+1 дауыс
16.5k көрілді
Бір қызды унатып қалғам соған қалай сөз саларымды білмейм жүрмін. Соған көмектесіп жіберіндерш. Әсіресе қыздар!!!!!!

3 жауап

+5 дауыс
дауыс

Сезімді жеткізуде не қиындық бар? Басыңды кесіп алмайды ғой. Бірақ сезіміңді жеткізбес бұрын, бірнеше рет оңаша кездесіп, бір жерлерде қыдыру керек.
Егер бірден тіл табысып, біріңді бірің түсініп, приколдарың бір жерден шықса, сенің құшақтағаныңнан үркіп қашпаса, сен де оған ұнайсың деген сөз.
Одан ерте сезім білдіру ақымақтық. Алдымен қызбен оңашада отырып, жөн сұрасып, білісіп, танып алу керек. Қыздың лебізі сол кезде ақ білінеді.
БІрақ өзіңді өзің алдаудан аулақ бол. Кейде махаббаттан шатыры кеткен жігітке, қыздың әрбір сөзі тұспалданған ғашықтықтың белгісіндей көрінеді. Сол үшін елес пен ақиқатты ажырата біл. Қолын ұстағанда, тартып алмаса, сені жақтырады. Ал жақтыру мен жақсы көрудің арасы жақын.
Кейде қолын тартып алса да, сәл жымиып, көзін төмен қаратады. Бұл, мен әлі дайын емеспін, мені тағы немен қызықтырасың? - тағы қандай жақсы қасиетің бар? -деген сөзі.
Оған осындайда кейбір жігіттер жағымпаздық жасап, одан сайын жексұрын болады. Ал сен сабырлы бол. Жағымпаздықтың қажеті жоқ. Өзіңді бір деңгейде ұста. Дөрекілік емес, асыра көтжалаушылық та емес.
Турашыл бол, ақты ақ, қараны қара де. Тіпті пікірің сүйіктіңдікімен келіспесе де.
0 дауыс
Романтикалық болғаны жөн. Қыз бірден келісетін болады. Мына видеороликтерді қарап, тәжірибе жина. Іске сәт!



немесе достаыңды ертіп ал да былай жаса



немесе осылай, бұл жерде ұялмау керек

0 дауыс
сөз салу соншалықты қиын ба,мен сенің орныңда болсам қыздың адам екенін байқап көрер едім.Соған сай сөзімді лайықтар едім,жауыр болған  сөздерді айтпас едім,күнделікті өмірде қандаймын,сол қалпымды сақтап жақсы  көретінімді білдірер едім.Сөз салу керек екен деп қалыпқа салып қойғандай болудың қажеті жоқ,себебі ол сені сол қалпыңда қабылдауы тиіс.
...