Қолтығым мен алақаным терлей береді қалай құтылсам болады?

0 дауыс
1.5k қаралым
Қолтығым терлей береді және алақанымда шылқып кетеді бұдан қалай құтылуға болады?
Жалпы медицина Белгісіз

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап
Тер бөліну процесі ағзаның тіршілігі үшін аса маңызды. Термен бірге денедегі зиянды заттар бөлініп шығады. Бірақ қатты тершеңдік – адамның эндокриндік және жүйке жүйесіндегі өзгерістерге байланысты болмақ. Қолтықтың тершең-дігін басу үшін 1 шай қасық емен қабығына (дубовой коры) бір стақан қайнаған су құйып, оған лимон шырынын қосу керек. Осы тұнбаны мақтаға сіңіріп, қолтықты сүр-тіп жүрсеңіз, лимон шырыны мен емен қабығының қоспасы тер безінің жұмысын бәсеңдетеді. Осыдан кейін сізден қолаңса иісі емес, лимонның хош иісі аңқып тұратын болады. Онымен қоса, жиі терлейтін қолтықты ас содасы ертітіндісімен сүртсе, тердің бөлінуін едәуір азаяды.

Ұқсас сұрақтар

127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы