағам емес,кейбіреулер айтып жатырғой нан,құран деп,олар емес,тіпті астық өнімі емес,не де болса бір киелі зат,мүмкін домбыра  болар(Сармысова айтқандай)
Сенiкi  де ақылға  қонымды жауаптар ,унады.
...